С нұсқасы 93. Бір нүктеге түсірілген 10 және 14 Н екі күштің тең әсерлі күші 2,4,10,24,30 н-ға тең болуы мүмкін бе?
94. Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің тең әсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе?
95. Бірінші және екінші күштердің , екінші және үшінші күштердің арасындағы бұрыш 600-қа тең болғандағы, әрқайсысы 200 Н үш күштің тең ісерлі күшін табыңдар.
96. Массасы 90 кг прашютшіге секірудің бастапқы кезінде ауаның кедергі күші әсер етеді, оның Х және У коордигата остеріне проекциялары 300 және 500 Н-ға тең (У осі жоғары бағытталған). Барлық күштің тең әсерлі күшін табыңдар. Рым,136.
97. Реактивті ұшаққа вертикаль бағытта 550 кН ауырлық күші және 555кН көтеру күші, ал горизонталь бағытта 162 кН ауаның кедергі күші әсер етеді. Тең әсерлі күшті (модулі және бағыты бойынша ) табыңдар.
8. Ньютонның екінші заңы. Ньютонның үшінші заңы. А нұсқасы 98. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу бере алады?
99. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алды. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер ескенде ол қандац үдеу алады?
100. Қандай күштің әсерінен массасы 200 кг дене 0,4 м/с2 үдеу алады?
101. 2 Н күштің әсерінен массасы 8 кг-ға тең дене қандай үдеу алып қозғалады?
102. Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигательдің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеу алып қозғалады?
Б нұсқасы 103. Ілмегіндегі тарту күші 15кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
104. Массасы 4 т жүк таситын бос автомобиль қозғалысын 0,3м/с2 үдеумен бастады. Егер автомобильдің тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғалатын болса, онда оған тиелген жүктің массасы қандай болғаны?
105. Жеңіл автомобиль массасы 2т, ал жүк автомобильдікі -8т. Жүк автомобилінің тарту күші Жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.
106. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.
107. Келе жатқан автомобильдің маңдай әйнегіне маса келіп соғылды. Мааға әсер ететін күшті және автомобильге әсер ететін күштерді салыстырңдар.
С нұсқасы 108. БМ-13 соғыс реактивті қондырғысының (Катюшаның) бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5м, әрбір снаоядының массасы 42,5 кг және реактивті күші 19,6 кН болған. Бағыттаушы балкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.
109. Трактор бос тіркемеге а1=0.4 м/с2 үдеу, ал жүгі барына а2=0.1 м/с2 үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күшін барлық жағдайда бірдей деп есептеңдер.
110. Тыныштық күйде тұрған арбаша белгілі бір күштің әсерінен қозғалып, 40 см жол жүрді. Арбашаға 200г жүк салынған кейін, сол күштің әсерінен және дәл сондай уақыт ішінде ол тыныштық күйден шығып, 20 см жол жүрді. Арбашаның массасы қандай?
111. 13-суретте массасы 2 кг дене жылдамдығы проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі берілген. Қозғалыстың әрбір кезеңіне сәйкес денеге әсер ететін Ғх күш проекциясын табыңдар.
112. 26-суретте таразының бір табағында су құйылған ыдыс, екіншісінде штатив тұр. Штативке массасы 54 г алюминий дене ілінген: осы жағдайда таразы тепе-теңдік қалыпта тұр. Егер жібін ұзартып , жүкті суға батырып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Қайта теңгеру үшін, таразының оң табағына қанша жүк салу крек?