«Желаев» нан өнімдері комбинаты АҚ-на ұйымдастыру-экономикалық сипаттама, жұмыс механизмі және көрсеткіштері
Нан өнімдерінің Желаев комбинаты 1988 жылы 28 желтоқсанда Желаев элеваторының негізінде, ал 1993 жылы 31 желтоқсанда «Желаев нан өнімдері комбинаты» Ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Комбинаттың алып жатқан аумағы 15,3 гектар, оның 7-і асфальтті жабыннан тұрады. Дербес теміржол ұзындығы-7,2 шақырым.
Нан өнімдерінің Желаев комбинаты АҚ-ның атқарушы органы –директор болып табылады.
Ол акционерлердің жалпы жиналысында сайланады. Директор кәсіпорынның ағымдағы жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Яғни сенімхатсыз АҚ-ның атынан әрекет ете алады, соның ішінде оның мүддесін қорғайды, қоғам атынан мәмілеге келеді, штатты бекітеді, бұйрық шығарады, қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы міндетті болып табылатын қызметтік жарлық береді.
Өз кезегінде, директор бұйрықпен өндіріс бойынша, экономика және қаржы бойынша және жалпы мәселер жөніндегі орынбасарларын тағайындайды.
Жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары өндіріс технологиясын ұйымдастыру және жоспарлауға басшылықты жүзеге асырады.
Экономика және қаржы бойынша орынбасар кәсіпорынның қаржы қызметіне басшылық жасайды. [27]
Өндіріс бойынша директордың орынбасары кәсіпорынның техникалық жетекшісі болып табылады және техникалық жағдайға толық жауапты болады. Кәсіпорынның болашақта дамуын өндірістің қайта жаңартылуымен қайта қарулануын анықтайды. Өндірістің техникалық даму деңгейінің артуын, өндірістің қаржылық, шикізаттық, материалдық, еңбек шығынының азаюын, өндіріс өнімі сапасының артуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын директоры орынбасарларды тағайындайды және жұмыстан босатады.
Директордың өндіріс бойынша орынбасарының ұсынысымен директор бас энергетикті тағайындайды. Бас энергетик энергиямен қамтамасыз ету қызметін «Желаев» нан өнімдері комбинаты АҚ-ның инженерлік қызметі құрамымен бірге энергия тасымалдаудың барлық түрімен қамтамасыздандыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, энергетикалық құрал-жабдықтарды және желілерді пайдалануды жүзеге асырады, соныман қатар энергия тасымалдаудың барлық түрін пайдаланушылардың ереже мен нұсқаулықты сақтауын қадағалайды. Өндірістің бас энергетигін жұмыстан босатуды компания директоры шешеді.
Бас энергетиктің қарамағында төмендегі қызметкерлер болады:
Бас энергетика бөлімінің қызметкерлері;
Электр желілері учаскесінің бастығы;
Жылу-су-газбен қамтамасыздандыру және су бұру учаскесінің бастығы;
Жалпы мәселелер бойынша директорың орынбасары материальдық-техникалық қамтамасыздандыру бөлімін бақылайды. Бұл бөлім кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша басшылық жүргізеді.
Күзет қызметі бастығы күзет қызметі мен өртке қарсы қауіпсіздік жұмыстарын жоспарлайды және соған басшылықты жүзеге асырады.
Директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары бухгалтерия мен қаржы-талдау бөлімін, дәнді есепке алу және есеп беру және дайын өнімді өткізу, заңгер мен әкімшілік басқару жүйесі жұмысна бақылауды жүзеге асырады.
Бухгалтерия- бұл тауарлы материалдық қордың және кәсіпорынның барлық ақша қаражатына есеп жүргізеді.
Қаржылық-талдау бөлімі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жұмысын бақылайды.
Қойма тауарлы материалдық құндылықтарды қабылдайды, сақтайды және жібереді.
Өндіріс бойынша директордың орынбасары диірменді,элеваторды, жөндеу және құрылыс цехын, сонымен қатар зертхананы бақылайды.
Элеватор кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысын бақылайды.
Диірмен өңделетін дәнді кәсіпорынға қабылдайды және ұн шығарады.
Жөндеу және құрылыс тобы шаруашылық және тұрмыстық нысаналарды қысқа дайындайды, құрылыс жүргізеді. [27]
Зертхана зертханалық зерттеулер жүргізеді яғни алқаптың өнімін ұлпаға, ылғал тимеуіне, зиянды заттың болмауына тексереді зертхананың дәл және дұрыс талдау жасауына шығарылатын ұнның сапасы байланысты болады.
