І тарау Интернет туралы негізгі тїсінік жјне оныѕ аспектілері


Желі жұмысының деңгейлері



бет3/15
Дата08.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#113452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1.2 Желі жұмысының деңгейлері
Биттерді қайта жіберу ISO OSI сұлбасының физикалық деңгейінде жүреді. Бұл жерде барлық атқарылатын жұмыс түрлерін қысқаша сипаттау мүмкін емес. Физикалық деңгейді түсіндіру үшін арнаулы білім түсінік, термин қажет. Сонымен қатар әртүрлі қабылдауқабылдағыштары мен берілу ортасы болады., оны сипаттау үшін шексіз технологиялық сөздіктер мен терминдер қажет. Желі жұмысын түсіну үшін бұндай қиындық талап етілмейді. Бұл жұмыстың барлығын биттерді бір басынан сызық бойымен кез-келген жерге лақтырып отыратын бір ғана түтік яғни компьютердің бір бөлшегі қажет. Тек қана биттер топтарға (байттарға, декадаларға). жіктелмейді.
Блоктық және символдық берілулерді ұйымдастыру жөнінде қарастырайық. Интернет арналық функциясы транспорттықтан жоғары емес басқа деңгейлермен бөлінген. Бұл мағынада интернет ISO стандартына сәйкес келмейді. Мұнда арналық деңгей биттік ағындарды символдар мен кадрларға бөлумен және алынған деректерді келесі деңгейге берумен айналысады. Берілудің сенімділігін қамтамсыз ету жөнінде жауапкершілік алмайды.
Internet-тті желі ретінде қарастыратын уақыт жетті, ол байланыс сызықтары құрайтын торлардан және көптеген қабылдағыш беттегіштерден тұрады. Internet телефон желісіне ұқсас сияқты және телефон желісінің моделі оның құрылымы мен жұмысын интернеттікімен бірдей бейнелейді. Екеуі де электронды байланыс орната алады және ақпарат береді. Internet –те бірінші кезекте арнайы телефондық нақты желілерден тұрады. Бірақ процесстер керісінше жүреді. [1]
Internet жұмысына қатысты көп қателесулер байқалады. Телефондық желі бұл коммутациялық жолдардан тұратын желі, яғни сіз шақырту жасасаңыз сеанс бойы байланыс үзілмей абонентпен физикалық тұрғыда байланыста тұрасыз.Мұның барысында желінің бір бөлігі сіз сөйлеспей тек жәй тыныс алып тұрсаңызда сізге арналады да, ол бөлікке басқа адам қол жеткізе алмайды, тап осы кезде басқа абоненттер тығыз жұмыспен сол арнаның босауын күтіп тұрады. Бұл өте қымбат ресурс болып табылатын- желінің арнасын тиімсіз пайдалану болып табылады. Ал Internet коммутация арнасынан түбегейлі ажыратылатын пакеттер коммутациясынан тұрады.
Internet- ке кәдімгі мемлекеттік пошталық қызметке көп ұқсайды. Пошта пакеттік байланыстар желісі болып табылады. Бұл желіде ешқандай ерекшеленіп оқшауланған желі жоқ. Сіздің жібергеніңіз басқа пайдаланушылармен араласып, контейнерге түседі басқа пошталық байланыс бөліміне жөнелтіледі,ол жерде қайта іріктеледі. Жұмыс технологиясы әртүрлі болсада пошта коммутациялық пакеттер желісінің тамаша мысалы бола алады. Пошта модель - Internet жұмысының маңызы мен құрылымын бейнелейді. Бұны біз кішкене кейінірек пайдаланамыз.
(IP) Internet- хаттамалары.
Сым бойынша биттерді тек бір басынан екінші басына жеткізе аламыз. Internet деректерді әлемнің әртүрлі түкпіріндегі нүктелерге мұқият береді. Бұл жұмысты атқару ISO OSI эталондық модельдеріндегі желілік «желіаралық) деңгейге жүктелген.
