ІІ нұсқа.В деңгейі 356. Ашық күні биіктігі 1,8 м шыршаның жерге түскен көлеңкесі 90 см, ал қайыңдікі Н қандай?
357.Ашық күні тік қойылған бір метрлік сызғыштың көлеңкесі 50 см, ал ағаштікі -6м. Ағаштың биіктігі неге тең?
358. Кескіннен ойыс айнаға дейінгі қашықтық 0,5м, ал айнадан кескінге дейінгі қашықтық 1,5м болса, айнаның қисықтық радиусы неге тең?
359. Фокус аралығы 205 см жинағыш линзамен нәрсенің арақашықтығы 45 см болса,сызықтық үлкейтілуі неге тең?
360. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыштың ¾ бөлігі 700С-қа тең. Сәуленің шағылу бұрышы неге тең?
361. Кескіннен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 45 см, ал линзадан берілгеннәрсеге дейінгі қашықтық 15 см болса, линзаның фокус аралығы мен оптикалық күші неге тең?
ІІІ нұсқа.С деңгейі 362. Фокус аралығы 10см ойыс айнаның алдында 14 см қашықтықта шам орналасқан. Айнадан экранның қашықтығы 6 см болса, шам жалынының биіктігі қандай болар еді?
363. Қисықтық радиусы 10 см дөңес айнаның алдында 30 см қашықтықта дене орналасқан. Дене мен оның кескінінің өлшемін салыстырыңдар.
364. Ойыс айнаның жәрдемімен экранда дененің 2,5 есе кішірейтілген кескіні алынған. Экраннан денеге дейінгі қашықтық 85 см. Айнаның қисықтық радиусы қандай?
365. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 95 см. Экранда нәрсенің айқын бейнесін алу үшін фокус аралығы 25 см жинағыш линзаны олардың қай аралық тұсына қою керек?
366. Жинағыш линзаның оптикалық күші 4 дптр, алынған кескіннің биіктігі нәрсенің биіктігінен 1,5 есе үлкен болса, нәрсе линзадан қандай қашықтықта орналасқан.
367. Фокус аралығы 6 см фотоаппаратпен биіктігі 9 м ағашты суретке түсіргенде , оның пленкаадағы биіктігі 36 мм болса, ағаш фотоаппараттан қандай қашықтықта тұрған?
9 класс Механика І тарау. Кинематика негіздері 1. Ілгерілемі қозғалыс. Материалық нүкте. Санақ басы. Жол және орын ауыстыру. А нұсқасы 1. Мыналарды есептегенде Жерді материялық нүкте деп алуға бола ма? А)Жерден күнге дейінгі арақашықтықты б) бір ай ішінде жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жолын; в)Жер экваторының ұзындығын; г) Жердің өз осін айнала тәуліктік қозғалысы кезіндегі экватор нүктесінің қозғалыс жылдамдығын; д)Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жылдамдығын;
2. Бірнеше секунд ішінде жүрген жолды есептеу үшін, ұзындығы шамамен 1 км теміржол составын материялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?
3. Біз таксиге не үшін жол ақы төлейміз: жолы үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? Ұшаққа ше?
4. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп , одан ыршып 1м биіктікке көтерілгенде , оны ұстап алды. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңдар