3.2 Электронды қораптар құру және басқару
Байланыс ғарыштық желісінің пайда болуымен бірге соның ішінде Интернеттің шығуы сауда іс-әрекеттерінің нағыз төңкерісін жасады. Қайта құрулар тек қана компанияның сыртқы қатынастарымен компаниялар арасына және олардың серіктестері мен клиенттері арасында және компанияның ішкі құрылымында ғана жүрді. Бизнесті жүргізудің жаңа бағыты пайда болып қойған жоқ, бұрыннан бар түрінің өзі түбегейлі өзгерді. Intel компаниясы мамандарының зерттеуіне сәйкес 2006 жылы Интернетті пайдаланушылардың саны миллиардқа жетіп, электрондық коммерция айналымы триллион долларға жетті. Мұндай зерттеулер электронды бизнес және электрондық сауданың әлеуеті жаңа нарық жағдайына бейімделуі кезінде ең күштілерді қалады да, қалғандары өз күштерін жояды. ЭЕМ (ЭВМ) компаниясының анықтауына сәйкес электронды бизнес (е-бизнес) дегеніміз бұл Интернет технологияның арқасында негізгі бизнес процестің қайта құрылуы. 11
Осылайша, е-бизнес дегеніміз кез-келген сыртқы және ішкі экономикалық байланыстарқайта құру, түрлендіру үшін пайда табуға құрылған ауқымды ақпараттық желілер мүмкіндігін пайдаланатын іскерлік белсенділік.
Компанияның ішкі ұйымдастырылуы бірыңғай ақпараттық желі (интранет) базасы арқылы қызметкерлердің өзара байланыс тиімдіділігін арттыратын және жоспарлау және басқару процестерін оңтайландырушы; серіктестермен клиенттермен және жеткізушімен сыртқы байланыс (экстранет)-бұның бәрі де е-бизнестің құрамдас бөліктері
Е-коммерция
Электрондық сауда электрондық бизнестің құрамдас элементі болып табылады. Электронды саудаға (е-коммерция) бойынша кез-келген ақпараттық жүйемен жүзеге асырылатын іскерлік мәміле жатады.
Интернет-бизнестің соның ішінде Ресейдің орта және кіші бизнесіне қатысты негізгі құралдар:
-корпоративті веб-сайты
-интернет-қорап
-интернет-аукцион
-ақпараттық корпаративті портал
-интернет-биржа
- интернет-маркетинг
Корпоративті веб-сайт—бұл компания, оның жобасы, тауарлары және көрсететін қызметі, атқаратын жұмысы, ынтымақтасу жөніндегі ұсынысы жөніндегі деректерден тұратын ақпараттық парақ.
Функциональдығы:
• Әлеуетті клиенттер мен серіктестерге компания туралы корпоративті ақпараттармен қамтамасыз ету;
• қосымша клиенттер мен серіктестер тарту;
•сіздің ресурстарыңызға келетін келушілерге екіжақты байланыс орнату;
• компания беделін қалыптастыру;
• клиенттерді тауар және қызмет түрлері жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз ету;
Нәтижелері:
• веб-сайттың үздіксіз жұмысын қалыптастыру;
• әлемнің кез-келген жеріне қол жеткізу (қай жерде Интернет болса)
• клиенттерді, серіктестерді, филиалды, жеткізушілерді ақпараттармен қамтамасыз етудің кідірісін қысқарту;
• сіздің клиенттеріңіздің портретін құрастыру мүмкіндігі.
Интернет-қорап- бұл онлайлық немесе традициялық бизнес тауарларын және қызметтерін онан әрі таратуға арнап орналастырған сөресі. Интернет-қорап корпоративті веб-сайттың бөлігі болып табылады.
Функциональдығы:
• тауарлар мен қызмет түрлерін сату
• клиенттерді компанияның тауарлары мен қызметтері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
• бизнес туралы корпаративті ақпараттармен қамтамасыз ету;
• «клиент-сатушыға» қатысты автоматтандыруды реттеу;
• қосымша клиенттер мен серіктестер тарту;
• ресурсқа келушілерге екіжақты байланыс орнату;
• келушілерге екіжақты байланыс орнату;
• интернет-қорап иелеріне бедел қалыптастыру;
• тауар мен қызмет көрсетуді сатуды арттыру
• сұраным туралы ақпарат алу мүмкіндігі
• өнім бірлігін таратуды тоқтатпау
• әлеуетті сатып алушы болып табылатын пайдаланушылардың базасын арттыру
Интернет-аукцион –пайдаланушы кез-келген тауарды сата алатын сауда сөресі. Мұндай аукцион сатушысы немесе иесінің еңбекақысы мәміленің коммисиялық пайызы. Интернет-қораптың бөлігі болғандар корпаративті веб-сайттың бөлігі болып табылады.
Функциональдығы:
• мүшесі түрінде сатушыға қалац қызмет көретілсе тап солай сатып алушыға да қызмет көрсетіледі.