Әртүрлі бөліктердегі -Internet компьютердің аралық «тораптар» деп аталатын Желілер жүйесі арқылы бір жүйеге бірігеді. Бұл – Еthernet, Token Ring телефондық арнадағы, пакеттік радиожелілерден тұратын желі болуы мүмкін. Ерекшеленген жолдар және төңіректік желі- пошташыдан бастап пошталық бөлімшелердің, пошталық ұшақтардың, теміржолдың роліне ұқсас рөл атқарады. Пошталық бөлімшелерге ұқсас-тораптар деректерді («пакеттер») желі бойымен дәл пошталық бөлімшедегідей пошталық қапсырмамен әріқарай жылжытып отырады. Егер сіз Долгопрудныйдан (Москва облысы) Башкирияның Уфа қаласына хат жіберсеңіз онда әрине пошта ең жақын әуежайдан (Шереметово) Долгопрудныйға дейін ұшатын ұшақ жалдамайтыны белгілі, жәй әншейін жергілікті пошта бөлімшесі жолдауды қажетті бағыттағы подстанцияға береді, ол өз кезегінде тағайындау пункті бағытындағы кезекті подстанцияға жібереді, осылайша хат бірте-бірте белгілі бір жүйемен хабарламаны алушының қолына жеткізгенше немесе керекті объект орнына жеткенше бірнеше пошта байланыс бөлімдерінен өтіп, тағайындалу пунктіне жақындайды. Мұндай жұмыс жүйесі үшін әрбір жіберілетін подстанция мекенжайы, арақашықтығы сонымен қатар белгілі жолдауды ең жақын подстанцияның қайсысы арқылы жіберу тиімділігін біліп отыруды талап етіледі.
Ал Internet- те осылайша сіздің деректер пакетіңіздің тораптары анықталып әріқарай оны қайда және қалай жіберу қарастырылған.
Әрбір қосалқы подстанцияда хат –хабар әріқарай жіберілетін келесі подстанция анықталып қояды яғни әріқарайғы жолы (маршруттау) белгіленеді, бұл процесс маршруттау деп аталады.Маршруттауды жүзеге асыру үшін әрбір келесі бандерольды жеткізетін пошталық подстанцияға сәйкес тағайындау пункті (индексі) көрсетілетін кесте болады. Олардың жүйелік аналогтары маршруттау кестесі деп аталады. Бұл кестелер тиісті пошталық бөлімшелерге бір орталықтан жіберіледі. Кейбір кездерде өзгерістер мен қосымшалар жіберіліп тұрады. Internet-те басқа іс-әрекеттер сияқты құрастыру және түрлендіру, маршруттау кестесі (бұл жұмыстың түріде маршруттаудың бір бөлігі болып табылады және солай аталады да) маршруттауға кіретін белгілі бір ережелермен- хаттамалармен анықталады.
Ал желі сіздің пакетіңіздің қайда тағайындалғандығын қайдан біледі? Егер сіз хат жібергіңіз келсе және ол хат тағайындалған мекенжайға жетсін десеңіз сіз бір жапырақ қағазды пошта жәшігіне лақтыра салмайсыз. Сізге оны бөлек стандартты қапсырмаға салып Ванька Жуков сияқты «ауылдағы әжеме» деп жазып, алушының мекенжайын үлгі бойынша стандартты түрде көрсетесіз.Мұндай жағдайда пошта сіздің хатыңызды дұрыс өңдеп тағайындалған пунктке жеткізеді. Осыған ұқсас Internet-те де пакет-хаттамалармен жұмыс істеу бойынша ережелер жиынтығы бар. Internet - хаттамасы мекенжай яғни адресаттау бойынша өзіне жауапкершілік алады және тораптардың сіздің деректеріңіз бойынша бұдан әрі қарай не істеу керектігін түсінетіндігін бекітеді. Біздің пайымдауымызша Internet хаттамасы пошталық қапсырманы өңдеудің жұмыс кезеңдерін еске түсіреді. Әрбір сіздің жіберген жолдауыңыздың алдында адресатты, желіні тасымалдайтын тақырып тұрады. Деректер пакетін қайда, қалай жеткізу түсінікті. [8]
