С нұсқасы 15. 8-суретте түзу сызықты жолмен автобус, жеңіл автоиобиль, мотоциклші бір қалыпты жүріп келеді.Автобус оңға қарай 20 м/с, жеңіл автомобиль солға қарай 15 м/с, мотоциклші солға қарай 10 м/с жылдамдықпен жүреді. Бұл экипаждардың бастапқы координаталары сәйкесінше мыналарға тең: 500,200 және 300м.Сол денелердің қозғалыс теңдеулерін жазыңдар. Мыналарды табу керек: а)5 с өткендегі автобустың координатын; б)жеңіл автомобильдің 10 с өткендегі координаты мен жүрген жолы; в)қанша уақыттан кейін мотоциклшінің координаты-600м-ге тең болатынын; г)автобустың ағаштың тұсынан өткен кезін; д)бақылау басталардан 20 с бұрын жеңіл автомобильдің қайда болатынын.
С нұсқасы 16. Берілген графиктер бойынша (9-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдықтары проекцияларын табыңдар.Дене қозғалысының х(t) теңдеулерін жазыңдар. Теңдеулер мен графиктер бойынша денелердің 5 с өткеннен кейінгі координаталарын, қозғалыс жылдамдықтарын, 11 және 111 денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
17.10-суретте екі дененің қозғалыс графиктері көрсетілген.Қозғалыстардың x=x(t) теңдеулерін жазыңдар. Графиктердің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелері нені білдіреді?
18. Түзу тас жолмен бір бағытта екі мотоциклші қозғалып келеді. Бірінші мотоциклшінің жылдамдығы 10 м/с. Екінші мотоциклші бірінші 20/с жылдамдықпен қуып жетаекші. Бастапқы уақыт мезетіндегі мотоциклдердің ара қашықтығы 200 м-ге тең. Координаталар басы ретіндегі екінші мотоциклшінің бастапқы уақыт мезетіндегі тұрған орнын, ал х осінің оң бағыты ретінде мотоциклшілірдің қозғалыс теңдеулерін жермен байланысты санақ жүйесінде жазыңдар. Бір сызбада екі мотоциклшінің қозғалыс графиктерін салыңдар.(ұсынылатын масштаб: 100м-1см; 5с-1см деп алу керек). Екеуінің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
3. Қозғалыстың салыстырмалылығы. А нұсқасы 19. Метроның қозғалыстағы эскалаторында тұрған адам жермен байланысқан санақ жүйесінде тыныштық күйде бола ала ма ?
20.Дауылдың жылдамдығы 30 м/с, ал «Жигули» автомобилінің жылдамдығы 150 км/сағ-қа дейін жетеді. Ауаға қарағанда тыныштық күйде қалатындай жағдайда автомобиль қозо ала ма?
21. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесінде, желдің жылдамдығы қандай, егер: а)жел қарсы соғып тұрса; б) жел қуалай соғып тұрса;
22. Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездің өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?