Бүгінгі күні «Желаев» нан өнімі комбинаты тұрақты жұмыс істеп тұр. Шығатын жалпы өнім - 98% құрайды, соның ішінде- 44% ұн, оның ішінде 30% -жоғары сортты ұн, бірінші сортты ұн-10%, екінші сортты ұн-2% құрайды. Ұнмен қала маңындағы қала ішіндегі мекемелерді, зейнеткерлерді, қала тұрғындарын қамтамасыз етіп тұр.
Комбинаттың негізгі өндірістік цехтары: ұнтақтау тарту зауыты, дайындау және өндірістік элеватор.
Міне сегіз жыл бойы жұмыс істеп тұрған бұл комбинат Швейцариялық «Боллер» фирмасының технологиясы бойынша салынған бірден-бір элеватор. Сенімді жұмыс істейді, сапалы өнім шығарады. 1995 жылы диірменді жетілдіру жұмысын жүргізді, нәтижесінде жұмыстың тиімділігі артты. Ендді тек жоғарғы және бірінші сорт ұн шығарады. Бұрынғы берген өнімін сақтай отырып, сапалы өнімнің меншікті салмағын арттырды.
Ұн тарту өндірісі- өте ірі өндіріс. Мұнда 75 адам жұмыс істейді, Оның арасында орта арнаулы және жоғары білімді мамандар еңбек етіп жүр.
«Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында өндірістің барлық буыны бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бір цехтың бұзылып қалуынан қалған цехтар тоқтап тұруы мүмкін.
Ең жауапкершілікті талап ететін күрделі, отандық цех-электрцехы, мұнда 20 адам жұмыс істейді. 1999 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша ол комбинаттағы үздік цех болып табылады. Электр цехының мамандары ескерту алмайды, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда.
Дайын өнімдер қоймасындағылардың жұмысы ауыр. Әсіресе келген машинаға қапшықпен ұн тиеу жұмысы қиын-ақ. Бұл жерде транспортер яғни тасмалдағыш болса да оған қапшықты көтеріп салу түсіру қолмен атқарылады.
Дән әкелушілерді алғашқы болып қарсылайтындар зертхана қызметкерлері. Егін алқабынан келген бидайдың құрамында ұлпаның болу-болмауын және дәннің ластанғандығын, ылғалдығын тексереді. Осы көрсеткіштерге байланысты ұнның да сапасы анықталады. Қазіргі заманғы приборлармен жарақтандырылған зертхана ғана дәл талдау жүргізетіні сөзсіз. Әрине мұның барлығы білікті маманның арқасында ғана жүзеге асады. Мұндағы зертхана қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі мол. Олар тек талдау, зерттеу жүргізіп қоймайды. Лаборатоия қызметкерлері ұнның технологиялық циклінің барлық кезеңдерін қадағалайды. [27]
Келмеске кеткен Кеңес үкіметінің құлауымен бірге комбинатта жетіспеушілік байқалды. Ең қарапайым нәрсе- ұн толтыратын қапшықтың тапшылығы байқалды. Сондықтан қапшық жөндейтін немесе тігетін цех ашуға тура келді. Екінші категориялы қапшықтың ай сайын 30 мыңы дайындалады, яғни өз өндірісін өздері қамтамасыз етеді. Негізінен қапшықты тігетіндер маман тігіншілер.
Нан өнімдері комбинаты әртүрлі техникамен жарақтандырылған. Мұнда трактор, экскаватор, автокөліктер тіпті тепловоз да бар. Тасымалдау бөлімінде 30 адам жұмыс істейді.
Құрылыссыз мұндай үлкен мекеме жұмыс істей алмайды. Жөндеу құрылыс тобы қызметкерлері шаруашылық және тұрмыстық нысаналарды қысқа дайындайды, құрылыс жұмыстарын жүргізеді.
Өмір кәсіпорын басшыларын өздерінің дербес жылусу электрмен қамтамасыз ету көздерін табуға мәжбүр етті. Сондықтан мұнда жылу мен су мәселесі шешілген. Енді электрмен қамтудың кезегінде тұр. Дизельдік станциясы өз жұмыстарын аяқтауға жақын. Кәсіпорынның өз жөндеу цехы бар, ол сантехникалық, сумен, жылумен қамтамасыз ету газбен жұмыс істейді.