Internet адресі 4 байттан тұрады. Байтты жазу барысында сандар арасы сияқты нүктелер тұрады:123. 45. 67. (Қорықпауға болады, бұл сандарды есте сақтап қалудың қажеті жоқ) Шын мәнінде адрес бірнеше бөлімдерден тұрады. Internet желілердің желісі болғандықтан интернет торабына адрес басын яғни желінің қай бөлігі болып табылатындығын айтады, Әрбір компьютердің интернеттегі сұлбада теңдессіз адресі, индексі болады. Бұл желідегі адрестің оң жақ шеткі бөлігі қай компьютер теңдессіз адресті –индексті алуы керектігін көрсетеді.Пакеттерді өңдеу де пошталық процесске ұқсас түрде жүреді. Айырмашылығы пошталық қызмет адресте көрсетілген мекенжайдың орналасқан жерін біледі, ал пошта бөлімшесі әрине өзінің ауданының пошта байланыс бөлімшесінің қайда екендігін сөзсіз біледі. Ал Internet көрсетілген желіні қайдан іздеуді біледі. Ал желі бұл компьютердің қайда екендігін тауып береді. Белгілі сандық адрестегі компьютердің қай төңіректік желіде екенін анықтау үшін төңіректік желі желілік деңгейдегі өз хаттамаларын тауып алады. Мысалы Internetте қазіргі заманғы желілердің көпшілігі жалпы сипаты мен тарихи себептерге қатысты ISO OSI эталондық модельдеріне жақын тіпті сәйкес келіп те қалады.
Бөлімше немесе тораптар қалғандарымен тікелей байланысқа түспейді.Мысалы, Internet IP компьютердің адресі бойынша Internet адресін берілген желіден іздеу үшін адрестердің ARP рұхсат (айыру мағынасында) хаттамасын іздейді.
Internet-ттегі компьютердің сандық адресі байланыс бөлімінің индексіне ұқсас. Индекстің алғашқы сандары аймақты көрсетеді (Мысалы, 45- бұл Башкирия, 141- Подмосковье) санның соңғы екі саны –қаладағы, облыстағы немесе аудандағы пошталық байланыс бөлімшесінің нөмірі. Аралық сандары аумақтық бөлінуге және елді мекеннің түріне байланысты аймаққа жатуы мүмкін.Осыған ұқсас Internet-тің компьютерде бірнеше адрес түрі бар: (түрлері А,В,С, D, Е), бұлар адрестерді желінің кеңістік нөміріне және торап нөміріне бөледі, бұлай бөлу түрі желідегі мүмкін болатын әртүрлі желілерге және желідегі машиналарға байлаысты.
Белгілі бір себептерге әсіресе құрал-жабдықтарының шектеулілігіне байланысты ақпарат IP желісі бойынша жіберіледі және байттың шекарасына қатысты ашылатын жеке пакеттерге бөлінеді. Пакет ішіндегі ақпараттың ұзақтығы 1-ден 1500 байттқа дейін. Бұл желіні қандай да болмасын басқа пайдаланушының қол жеткізуінен сақтайды және барлық пайдаланушыға бірдей құқық береді. Сондықтан да желі тез жұмыс істемесе желіні бір мезгілде бірнеше пайдаланушы пайдаланып отырғандығының белгісі деп түсініңіз, сондықтан ол баяу жұмыс істейді. [5]
IP- хаттамасы дейтаграммды хаттамалы яғни IP –пакеті дейтаграммалы деген сөз .Бұл- ISO OSI модельдеріне сәйкес келмейді себебі желілік деңгей виртуальды әдіспен істей алады.