• кез-келген тауар мен қызмет көрсетуді сату
• сұраныс туралы ақпарат жинау
• аукцион иесі беделін қалыптастыру
Нәтижесі:
• шығын тек ресурстарды қолдауға жұмсалады
• нарықтағы қызмет түрі мен тауарға сұраныс туралы «бірінші басшыдан» ақпарат алу
• тұрақты аудитория қалыптастыру
• жоғарыда айтылғандардың негізіндегі қорытынды: жарнамалаушылар тарапынан нақты аукционға назар аудару;
Ақпараттық корпоративті портал – негізгі бизнес процестерді және компанияның ақпарат ағынын өзіне акумулияциялайтын компанияның күрделі ақпарат жүйесі.
Функциональдығы:
- әлеуетті клиенттерді және серіктестерді компания жөніндегі деректермен ақпараттық қамтамасыздандыру
- қосымша клиенттер мен серіктестер тарту;
- компания беделін қалыптастыру
- порталдың жойылған қол жеткізуі арқылы филиал қызметкерімен, дилермен, серіктеспен, жеткізушімен іскерлік қарым-қатынас орнату
- портал арқылы ақпарат ағынын орталықтандыру
- бизнестегі бизнес-процесті автоматтандыру
-филиалмен, дилермен, серіктеспен, жеткізушімен компания бөлімдерінің қарым-қатынасының есебін жүргізу және бақылауға алу
Нәтижесі
- тұрып қалуды
- ақпарттық ағынды автоматтандыру
- филиал қызметкерімен, дилерді, серіктесті, жеткізушіні тез және сапалы ақпараттық қамтамасыздандыру
- порталдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. [11]
Интернет-биржа кәсіпорын тауарлармен және қызмет көрсету түрі бойынша сауда жүргізетін сауда алаңы. Иесінің табысы егер әрбір мәміледе иегер сатушы болып қызмет жүргізсе комиссиялық пайыз төленеді.
Сауда алаңы бір салалық және көпсалалық болып бөлінеді. Интернет-биржа Интернет-қорап пен Интернет-аукцион корпаративтік ақпараттық портал негізінде құрылуы мүмкін.
Функциональдығы:
- Интернет-биржа мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету
- кәсіпорын арасында тауар сатуды ұйымдастыру
- төлеу және жеткізу процестерін ұйымдастыру
- қосымша клиенттер мен серіктестер тарту;
- биржа мүшелерімен екі жақты байланыс орнату
Нәтижесі:
- тоқтап қалуды азайту
- қолдау қарапайымдылығы
- төлеу және жеткізу жұмыстарын автоматтандыру және олардың орындалуын бақылау
- үздіксіз жұмыс
- көлеміне қарай табысы
Интернет-биржа технологиясы сауданың ауыстыру –бартерлік әдісін –тауар мен қызмет көрсету арқылы ұйымдастыру және клирингтік жүйені пайдалану.
Интернет-Маркетинг – Интернет-бизнестің тиімді және маңызды құралы.
Функциональдығы:
- компанияның тауардың, қызметтің, веб-сайттың, порталдың интернет-қораптың жарнамалау акциясын жүргізу;
- бэрнд құру;
- рr- іс-шараларын жүргізу
- нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу
- бәсекелестер іс-әрекеттерін талдау
- пайдаланушылармен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнату
Нәтижелері:
- өнімге сұранысты талдау
- пайдаланушы бет-бейнесін анықтау
- жарнамалау тиімділігін анықтау
- әлеуеттік- өз ресурсына шексіз пайдаланушыларды тарту (150 млн аспауы керек)
- жаңа клиенттер мен серіктестер табу
Дәстүрлі маркетингтердің артықшылықтары:
- Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда жарнамалық компанияның құны төмендігі
- Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда аудиторияның үлкендігі
- мақсатты аудиторияға негізгі жарнама ағынын бағыттау мүмкіндігі
- жарнама тиімділігін бағалау мүмкіндігі
- жарнамалау компаниясы негізгі акценттерін жедел өзгерту мүмкіндігі
Интернет-маркетинг дәстүрлі маркетингтің бәсекелесі емес, тек бірқатар ерекшелік пен артықщылықтан тұратын оның жалғасы болып табылады.
Өз қорабына арналған тиісті, лайықты бағдарламалық шешім таңдау оңай емес және күн сайын жаңасы жаңасы пайда болады және нарықта қазіргі таңда мыңдаған бағдарламалық өнім ұсынылады. Дұрыс нұсқасын табу үшін мынандай үш сұраққа жауап беруі керек:
Бірінші сұрақ: «Өз күшіңізбен Интернет-қорап құра аласыз ба?» Басқаша айтқанда Сіздің қызметкерлеріңіз осы міндетті өздері шеше ала ма немесе басқа қызметкерлерді жалдай ма?
Екінші сұрақ: «Сатудың таңдалған жүйесі көмегімен тапсырыстарды өңдеу оңайға түсе ме?»