Есептеу мамандарынсыз кез-келген кәсіпорын жұмыс істей алмас еді. Мұнда да білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың жұмыс орны компьютерлермен қамтамасыз етілген. жұмыстармен айналысады
«Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында қызметкерлердің мәдени демалысын, тұрмыстық өмірін ұйымдастыру жақсы жолға қойылған.. Онжыл бойы бау-бақша дақылдарының жылыжайын салып, көшет, гүл отырғызып арзан бағамен өз жұмысшыларын қамтамасыз етіп отыр.
Өздерінің асханалары бар, ыңғайлы бағамен тек өз қызметкерлері ғана емес өнім сатып алуға келгендерде тамақтана алады.
Нан өнімдері комбинатында бірнеше жыл бұрын нан пісіру цехы ашылып, ол нан өнімдерімен қатар макарон шығарумен айналысады. Бұл цехтың өнімдері негізінен өз қызметкерлерін қамтамасыз етеді.
Қызметкерлердің мәдени деңгейін көтеру және бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында «Ақбидай» көркемөнерпаздар ансамблі құрылды. Құрамы тиісті құралдар мен костюммен жабдықталған.
Қиындыққа қарамастан мұнда кітапхана сақталған, оның кітап саны-2,5 мың кітаптан тұрады. Мекеме әртүрлі газет-журнал жаздыртып алып отыр. Тек 2001 жылы мерзімді басылымға 74 мың теңге бөлінген. Кітапханада әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.
Көпшіліктің пікірі бойынша «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинаты бидайды өңдеу және ұн шығару бойынша алға қойған мақсаттарына еш кедергісіз қол жеткізіп отыр деп ойлайды, бірақ шын мәнінде бидайды табудың өзі үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан дәнді Қазақстанның басқа облыстарынан ғана емес Ресейдің көрші облыстарынан да алуға тура келіп отыр.
1997 жылы Мемлекеттік тапсырыс бойынша тек дәннің 10% ғана түсті, ал қалғандарын ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, жеке құрылымдар жеткізеді. Мұның барлығы «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинаты мамандарының арқасы, олар сатып алатын дәнді комбинаттың жұмысы тоқтап қалмас үшін аяқтай жүріп іздейді. [27]
Кәсіпорынның өнімі Республикадағы бірден-бір сапалы өнім ғана емес Ресейдің бізге жақын жатқан облыстарының ішінде сапасы жоғары ұн болып табылады. Ұн тарту Ресеймен салыстырғанда арзан.
Комбинат жоғары сапалы ұн шығарады және онымен Батыс Қазақстан, Маңқыстау және Қызылорда облыстарының тұрғындарын қамтамасыз етеді.Шығарылатын ұнның сапасы тек Батыс Қазақстан аймағында ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында да жоғары сапалық көрсеткішке ие болып отыр.
«Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатының жоғары сапалы ұны, салыстырмалы түрдегі тарту төлемінің арзандығы, бидайды тез өңдеуі, ұнды тиеу-түсіруі, Ресей мен Украинаның негізгі өндіріс орындарына жақындығы соңғы жылдары дән тапсырушылар есебінен ұн өңдеу көлемін біршама деңгейге арттыруға жағдай жасады. Мұндай жұмыс әдісі мен ынтымақтастықтек комбинатқа ғана емес сонымен қатар бидай тапсырушыларға да тиімді.
«Желаев нан өнімі» ААҚ комбинаты дәнді сақтау мен оны өңдеудің мемлекеттік ресурстары бойынша Республикалық тендер жеңімпазы болып табылады.
2.1 кестеде «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында өндірілетін тауарлы өнімдердің көлемі мен құрылымы берілген.