Internet-ттің тағы да бір жетістігі ІР-ның өзі жұмыс істеуге жеткілікті. Бірақ бұл қолайсыз. ІР қабығына деректер орналасқаннан кейін желі алушының бастапқы компьютерінен барлық қажетті ақпаратты біліп отырады. ІР-хаттамасымен қолмен жұмыс істеу дербес компьютерге дейінгі қатал уақытты еске түсіреді.Пайдаланушыға қолайлы жағын ешкім ойламады және ойлағысы келмеді де, машиналық уақыт адамзаттық уақыттан қымбат тұрды. Ал қазір ондай қажеттілік жоқ. Сондықтан ІР ұсынатын қызмет негізінде ен жетілген әрі ыңғайлы жұмыс желісін жасау қажет. Сол үшін ақпаратты жіберу барысында ескеретін өмірлік маңызы бар бірқатар төменде көрсетілген мәселелерге тоқталайық:
- жіберетін ақпараттың көп бөлігі- 1500 символдан артық, егер пошта адамды қызықтыру құралы-эпистолярлық әдеби жанрды жіберуден бас тартып тек пошталық карточкені жіберсе, мұндай артық жіберуден пайда аз.
- пошта хаттарды өте жиі жоғалтып алады, сол сияқты желі де пакеттержді жоғалтып алуы мүмкін немесе ақпаратты жолдан шығарып бұрмалауы мүмкін. Поштадан айырмашылығы сол Internet мұндай жағдайдан үлкен абыроймен шығады.
- пакеттер белгілі бір жүйемен келеді. Бір күнде жіберілетін хаттар бірінен-соң бірі барлық уақытта ретімен келмеуі мүмкін.
Осылайша, Internet келесі деңгейде үлкен көлемді ақпараттарды жіберу әдісін қамтамасыз етеді, сонымен қатар желінің кінәсінан туындайтын «бұрмалануларды» болдырмауға қамқорлық жасайды.
Transmission Control Protocol- бұл хаттама ІР –мен тығыз байланысты бірақ ISO OSI эталондық моделі транспорттық деңгейінің ішіндегі өте жоғары деңгей болып табылады. Бұл хаттамалар өзара өте тығыз байланыста болғандықтан оларды жиі біріктіріп ТСР/ІР деп атайды. «ТСР/ІР» термині ТСР/ІР хаттамаларына қатыстының барлығын қамтиды. Ол барлық хаттамалар ұясын және қолданбалы бағдарламаларды тіпті керек болса желінің өзін де қамтиды. Internet технологиясын пайдаланатын желі- Internet деп аталады.
ТСР хаттамасының өзі ІР хаттамаларының мүмкіндігіне негізделіп үлкен көлемді ақпарат жіберу мәселесімен айналысады. Бұл қалай жүреді? Пошта кітапты қалй жібереді? Кітапты бөліп бөліп қапсырмаларға салып жібереді.Алушы бет нөміріне байланысты жинақтап алады. Осындай қарапайым табиғи әдіспен ТСР жұмыс істейді. [7]
ТСР бірнеше бөліктерге бөліп жіберетін ақпаратты іріктеп бөледі. Әрбір бөлікті нөмірлейді де соңынан тәртіпке келтіреді. Осы нөмірлерді деректермен бірге жіберу үшін әр ақпарат бөлігін өз қабымен-қапсырмамен бекітеді, әр конверт тиісті ақпаратты ұстап тұрады. Осы ТСР конверт-қапсырма болып табылады. ТСР пакетті алушы жеке ІР конвертке орналастырады, енді ТСР пакет пайда болады. Бұл енді ТСР пакет болып табылады. Алынған ТСР пакет дербес ІР конвертке орналастырылады және ІР пакет пайда болады және енді онымен жұмыс істеуге болады.
ТСР модульды алушы ІР конверттерді алған соң ашады және олардың деректерін тиісті сәйкес орынға орналастырады. Егер бірнәрсе жетіспесе қайтадан жіберуін сұрайды. Ақыр аяғында ақпарат түгелдей тәртіпке келіп жинақталады. Бұл массив жоғары қарай пайдаланушыларға жібереді.
