Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
Тыныштық үйкелісі. Үйкеліс коэффициенті. Сырғанау үйкеліс күші. Сырғанау кедергі күші. А нұсқа 180. Егер сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, мол қуатты автомобиль қандай ең үлкен үдеумен қозғалар еді?
181. Динамометр арқылы оқушы, массасы 200 г ағаш білеушені горизонталь жазық орналасқан тақтайдың үстімен қозғады. Егер динамометр 0,6 Н –ды көрсетіп тұрса, үйкеліс коэффициенті неге тең?
182. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3 кН деп есептеп, үйкеліс коэффициентін табыңдар.
183. Биік мұнарадан секірген суға горизонталь түспей, тік қалыпта түсуге тырысатындығы неліктен?
Б нұсқасы 184. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
185. Орындыққа шығып бірдей биіктіктен және бір мезгілде бірдей бос екі сіріңке қорабын: біреуін жалпағынан, екіншісін қырынан түсіріп жіберіңдер. Ол екеуінің қайсысы жерге бұрын түседі? Осы құбылысты түсіңдіріңдер.
186. Жердің жасанда серігінен айға жіберілетін ғарышкеме аққыш формалы болмауы да мүмкін екендігі неліктен?
С нұсқасы 187. Егер рельстегі сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең болса, ал поездың дөңгелеуге кедергі коэффициенті 0,006-ға тең болса, массасы 180 т электровоз, массасы қандай составты қозғалта алады?
188. Массасы 50 г болат магнит тік орналасқан болат тақтаға жабысып қалды. Магнит төмен қарай бір қалыпты сырғанау үшін 1,5 Н күш жұмсалады. Магнит тақтаға қандай күшпен жабысып тұрады? Егер үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең болса, магнитті тақта бойымен тік жоғары қарай қозғап жылжыту үшін қандай күш жұмсау қажет?
189. Автомобиль жел бағытында 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Желдің Жерге қатысты жылдамдығы 15 м/с. Егер ауаның кедергі күші неше есе артады? Ауаның кедергі күші салыстырмалы жылдамдық квадратына тура пропорционал деп есептеңдер.