2.1 кестесі. «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында өндірілетін тауарлы өнімдердің көлемі мен құрылымы
Өнім
түрлері
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
құны
тенге
|
құры
лымы
%
|
құны
тенге
|
құры
лымы
%
|
құны
тенге
|
құры
лымы
%
|
құны
тенге
|
құры-
лымы
%
|
Ұн ж/с
|
161227
|
62,2
|
161227
|
59,1
|
162100
|
52
|
162100
|
45,7
|
Ұн І/с
|
74321
|
28,7
|
85661
|
31,4
|
128499
|
41,1
|
169792
|
47,9
|
Ұн ІІ/с
|
19878
|
7,7
|
22196
|
8
|
17295
|
5,5
|
18158
|
5
|
Қалдықтар
|
3697
|
1,4
|
3906
|
1,5
|
4507
|
1,4
|
4812
|
1,4
|
кебектер
майда жарма ботқасы
|
259123
|
100
|
272990
|
100
|
312401
|
100
|
354862
|
100
|
Қызмет көрсетуді тарату
|
239303
|
92
|
252961
|
92,7
|
291684
|
93,4
|
336704
|
95
|
Дән
|
25596
|
5,2
|
185866
|
17,9
|
367051
|
33
|
485000
|
46,7
|
Басқалары
|
94800
|
19
|
66474
|
6,4
|
42729
|
3,8
|
13076
|
1,3
|
Жиынтығы
|
496621
|
100
|
1035931
|
100
|
1115839
|
100
|
1039207
|
100
|
2.1 кестедегі деректер бойынша «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында өндірілетін тауардың барлық көлемі ішінен ең жоғары меншікті салмағын жоғарғы сортты ұн өндіру алып тұр. 1999 жылы жоғарғы сортты ұнды өңдеу құрылымы 40%, 2000 жылы-45,1%, 2001 жылы-31,4%, 2002 жылы -20% құраған. 2001-2002 жылдардағы кенеттен ұн өңдеу көлемінің азаюының себебі, комбинат ұн сату бойынша жалғыз дара монополист болғысы келмей, кіші-гірім ауылшаруашылығы өндірушілері мен сауда құрылымдарына өз бидайларын өткізуіне мүмкіндік берді. Комбинат болашақта дән сатып алудан бас тартып, тек оны сақтау және өңдеумен ғана айналысуды жоспарлап отыр.
Дайын өнімнің шығу көрсеткіші төмендегідей:
1) 1999 жылғы ж/с ұн-40%, 2000 жылы -45,1%, (өзгеріс -5,1%,) 2001 жылы-3,1%, (2000 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-14,1%,), 2002 жылы -20%, (2001 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-11%);
2) 1999 жылғы І/с ұн-13,3 2000 жылы -20,6%, (өзгеріс -7,3%,) 2001 жылы-10%, (2000 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-10,6%,), 2002 жылы -4,7%, (2001 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-5,3%);
3) 1999 жылғы 2/с ұн-2,1%, 2000 жылы -2,5,%, (өзгеріс -0,4%,) 2001 жылы-1,5%, (2000 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-1%,), 2002 жылы -1%, (2001 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-0,5%);
4) майда жарма ботқасы -1999 жылғы -0,3%, 2000 жылы -0,1,%, (өзгеріс -0,2%,) 2001 жылы-1,6%, (2000 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-1,5%,), 2002 жылы -0,3%, (2001 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-1,3%);
5) кебек -1999 жылғы -2,2%, 2000 жылы -1,2%, (өзгеріс -1%,) 2001 жылы-0,8%, (2000 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-0,4%,), 2002 жылы -0,2%, (2001 жылғымен салыстырғанда өзгеріс-0,6%);
Бұл деректерден шығатынқорытынды жалпы шығатын өнімдерді анықтауға болады: ұн (барлық сорттары) 1999 жылы-55,4%, 2000 жылы- 68,2%, 2001 жылы-43%, 2002 жылы -25,7 %;
Сауда іс-әрекеттерінің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді: дәнді таратудан түсетін түсім мөлшері артты. 1999 жылы ол 25596 мың теңгені, 2000 жылы-185866 мың теңгені, 2002 жылы -46,7% құрады.
«Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында өндірілетін тауардың барлық көлемі ішінен ең жоғары меншікті салмағын 2001 жылғы көрсеткіш бойынша кебек пен қалдық өнімдер алады. (0,2% ден 1,2 % -ғе сәйкес).
Өндірушілер өнімінің деңгейінің артуы және белгілі бір дәрежеде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру кәсіпорынды негізгі құралдармен қамтамасыз етуге байланысты. [27]
Өндіріс құралдары- бұл құралдар өндіріс жұмысы барысында бір ғана қызмет түрін атқаруға өзінің табиғи-заттық түрін сақтай отырып пайдаланылды. Кәсіпорынды негізгі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің төмен деңгейі маңызды технологиялық процестердің дер кезінде орындалмауына, еңбекті көп қажет етуге және өнім бірлігіне шаққандағы өндіріс шығынының артуына әкеліп соғады.
№2 кестеде кәсіпорынның негізгі құралдармен жарақтандырылуы көрсетілген.Бұл кесте деректерінен байқағанымыз талдау жасаған мерзім ішінде негізгі құралдың жалпы бағасы үнемі өсіп отырған. 1999 жылы ол-259123 мың теңгені құраска 2002 жылы бұл 95739 мың теңгеге жеткен. Бұл арту өндірістік мақсатқа тағайындалған негізгі құрал-жабдықтар мен шінара машина және құрал-саймандар, беру құрылғыларын сатып алуға жұмсалған
Достарыңызбен бөлісу: |