Үшінші сұрақ сату жүйесінің өзін басқаруға қатысты. «Сату жүйесі қарапайым жүйе ме, онымен өз қызметкерлеріңіз жұмыс істей ала ма?
Бүгінгі таңда шебер мен шаблондардың көмегімен толықмасштабты онлайндық қорап құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық шешім табу қиын емес. Бұл дизайнерлер үшін үлкен пікірсайыс туғызып отыр. НТМL беттерін немесе ССL қосымшасын құру үлкен өнерді қажет етпейді: оларды шебер мен шаблонның көмегімен алынған стандартты шешім қанағаттандырады. Бұл шешімнің кемшілігі сол мұндай қораптар күрделі шешімге тән қажетті жағдайда дизайнерді ұлғайтатын икемділіктің жеткілікті дәрежесінен тұрмайды. [16]
Бірақ Сізге жоғарыда айтылған бағдарламалық шешіммен жұмыс істетйін базалық техникалық функцияларының болуы диапазон мәселесін анықтайтын тәжірибелі Wев-дизайннің маңызы зор. Интернет-сатудың сапалық бағдарламалық қамтамасыздандыруы болашақта тауарлар бойынша маңызды деректер баасына қосылуға мүмкіндік береді, ал ол деректерді жаңа базаға сата алады. Егер деректерді үнемі қолмен өндіретін болса, онда электрондық сауда жүрмейді. Интернетте ең маңызды мәселе-ол жылдамдық болғандықтан болғандықтан қабылданған шешім талаптарынан басқасын автоматтандыру деген сөз.
Интернет-сауда сапасы жүйесін келушілерді зерделеп алмай құру мүмкін емес. Бұл үшін қадағалаудың әртүрлі технологиясы пайдаланылады, сол арқылы сатушы пайдаланушының қандай тауарды қажет ететініне талдау жасайды. Бұл мәліметтер дербес маркетинг және бизнес саласында қолданылады, оның негізін жеке тұтынушылар құрайды.
Тұтынушыларды бақылаудың әртүрлі технологиясы бар. Wев-сайттың көпшілігі пайдаланушы жөніндегі ақпаратты сақтау үшін Cookie-Cookie пайдаланады, бұл мәтіндегі пайдаланушы идентификаторынан және кейбір пайдаланушылық артықшылығынан тұратын жол. Мысалы, тіл. Бұл оның Wев-сайтты ашу үшін таңдалған қолданылатын тілі. Бірақ мұндай ақпаратты серверде де сақтауға болады. Cookie- тек пайдаланушылық идентификаторды сақтауға арналған, себебі пайдаланушыны түрлендіруге және оның қызметін белгілеуге көмектеседі. Wев өзі Wев-сервер арқылы құрылады және компьютердегі пайдаланушы да сақталады. Cookie-ні пайдаланушының өз компьютеріне орналастырса ғана сервер оқи алады, сондықтан басқа сайттар сіздің жасаған тауарларыңызбен қараған беттеріңі жөнінде мәлімет бере алмайды. Cookie-нің қалыпты жұмыс істеуі үшін пайдаланушы жаңа браузерлердің бірі орнатылуы қажет, себебі бұрынғысындағы деректер басқа серверлермен байланысты боландықтан Cookie-ақпарат ақаулы болуы мүмкін.Кейбір компаниялар өз қызметкерлеріне ғана Cookie-ні пайдалануға рұхсат етеді де қызметтік құпияны сақтау үшін бөгде адамды жақындатпайды.
Базалық идентификация-яғни түрлендіру әдісін пайдалану барысында пайдаланушылар идентификатор және парол көмегімен сайтқа тіркеледі. Егер пайдаланушыны бақылау үшін Cookie-пайдалануға болмайды, идентификатор және парол көмегімен сайтқа тіркеледі. Егер пайдаланушыны бақылау үшін Cookie пайдалануға болмайды, идентификатор пайдаланушыны түрлендіру мақсатында адреске қосымша жалғанады. Компьютерге енушілерді түрлендірудің тағы да бір әдісі олардың домендік атын тіркеу немесе ІР-нің адрестерін тірке және тіркеу журналында бұл деректерді файлда сақтау болып табылады. Мысалы, Amazon com- Cookie-нің базалық түрлендіру мен пайдаланушылар адресін қолданады. Идентификацияның әр түрінің болуы барлық пайдаланушыға осы сайттың Wев-парағын пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Cookie-пайдаланушыны тіркеу кезінде ол Wев-парағында болып есептеледі. Содан соң пайдаланушы идентификациялық нөмірден тұратын адреске көшеді. Егер идентификатор мен парол деректер базасында сақталатын ақпаратпен сәйкес келсе пайдаланушы өзінің дербес бетіне шыады. Егер пайдаланушы Cookie- немесе басқа компьютердің Wев –сайтына кіретін болса онда барлық идентификатордан ажыратып алуы қажет.
Сонымен Amazon com электронды қорабына барлық категориядағы пайдаланушылар қол жеткізе алады. Бақылау технологиясы сайтты орнату кезеңінде анықталуы керек.
Электронды коммерцияны бағдарламалық қамтамасыздандырудың маңызды аспектілерінің бірі –оқшаулаумен шатастыруға болмайтын интернационизациялау аспектісі. Интернационизацияланған бағдарлама қорап иелері мен сатып алушылардың кез-келген әлем нүктесіне шығуына мүмкіндік береді. Онда валютаны айырбастау жұмысы жүргізіледі және пайдаланушыға қажетті ел валютасының бүгінгі таңдағы айырбас құны яғни курсы экранға шығады. Қорап иесі сатуға салынатын салық және жеткізу құны сол елге немесе штатқа бейім болуы шарт. Ең қарапайымы-бағдарламалық шешімді жеткізу құны тіркелген, салық және валюта жөніндегі деректер базасы кестесі, ал жүйенің күрделісі UPS (United Parcel Service-Единая посылочная служба) бірыңғай жіберу қызметі (экспресспошта қызметін ұсынушытрансұлттық коорпорация). Жеткізуді қамтамасыздандырушы серіктес ғаламның кез-келген аймағына белгілі. Бір тауарды жеткізу қанша сомаға шығатынын және оны жеткізуге қанша уақыт кететінін анықтайды; ал банкке үнемі жаңартылып отырған валюталық курсты қосады. Кейбір қызмет көрсетуді ұсынатын жеткізушілер салық бойынша үнемі жаңартылып отыратын сату жүйесінің үннмі қол жеткізуін қамтамасыз ететін деректер базасын қоладайды. Дайындау кезеңінде компания лайықты банк арқылы жеткізуді жүзеге асыратын лайықты серіктес таңдайды. [22]
Оңланық сауда ұсынысы қосымша көптеген функцияларынан шінара автоматтандырылған жауап беруші,чаттар, жүйелік конференциялар жұмысынан тұрады; іздеу жүйесіне деректерді автоматты түрде беру интернет-қорап құру кезінде автоматты түрде орнатылады.
Тапсырысты өңдеу. Желілік қорапты құрудың дайындық кезеңі аяқталған соң тапсырысты өңдеу жүйесі туралы ойлану қажет. Мұнда тұтынушы барлық таңдалған тауарды «орналастыратын» виртуалды себет функциясының жиынтығы өзекті мәселе болып табылады. Бұл функциялардың ішінде тұтынушының себетіне тауар позициясын қосуға, кейбір позициясын алуға сонымен қатар себеттегі тауар бірлігі санын ауыстыру жұмыстары болуы керек. Клиент тауар таңдап болған соң оған өзі өзгеріс енгізіп бақылауға (кассаға) беретін тізімі ұсынылады. әрине кассада сатып алушыға төлем қабылданады. Электронды қорап бағалау деңгейінде бірнеше төлем төлеу технологиясын сақтауы шарт.
Соның ішінде кең қолданылатыны SSL хаттамасы арқылы несиелік картамен төленетін төлем түрі. Егер сізде бағаның кең көлемді диапазоны болса онда төлем түрінің бір ғана әдісін пайдалануға болмайды. Интернет-қораптағы сатуды ең жоғары деңгейге жеткізу үшін тек әртүрлі төлем технологиясын негізіп қоймай, тапсырыстың әртүрлі әдісін енгізген жөн. Мысалы, Wев-парағына электрондық немесе кәдімгі поштамен, телефонмен, факспен тапсырыс беруге болады. Егер компания жақсы жолға қойылған дәстүрлі бизнес пен арнасы бар Желіге шықса әртүрлі тапсырыс технологиясы мен төлемі оның басынан бастап ақ электронды бизнесті дұрыс ұйымдастыруына жол ашады; жаңадан жұмыс бастаған электронды компанияға тапсырыс технологиясы мен төлем түрлерінің әртүрлі болуы дәстүрлі аранаға шығуға көмектеседі. Мұнан басқа тапсырыс технологиясы мен төлем түрлерінің әртүрлі әдісін енгізе отырып, болашақтағы мәселелерден алшақтайсыз. Егер аталған жағдаймен сіздің компанияңыз келісетін болса, қалған тұтынушылардың адрестері мен олардың деректері сақталған несиелік карталарын(мысалы, ондағы қаржы мөлшері жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін білу үшін) тексеретін мезханизм қажет болады.
Желіден сатып алуға пайдаланылатын бағдарламаның тапсырыс пен төлем процесін автоматтандырғаны жөн. Тұтынушы сіздің қорабыңызда тапсырыс жасағаннан кейін сіз оған автоматты түрде электрондық поштамен немесе факспен бекіту жібересіз. Бекітпе осы тапсырысқа қажетті төмендегідей ақпараттарды толық түрде жіберуі міндетті: жеткізу адресі, барлық тапсырыс берілген тауарлар, тапсырыс берген күні және уақыты, компанияңыздың байланыс телефоны.
Желіден сатып алуды бағдарламамен қамтамасыз ету теріс пиғылды тұлғалар қол жеткізбес үшін сенімді жерде сақтайтын клиенттің ақпаратының құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс. Тұтынушыға жіберілетін тапсырысты растайтын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат несие карточкеге енгізілмеуі тиіс. (көрсетілсе де нөмірдің соңғы немесе алдыңғы саны түрінде көрсетілуі керек), Интернетте өте оңай жолмен басқаның электорндық поштасынашып қарауға болатындығын.ұмытпаған жөн.
Сіздің бағдарламалық қамтамсыздандыруыңызға стандартты функция түрінде қосарлы сату мен біріккен алға жылжу кіргізілуі мүмкін. Бұл функциялардың атқаратын қызметі тұтынушы сатып алуға шешім қабылдаған тауарларға қатысты сол тауарларды ұсыну немесе алға жылжыту болып табылады. Мысалы, сіздің клиентіңіз түскі ас столын сатып алды делік. Интернет қорап столға сәйкес немесе қатысты отырғыштар, ыдыс-аяқ, асханалық жиынтық, т. Б. Столмен үйлесім тауып ансамбль құрып тұратын басқа да тауар ұсынады.және оған белгілі бір мөлшерде жеңілдік береді. Тұрақты клиенттерге немесе үлкен сомаға сауда жасайтындарға автоматты түрде жеңілдік үлес немесе келісімшарт бойынша жеңілдік беріледі. Тапсырысты орындаудың электрондық бақылауына басынан бастап бағдарламалық шешім енгізілген дұрыс. Тұтынушы кез-келген уақытта өз тапсырысының орындалуы туралы деректер ала-алатындай болуы керек. Клиенттер жөнінде кері байланыстың немесе бақылаудың болуы клиенттерге қызмет көрсету орталығына салмақ түсірмейді. Осыған орай өзіңізде де қосымша шығын болмайды- тұтыныушылар саны артқан сайын өздік қызмет көрсету әдісіне көшеді.
Қордың жаңартылу процесін автоматтандыру үшін тауарлы-материальдық басқару модулі бұл қордың белгілі бір деңгейден төмен екендігі анықталған жағдайда автоматты түрде қайта тапсырыс жасайтын болуы керек.
Сіздің Интернет-қорабыңыздың табысты болуы тікелей болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуіңізге және сіздің мүмкінігіңізге байланысты сондықтан басқару модулі болып жатқан өзгерісті жедел енгізуге қажетті барлық міндеттерді орындайтын функцияларды қолдайтындай және өте қарапайым болуы керек.
Кейбір бағдарламалық өнімдер автономдық режімге тестілеу содан соң серверге жіберу сияқты өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Осылайша жұмыс істеу барысында деректер тек бір ғана компьютерге-яғни осы деректер орналасқан және соған орай тиісті бағдарламсы бар компьютерде орналасады. Барлық өзгерістер автономдық режімде жүретін және сонан кейін деректердің барлық базасы серверге жүктелетін шешімдерден қашық болған жөн. Нақты уақыт режімінде ақпаратты жаңартуға мүмкіндік беретін жедел басқарудың интерфейсі ең ыңғайлысы болып табылады. Бұл да өте тиімді шешім емес себебі енгізілген өзгерістер тестіленбейді бірден сіздің Web-парағыңызда бейнеленеді. Дұрыс көрсетілмеген баға сіздің саудаңызға buy com `(www, buy com )-дағы сияқты үлкен зиянын тигізеді.
Бұл желілік қорап өзінде Интернет ішіндегі ең арзан тауарлар бар екенін хабарлады, 1999 жылы ақпан айында 19 дюймалық Hitachi мониторын 164 долларға яғни нақты бағасынан 400 долларға арзан ұсынды. Пайдаланушылар өз көздеріне өздері сенбей клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарлап ешқандай қателік кеткен кетпегенін сұрап білді. Айтылған баға компьютерге енгізілгенін қызмет көрсету орталығы растады. Желі бойынша деректер өте тез таралатындықтан қысқа уақыт ішінде шектен тыс көп тапсырыс түсті. buy com орталығы кеткен қатені кеш анықтап, бастапқы да тапсырысты орындаудан бас тартты сонан соң қоймада қалған 150 дана мониторды желімен хабарлаған бағамен сата бастады да қалған тапсырысты өзгертіп, бағасы 164 доллардан аспайтын әртүрлі маркалы мониторларды тұтынушыларға ұсына бастады. Осыдан кейін buy com -тез арада сату саясатын баға да қате кетуіне байланысты компания тапсырыс қабылдамайтындығы жөнінде қаулы шығарды. Бұл оқиға пайдаланушылардың жаппай арыздануымен аяқталды. Осында ыңғайсыз оқиға ShopNow com (http www ShopNow com) компаниясында да болды. Бұл компания органайзерлерге қате баға қоюына байланысты 50 мың теңгесін жоғалтты. Бағасы 379 доллар тұратын органайзерге 79 доллардан сатылу бағасын қойған. Компания шамамен 250 органайзерге 79 долларлық бағамен тапсырыс қабылдаған. Клиенттерін жоғалтып алмас үшін ShopNow бір органайзерді 79 доллардан тапсырысты сәтті ресімдеген клиенттерге сатып жіберді.
