Термодинамиканың бірінші заңы. А деңгейі 102. Газға қандай жылу мөлшерін бергенде оның ішкі энергиясы 45 кДж-ға артып және сонымен бірге ол 65 кДж жұмыс жасайды?
103. Газға 20 кДж жылу мөлшерін бергенде, ол 30 кДж жұмыс жасады да, сонымен бірге оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?
104. Газ 135 кДж жылу мөлшерін алып, 100 кДж жұмыс жасады.Сонда оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді.
105. Газбен 75 кДж жұмыс жасалды.Осы кезде оның ішкі энергиясы 25 кДж-ға артты.Газ қандай мөлшердегі жылу мөлшерін алды немесе берді?
Ауаның ылғалдылығы В деңгейі 106. Егер 20 м3 көлемде 100 г су болатын болса, онда ауаның абсолюттік ылғалдылығы неге тең болады?
107. Теңіз жағасында ауаның температурасы 25ºС, осы кездегі салыстырмалы ылғалдылық
95%.Қандай температурада тұманның пайда болғанын байқауға болады?
108.Су буының қысымы 14ºС-де 1 кПа-ға тең.Бұл қаныққан бу бола ма?
109. 25ºС –дегі қанықтыратын су буының тығыздығы 23 г/м3-ке тең. Бұл қаныққан бу ма? Әлде қанықпаған бу ма?
110. Сыйымдылығы 5л жабық ыдыстың ішінде массасы 50 мг су буы бар . Бұл қандай температурада қаныққан болады.
111. Егер ауаның температурасы 18º С, ал оның шық нүктесі 10º С болса, онда оның салыстырмалы ылғалдылығы қандай болады?
112. 0º С –де эфирдің қаныққан буының қысымы 24,7 кПа-ға тең, ал 40 С –де 123 кПа-ға тең. Осы температурадағы бу тығыздығының мәндерін салыстырыңдар.
С деңгейі 113. Ауаның 1 м3 көлемінде қалыпты жағдайда 2,41 г су болады. Бұл мөлшер, осы 1 м3 көлемдегі су буының қаныққан жағдайымен салыстырғанда оның қандай бөлігін және қанша процентін ұстайды.
114. Кеште ауаның температурасы 2ºС кезіндегі салыстырмалы ылғалдық 60%.Егер ауаның температурасы түнде-3ºС-ке дейін, -4ºС-ке дейін, -5ºС-ке дейін төмендесе онда қырау түсе ме?
115. Цилиндр ыдыста ауданы 10 см2 поршень астында температурасы 20ºС су бар.Поршень су бетіне тиіп тұр. Поршень 15 см орын ауыстырғанда судың қандай массасы буға айналады.
116. Сыйымдылығы 2 л жабық ыдыста температурасы 20ºС қаныққан су буы бар.Температура 5ºС-қа дейін төмендесе ыдыста қанша су бөлініп шығады?
117. 16ºС температурада 4 м3 ауада 40 г су буы бар.Салыстырмалы ылғалдықты табыңдар.
118. Бөлменің температурасы 11ºС, салыстырмалы ылғалдық 60% болса, көлемі 100 м3 бөлмеде қанша ылғал болғаны?