Шын мәнінде пакеттер тек жоғалып кетпейді және берілу барысында байланыс желісіндегі кедергіге байланысты бұрмалануы мүмкін. ТСР бұл мәселені шешіп береді. Ол үшін ол қателерді түзейтін кодттар жүйесін пайдаланады. Мұның қарапайым мысалы әр пакетке бақылау суммасын қосады (биттің әрбір байтының жұптылығына тексеріс жүргізеді) ТСР-ді қапсырмаға орналастыру барысында ТСР-дің басы болып жазылатын бақылау қосындысы есептеледі. Қабылдау барысында конвертте көрсетілген есептелген қосынды сәйкес келмесе яғни жол барысында бұрмалану болған, сондықтан қайта жіберуге тура келеді. Түсінікті болу үшін ескертетін жағдай: ТСР модулі пакеттерді жазбалар арасындағы шекараны сақтамай бірнеше байттар ағынына бөледі. Яғни егер бір қолданбалы процесс портқа 3 жазба жазса, онда басқа қолданбалы процесс виртуальды арнаның екінші шетінде бір жақ басынан берілген (өз портынан бөлуі бойынша) 3 жазба алады, ТСР жіберілген барлық деректер қабылдаушы тарапынан бекітілуін талап етеді. Ол күтуді (таймаутттар) және сенімді жеткізуді қамтамасыз ету үшін қайта жіберуді пайдаланады. Жіберушіге бұдан бұрын жіберген деректерді алушыға жеткенін күтпей кейбір деректерді жіберуіне болады. Осылайша жіберуші мен деректерді бекітушінің арасында әлі бекітілмеген жіберілген терезе пайда болады. Бекітусіз жіберілген байттар саны терезе мөлшері деп аталады. Терезе мөлшері жүйелік бағдарламамен қамтудың старттық файлдарымен бекітіледі. ТСР –лік арнамен бірмезгілде екі бағытта деректер берілуі мүмкін онда бір бағыттағы деректерге араналған бекіту қарама-қарсы бағытта деректермен қатар берілуі мүмкін. Виртуальды арнаның екі шетіндегі қабылдаушылар буферге шамадан тыс күш түспес үшін яғни толып қалмас үшін берілетін деректердің ағынын басқарып отырады.
Осылайша ТСР байттық ағын түрінде логикалық қосылысы бекітілген кепілді жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол күтуді пайдалану мен сенімділікті қамтамасыз ететін қайта жіберу процесінен қолданбалы процессті босатады. Ең қарапайым қолданбалы процесстен ТСР-дің пайдаланатыны ftp және telnet болып табылады. Мұнан басқа ТСР Х- Windows-ті (стандартты көптерезелі графикалық пайдаланушысымен интерфейсті) пайдаланады. ТСР көптеген мүмкіндіктерді беру үшін процессордың өнімді жұмысы мен желінің кең көлемді өткізу қабілетін жұмсайды. Қолданбалы процесс ТСР-ді пайдалана бастағанда модуль пайдаланушы машинасындағы ТСР-мен және сервер машинасындағы модулмен байланысады. ТСР-дің екі терезелік модулі қосылу (виртуальды арнаың) жағдайы туралы ақпаратты қолдайды. Бұл виртуальды арна ТСР –дің терезелік екі модулінің де ресурстарын пайдаланады.Бұл арна екі жақты болып таылады. Бір қолданбалы процесс желі бойымен тиісті деңгейлер модулімен тізбектер арқылы берілетін деректерді ТСР портына жазады және ТСР портқа арнаның екінші бөлегінде беріледі, екінші қолданбалы процесс ТСР-дің өз портынан оны оқиды. Берілген ақпараттың өзгермейтіндігіне кепілдік береді.
Бір жақ шетіне енгізілген ақпараттар екінші жақ шетінен шығады. Шын мәнінде жіберушінің және алушының тіке сызығы тіпті ажыратылған иелігі жоқ (басқа пайдаланушылар сол торапты және бұл пакеттер арасындағы деңгейді байланыс арнасын пайдалана алады) шын мәнінде іш жағынан солай екендігі байқалып тұрады.