Web-сайттың әртүрлі қорабы осыған ұқсас қателерге қарамастан электронды коммерцияның тікелей серігі болып табылмайды себебі тауар сатушыларға үлкен зиянын тигізеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан байқағанымыз электронды компаниялар қателерден аз зардап шекпейтінін және мұндай қателердің тұтынушылар санының аздығынан тез таралып байқалып қалатындығы белгілі болып отыр. Интенетте қойылған қате баға чаттар, конференциялар жіберу тізіміне байланысты сатып алушылардың кең көлеміне тез арада белгілі болып қалады нәтижесінде компания тапсырыстың астында қалады.
Сондықтан Интернет-қорабының дұрыс жұмыс істеуі үшін (электронды бизнестің кез-келген түрі де деректер базасының және Web-сайттағы «құрылыс алаңының» мүлтіксіз сапалы болуының ерекше маңызы алады. Деректер базасы сапалылығының кепілдігі –ереже жиынтығын орнату құралының базасын тексеру рәсімінің автоматтандырылуы қарастырылған.Мысалы, белгілі бір ассортимент тобы тауарларына ең төмен бағаның көрсетілуі және мүмкін болатын өзгерістердің ең жоғарғы диапазонын анықтау. Осыған қатысты енгізілген өзгерістерді қызметкердің бірінің сайттағы көрсету түрін дәлелдеуі қажет. Электрондық қораптың дәл көшірмесінен тұратын «құрылыс алаңы» болады және ол енгізілген өзгерістерді тестілеуге арналған. «Құрылыс алаңынан» тұратын желілік қорапқа бекітілген жаңа нұсқаны көшіру соның ішінде тікелей сату алаңына көшіру автоматты түрде орындалады. [23]
Таңдалған бағдарламалық шешім компанияның деректер базасына жаңа технологиялар алуына қаржы салуға мәжбүрлемеуі тиіс; керісінше онлайлық сауда алаңын жүзеге асыру үшін бұрыннан бар деректер базасына инфрақұрылым пайдаланылуы керек. Интернет –сауда бағдарламасы сатып алуды орындауға қажетті шінара серверде орналасқан төлем және тапсырысты өңдеу жүйесінің орналасуымен бірге басқа қосымшалармен байланысқа арналған интерфейсті қосу қажет. Басқа да ішкі жүйелермен тіке байланыс клиенттерге сол және басқа да тауарлардың бар екендігі жөнінде ақпарат алуға, тапсырыстың орындалуын қадағалау сияқты қосымша қызмет ұсынуға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларға кеткен шығынды азайту үшін желілік қораптың бағдарламалық қамтамасыздандыруы өзіңізге орнатылған бағдарламалық- аппараттық платформаға сәйкес болуы міндетті. Тауарлы-материальдық қорды басқарудың бұрыннан бар жүйесі Интернет-сауда бағдарламамен байланысқаны жөн, сонда ғана ол клиенттерге тапсырысты орналастырғанға (компьютерге) дейін қорап қоймасында тапсырыс беріп отырған тауардың бар-жоғын біліп алуына мүмкіндік береді. Егер сіз өзіңіздің тұтынушыларыңызға осында түрде қызмет көрсеткіңіз келсе сізге тиісті функция ішкі пайдалануға қажет болады, себебі тауарға қайта тапсырыс беруді жақсы ұйымдастырады. Интернет жүйесінде саудаға арналған бағдарламаны тауарлы-материальдық қорды басқару жүйесімен біріктіру бәрінен бұрын компанияға қанша қаражат қажет ететінін біліп алғаннан кейін шешіледі.
Сіздің Интернет-қорабыңызды HTML-ге ұсыну ауыспалы яғни деректер базасында сақталатын тауарлардың атауы мен бағалары алмасатын шаблондар негізінде орындалуы тиіс. Мұндай әдіс барысында сіз барлық Интернет-қорапқа бөліп-бөліп салуға өзгеріс енгізе алмайсыз, тек Web-парақтарын қолмен өзгерту үшін тек бірнеше шаблондарды ғана өзгертеді.
Маркетинг бөлімі тауарлар жөнінде қосуға, алып тастауға және тауар жөнінде ақпарат беру мүмкіндігінен тұрады. Мысалы, маркетинг бөлімі қызметкерлерінің ешқандай қосымша дайындықсыз деректерді өзгерте алатын болғаны абзал. Мысалы, бағаға арнап қолдау көрсетуге. Басқа да маркетингтік құралдар (клиентті сатып алу тарихы, Web –серверде файлдарды тіркеу, пайдаланушылардың ұсынысы, тікелей бөліп салу, менеджерлік құрылған бағдарламалар) стандартты функциялар сияқты сіздің таңдаған өнімдеріңіз шығуы керек.
Кейбір компаниялар ұсынылған тауарларды пайдаланушылардың қажетті өнімді таңдауын жеңілдету үшін бірнеше бөлімдерге бөліп қояды. Мысалы, Quetle (http www quetle de) өз сайтында бір ғана ірі қорапты ғана емес, бірнеше ұсақ қораптарды да соның ішінде сән киімдерін, компьютерлік технологияны, кітаптарды да ұсынады. Quetle басшылығы өз тәжірибелерінде көз жеткізгендері бірыңғай сауда инфрақұрылымдары мен желілік сауданың бірыңғай бағдарламалық шешімдері болса онда сауданың әр бағытын дербес қорап ретінде ұсынуға болатындығы.
Есеп беруді құру- ең маңызды функциялардың бірі. Тұтынушылардың тәртібі мен сатып алу үлгісі белгілі бір деңгейде визуалануға яғни есеп беру негізінде менеджердің тиісті шешім қабылдауын жеңілдетеді. [1]
Есеп беру күнсайынғы қорапты пайдалушы санын, сауда тиімділігін, сатып алушыларға қажетті тауар түрлерін іздеуге және клиенттерді қанағаттандыру деңгейін арттыруды көрсетеді. Деректерді есеп беру барысында өзгерте алатындай болғаны жөн себебі ол әр түрлі көзқарастағы сатып алушыға немесе тауарға қатысты уақыт бойынша өзгертуге мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету сапасы. Өзіңіздің Интернет-қорабыңыздың мүмкіндігін арттыруды қамтамасыз ету үшін таңдалған бағдарламалық шешім масштабталған болуы керек: мұндай жағдайда сіздің компанияңыз пайдаланып жүрген бағдарламалық қамтамасыздандыруды өзгертуді қажет етпей-ақ көлемін үлкейте алады. Бірдей тиімділіктен тұратын бағдарламалық шешім күніне 50 тауарды және 5 тапсырысты және 5 миллион тауарды және 50 мың тапсырысты өңдейді. Сауда көлемін арттыру барысында аппараттық қамтамасыздандыруды Интернетке қосу түрін алмастыру сонымен қатар архитектураның кейбір фрагменттерін жаңарту қажет болуы мүмкін бірақ базалық бизнес-процесс өзгеріссіз қалуы мүмкін; сіздің сайтыңыздағы сатып алушыларға арналған тәртіп үлгісі дәстүрлі болуы мүмкін.Сіздің енгізген өзгерістеріңіз сатып алушыларды қандай да болмасын жаңа іс-әрекеттерге итермелемеуі тиіс. Осыған байланысты келесі маңызды бір сұрақты қарастырайық. Егер сіздің Интернет-қорабыңыз тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейтін болса да сатып алушылар ағыны үнемі тұрақты болады деп сенуге болады. Интернет-қорапқа сатып алушылардың кіру көптігінің жоғарғы шегі болады.
Интернетте қызмет көрсету күннен-күнге үлкен мәселеге айналып отыр. Нақты әлемде кез-келген тұлға баратын үйдің жанындағы дүкен саны өте көп. Сондықтан сатып алушыларды қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса да, дүкен иесі оған көңіл аудармайды, себебі ол дүкен сатып алушыларға басқа дүкенге қарағанда жақындау болса бәрібір сол дүкенге барады. Ал Интернетте қанағаттанбайтын сатып алушыға таңдау түрі өте көп. Сондықтан да қызмет көрсетуге аса көңіл бөледі. Қандай да болсын тауарды іздейтін пайдаланушы Web-парақтың жүктемесі аяқталғанша күтуіне тура келеді, сондықтан сайттың жүктемесі тез жүретініне ауысып кетеді. Тауар алуға төлем ресімдеген клиент егер осындай жауапты кезеңде серверде тоқтап қалу кідіріс болатын болса бұл сайтқа екінші рет жоламайды.
Қазір көптеген сайттар Интернет-қорап иелері жүктелу шамасы ең жоғарғы шекке жеткен сағаттарда да бас тартпай тоқтаусыз жұмыс істейтіндігіне кепілдік береді. Бұл әрине көп қаржы салуды талап етеді. Басқа әдістерді қарастырайық. Дәл осы уақытта серверде туындаған мәселенің себебін, уақытын анықтау қажет. Нағыз қажет уақыттарда қандай парақтарда жүктеме көп болатындығын ойланған жөн. Осы аталған сұрақтарға жауап тапсаңыз не істеу керек екендігі өзі шешіледі. Егер сізде тұтынушылармен байланысты олар төлем төлеп жатқан кезде бұзып алсаңыз қызмет көрсетудің басым түрін анықтап алыңыз.