Бұған дейін айтылғандай ТСР-ді қондыру, байланыстың виртуальды арнасына қосылыстарды қолдау үшін жұмыс барысында көп шығынды қажет етеді, әрі берілу кідіріспен жүреді. Дұрысы мұның болмағаны. Егер сізді жеткізу сенімділігі мәселесі толғандырмайтын болса барлық жіберуге тағайындалған деректер бір пакетке сыйса жеткілікті.
Келесі хаттама –-UDP User Datagram Protocol бұл пайдаланушылардың дейтаграммдық хаттамасы. Ол ТСР орнына пайдаланылады. Мұнда деректер ТСР-ға емес UDP конвертіне орналастырылады. Бұл хаттама деректер берілуінің дейтаграммдық қабілетін жүзеге асырады.
Дейтаграмма- бұл қабылдау бекітілмейтін бір-біріне тәуелсіз пакеттердің желі арқылы логикғалық қосылыссыз берілуі. Дейтаграмма –нағыз дербес пакет себебі өзіне- өзі беретін және өзіне қажетті ақпараттардың барлығын өзінде ұстайды. Оның беруі ешқандай өңдеусіз дайындықсыз жүреді. Дейтаграммалар өздері анықтау құралдарынан тұрмайды және берілу қателерін түземейді, сондықтан деректерді беру барысында ақпаратты қайта жіберуде сенімділікті қамтамасыз ету шараларын қарастырған жөн.
Сенімділікті ұйымдастыру әдісі әртүрлі болуы мүмкін көбіне көп дейтаграммалы әрбір пакетті алу барысында жіберілген қабылдауды бекіту жүреді.
UDP ТСР-ға қарағанда тиімді ол деректердің, пакеттердің жоғалып кету мүмкіндігіне және деректердің дұрыс сақталу тәртібіне мән бермейді. UDP- қысқа толқынды хабарлама жіберуге және егер бекіту лебізі тез жүрмейтін жағдайға арналған. Мысалы сіз бағдарлама жазып отырсыз делік сіздің бағдарламаңызды желінің басқа жерінде телефондық нөмірлермен деректер базасынан қарауға болады. 33 немесе соған жақын символдарды беру әр бағытқа беру үшін ТСР-лік байланысты орнатудың қажеті жоқ. Сіз тек атын UDP-пакетке салып оны ІР пакетіне бекітіп жіберсеңіз болғаны. Екінші жақ шетінде қолданбалы бағдарлама пакетті алып атын оқиды, телефондық нөмірін қарайды оны басқа UDP пакетке салады және кейін жолдайды. Егер пакет жолда жоғалып кетсе не болады. Ондай жағдайда сіздің бағдарламаңызды алушы былай істеуі керек: егер алушы ұзақ күтсе онда пакеттің жоғалып кеткені, ода қайта сұратады UDP-хаттамасын қолдану барысында берілудің сенімділігі осылайша бекітіледі.
ТСР-ден айырмашылығы UDP-модульі арқылы қолданбалы процесспен жіберілген дерек тұтастай бүтін күйде жетеді. Мысалы: жіберуші- процесс UDP-портында 3 жазба жүргізсе, онда процесс-алушы 3 оқу жүргізеді. Әрбір жазылған хабарлама мөлшері тиісті оқылған мөлшерге сәйкес болады. UDP-хаттамасы қолданбалы процесспен анықталатын хабарлама шекарасын сақтайды. Ол ешқашан бірнеше хабараламаны біртұтас етіп біріктірмейді және бір хабарды бөліктерге бөлмейді.
ТСР- UDP-баламасы бағдарламашыға ұсынылған ресурсты өзінің мүмкіндігі мен талабына қарай икемді де тиімді пайдалануды ұсынады. Егер сенімді жеткізу қажет болса Онда ТСР-ді пайдаланған жөн. Егер қысқа қосылған жылдам желілерге тиімділік қажет болса UDP ыңғайлы болады. Қолданбалы бағдарламалар таңдалған бағдарламалардың кейбір кемшіліктерін жоя алады. Мысалы, UDP –ді таңдаған болсаңыз әрине сізге қажеттісі сенімділік, онда қолданбалы бағдарлама жоғарыда айтылғандай бекітуді талап етіп, жоғалған және ақаулы пакеттерді қайта жіберуді өзі сенімділікпен қамтамасыз етуі керек.Егер сіз ТСР –ді таңдаған болсаңыз сізге жазбаны беру қажет онда қолданбалы бағдарлама ағынға өзі белгі қояды. [10]
Біз міне желідегі әртүрлі нүктелер арасында ақпарат беру мүмкіндігін қарастырдық. Енді Internet достық интерфейсін құру жұмысын бастай аламыз.