Бұл қызмет көрсетудің ең жоғарғы шегі кезінде бірінші кезекте төлем қызметіне сосын-сервердің қалған қызмет көрсету түріне, мысалы каталог қарауға немесе қадетті деректі іздеуге көшкен дұрыс болады.
Ең қарқынды жүктеме кезінде мұндай сұлба серверді қайта жүктеу мәселесін шешпейді, бірақ сізбен бұған дейін сату-сатып алу қатынасына түскен клиенттермен сенімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Егер сіздің кейбір парақтарыңыз тәуліктің белгілі бір уақытында тұтынушылармен толып қалатын болса немесе сіз шамадан тыс көп файлдар ұсынсаңыз, онда бұл парақтар мен файлдарды айналы серверге орналастыру қажет. Бұл үшін тегін хостинг ұсынатын көптеген сайттардың ішінен кез-келгенін пайдалануға немесе бизнес саласы бойынша өз серіктестеріңізге баннерді ғана алмастырмай Web-кеңістігіңізді де ауыстыру жөнінде ұсыныс жасауыңызға болады. Кез-келген жағдайда айналы сайтты пайдалану жергілікті пайдаланушылардың компьютеріне сіздің материалдарыңызды салуды жеңілдетеді. Осыған орай, Сіздің АҚШ- тағы клиенттеріңіз осындай және басқа да ақпараттарды алу үшін еуропалық сайттарға кіруге тырыспайды.
Жоғары сапалы қызмет көрсетудің тағы бір түрі- пайдаланушылар тобының басымдығын анықтау. Өзіңізге бұрыннан белгілі пайдаланушыларыңызға кездейсоқ пайдаланушыларға қарағанда ең жоғары басымдық берілетіні анық. Егер Сізде жұмыс жасап тұрған Интернет-қорап және тұрақты клиенттер-пайдаланушылар болса әрине сіз ендігі олардың ешқайда кетпетіндігіне сенімдісіз. Бекітілген яғни тіркелген клиенттерді ең жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз ету- жаңа келушілерді тартудың ең ұтымды жолы.
Өзіңіздің Web-серверіңіздегі ресурстарды басқаруды оңтайландырыңыз, нәтижесінде сіз қызмет түрін ұсынуда және пайдаланушылар тобына қызмет көрсетуде басым боласыз. Мұндай әдіс сіздің сайтыңыздағы бекітілген-тіркелген тұрақты сатып алушыларға бірінші класты қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді бірақ ол пайдаланушы шектен тыс көп болған кездегі сервердің жұмыс істеуден бас тарту мәселесін шешпейді. Мұндай оқиғаның алдын-алу үшін Web-серверге қол жеткізуді шектеңіз. Мұны әртүрлі әдіспен орындауға болады. Ең қарапайым нұсқасы - пайдаланушы шектен тыс көп болған кезде «Сервер-жүктемесі-шамадан тыс көп, басқа уақытта пайдаланыңыз» деген хабарлама жазып қойыңыз. Пайдаланушының қол жеткізе алмағынынан гөрі бұл әдіс тиімді.
Екінші нұсқа- пайдаланушыладың басқа уақытта сайтқа кіруін сұрағаннан басқа болашақта бұл пайдаланушыға белгілі бір уақытты бөліп қойған оңтайлы болады. Мұндай жағдайда сайттағы хабарлама сервердегі жүктеме жөнінде хабарлайды. Бірақ онда 30 секунд мөлшерінде күте тұруды ұсынады және компьютердегі сайтқа кіруші сіздің таіуарыңызға қол жеткізе алады. Қол жеткізуді шектеудің тағы да бір әдісі автоматты түрде барлық жаңа енушілерді басқа серверге жолдайды. Бұл үшін тұтастай серверді басқа серверге айналы түрде көшіру немесе бірдей жүктемемен бірнеше серверден төңіректікк кластер құрған дұрыс болады. Бұл шешім егер сізде жетклікті мөлшерде үлкен қорапты электронды магазин болса ғана үмітіңізді ақтайды. Қарастырған нұсқауларға қарап отырып сіз қызмет көрсету сапасын көтерудің қиындығына көз жеткізген боларсыз, бұл шынында да солай.Оның бір ғана жолы- WebQoS (http www hp com/ go/ webqos ) деп аталатын шағын бағдарламаны құру болып табылады, ол серверге орнатылады және ережемен қамтылады. Бұл бағдарламаны Hewlett – Packard дайындаған, оны компания сайтынан тегін жүктеуге болады, HP –UX Linux Windows NT WebQos платформаларға арнап пайдалануға болады. Бұл бағдарлама сіздің қызмет көрсетуіңіздің сапалы болуына және бір мезгілде аппараттық қамтамасыздандырудың талабын азайтуға көмектеседі. [23]
Достарыңызбен бөлісу: |