Бұл үшін біз команданың тілін түсінетін және қате жөнінде мәлімет беретін, өзі айтатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды жазамыз, бұл бағдарлама атын пайдаланушылармен араласу хабарласу барысында желілік компьютерлерде адресаттау үшін пайдаланылады. ISO OSI моделдерінде бұл үшін транспорттықтан жоғары деңгейлер жұмыс істейді және ол деңгей сеанстық деп аталады. Бұл жұмыстың барлығы желідегі жұмыстың ыңғайлылық деңгейін арттыруға, желіні кәдімгі пайдаланушыларға ұсынылған мүмкіндікті пайдалану ға жағдай туғызуға бағытталған.
Көптеген пайдаланушылар машиналардың арасындағы биттер ағынының сенімді болуына, бұл арналардың өткізу қабілеті немесе пайдаланылатын технологиялардың ерекшелігіне тіпті бұл технологиялардың экзотикалығына назар аудармайды.Олар осы биттік ағынды жұмыс үшін, файлдарды жіберу немесе қажетті деректерге қол жеткізуге, ойын ойнау үшін ғана пайдаланады.
Қосымшасы-бұл бағдарламамен қамтамасыздандырудың бір бөлігі. Оны ТСРжәне UDP сервистер негізінде құрады. Пайдаланушыларға қосымша туындаған мәселелерді нақты желінің техникалық ақпаратынсыз, хаттамалар жөнінде шешуге мүмкіндік береді. Қосымша қолдан өзі жасаған бағдарлама және әртүрлі фирмалармен берілетін патенттік өнімдер болуы мүмкін.. Стандартты Internet- қосымшасының үш түрі бар: жойылған қол жеткізу, файлдарды беру, электронды пошта; сонымен қатар кең таралған басқа да стандартты емес қосымшаларда бар.
Internet-тің ұсынатын қызметі «клиент-сервер» сұлбасы бойынша құрылған. Қызмет көрсету екі процестің бірігіп жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады: компьютердегі пайдаланушы мен компьютер-сервердегі жұмыстар. Пайдаланушы компьютеріндегі процесс клиент, ал компьютер сервердегі –сервер деп аталады. Клиентпен сервер мәні бойынша желідегі виртуальды байланыс бойынша байланысатын бір бағдарламаның бөлшегі. Сервер клиенттің көрсетуі бойынша клиентке файл жібереді. Қызмет көросету үшін мына екі модульдің- клиент пен сервердің болуы және олардың бірмезгілде бірге жұмыс атқаруы міндетті. Клиент пен сервердің байланысы тиісті стандартты хаттамалармен сипатталады, сондықтан клиент пен сервер әртүрлі өндірушілерден шығуы және әртүрлі компьютерлерде жұмыс істеуі мүмкін.
Сондықтан клиент интерфейсінің стандартты еместігі жөнінде пайдаланушы арасында мәселе туындайды. Бұндай өзара байланыс интерактивті, командалық болып бөлінеді. Команда жүйесі бірінен бірі ажыратылады. Бұдан мүмкіндік өзгермейді себебі клиент пен сервер хаттамаға сәйкес бірмезгілде жұмыс істейді.
Қолданбалы қамтамасыздандыруды көбіне төңіректік желі арқылы қамтамасыз етеді, жоғарыда айтылған мына мәселелер: командалар, хабарлама, анықтама, әртүрлі төңіректік желіде белгілі бір дәрежеде ажыратылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет