І тарау Интернет туралы негізгі тїсінік жјне оныѕ аспектілері



бет13/15
Дата08.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#113452
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дипломдық жұмыс

Қорытынды

Internet- бұл бір маркетингтік арна. Оның мүмкіндіктері мен заңдарын білу міндетті және өз мақсатына орнымен пайдаланған жөн. Нақты міндеттер қойып әртүрлі әдістерін байқап қараған және тиісті құралдар пайдалана білген дұрыс. Қазіргі уақытта сайт дизайнын ғана құрып қоймайтын Internet көмегімен маркетингтік міндеттерді шешу мәселесімен нақты айналысатын провайдерлер мен дизайн студиялары жұмыс істей бастады. Олардың берген кеңесі тиімді және құны арзан. Internet-ті тиімді түрде пайдалана алмаудың кейбір себептері мынандай: Фирмаларда Internet-ті пайдаланудың нәтижесін түсінбетін Internet-тен хабары жоқ, маман емес тұлғалар жұмыс істеп отыр. Internet-тің, Web –сайттың алдына дұрыс тиімді мақсат қоя білмеу немесе мақсат қоймау ол да Internet-ті тиімді пайдалана алмауға әкеліп соғады. Internet-тің, Web –сайттың жұмысын жоспарлаған да тиімді.


Бүгінгі таңда Internet саласын арттыруға арналған негіз немесе негізгі сенім артатын жағдай- Internet арқылы сату көлемінің үнемі өсіп отырғандығы және желідегі жарнамадан түсетін пайданың молдығы, әрі Internet-тің мүмкіндіктерінің әлі де ашылмаған құпиялары яғни мүмкіндіктерінің өсуі.
Нақтырақ айтқанда-Internet-жобаның қарқынды өсуі, жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа техикалық мүмкіндіктердің ашылуы (баннерлік желі, Internet-қораптар, Internet-тегі деректер базасы) провайдерге бәсекелестердің артуы және қызмет көрсету бағасының төмен түсуі және т. б. Күннен күнге өте ірі фирмалар Internet-ті қарқынды пайдалануда. Қазіргі заманғы технологиялар ішінен Internet- нарығы ерекше –нарық. Басқалардан айырмашылығы өте тез және тұрақты түрде даму үстінде.
Қазақстандағы Интернет желісінің тиімділігі, пайдасы және бізідңі аймақ бойынша жетіспеушіліктері. «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі құрылған аз уақыт ішінде біраз Интернет-жобаларды жүзеге асырды. Олар негізінен бірлестіктің негізгі қызметіне сәйкес келетін қазақша веб-сайттар жасау және жүргізіп отыру. Атап айтсақ, мына төмендегі жобалар:
Журналистер қауымы мен хабарға елеңдеуші жұртшылық үшін Ұлттық баспасөз клубының сайты (www.kazmedia.kz) ақпарат кеңістігінде таптырмас құрал бола алады. Түрлі ұйымдар мен мекемелердің өткізетін баспасөз мәслихаттары мен хабарламалар жайында ақпар алуға болады. Сонымен қатар осы сайттан осы баспасөз клубы туралы мәліметтермен танысуға болады.
Еліміздің сонау 1919 жылдан бері шығып келе жатқан ардагер басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің сайтынан (www.egemen.kz) күнделікті болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтар туралы, тарихи, мәдени және тағы басқа мақалалар оқи аласыздар.
http:///«Арт-Балет Қазақстан» қорының сайтынан (www.art-ballet.kz) осы балет өнері туралы мағлұматтар, қордың жұмысы, оның ұйымдастырып жүрген конкурстары мен фестивальдары жайында материалдар қарауларыңызға болады.
Халықаралық балет артистерінің конкурсы (www.almatyibc.com) сайтынан осы шараның анық-қанығын біліп, оған қалай қатысуға болатын білуге болады.
Қазақстанда тұңғыш ашылған «Қазақ» интернет-газетінің сайтынан (www.qazaq.kz) халқымыздың ұлттық мәселелері – тіл, дін, тарих, мәдениет турасында өткір мақалалар мен материалдар таба аласыздар.«Халық дабылы» қоғамдық қозғалысының сайтынан (www.halykdabyly.kz) осы ұйымның атқаратын қызметі мен жұмысы, ұлттық мәселелер туралы мақалалар мен материалдар таба аласыздар.
«Дала мен қала» және «Страна и мир» газеттерінің веб-сайттарынан осы қоғамдық-саяси апталықтардың әр жұма сайынғы кезекті нөмірлеріндегі мақалалар мен материалдарды оқи аласыздар. Оған қоса газет редакцияларының ұжымдарында қызмет ететін журналистер туралы және де аталмыш басылымдардың мұрағаттарын қарауға болады.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Интернеттегі өкілдігінен (www.kazaktar.kz) осы ұйымның атқарып жатқан жұмыстары, оның тыныс-тірішілігі, сонымен қатар әлемнің әр түкпіріне шашырап кеткен қандастарымыз туралы мәліметтер алуға болады. Осы сайт арқылы әрбір адамның қауымдастыққа электрондық хат жазуына мүмкіндігі бар. Сайттың латын қарпіндегі нұсқасы да жұмыс істейді.
Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының веб-сайтынан (www.philharmonic.kz) осы мекеменің тарихы, оған қарайтын ұжымдар мен қызметкерлер, олардың репертуарлары және тағы басқадай мәліметтер алуға болады. Бұл Интернет-өкілдіктің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары бар.
Жақында ашылса да негізінен ұлт мүддесін қорғап жүрген «Айқап» газетінің веб-сайтынан (www.ayqap.kz) қазіргі кездегі қазақтың ұлт мәселелері мен проблемалары туралы қызықты да тартымды мақалалар оқи аласыздар. Оқырмандар сондайақ сайт бетінен әр тақырыптағы жаңалықтармен танысуларына мүмкіндік бар.
Қортындылай келе мен диплодық жұмыста халықаралық интерент желісін, қазақстандық интернет желісін қарастырып, оны нарық жағына өте маңы зор, және болашақта интернет комерция казіргі дәстүрлі комерцияны шектіреді деп ойлаймын. Себебі кейінгі жылдарға қарағанда интернет комерция 40-50 пайзға өсті.[13]
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімде қарапайым электрондық дүкеннін шаблонын құрып, оны талқылауға тырыстым. Қазіргі кезде Қазақстанның электрондық дүкендерге 24 сағат ішінде 3 мыңнан асатын адам кіреді. Күнен күнге электрондық дүкендер жай бөлме дүкендерге шынайы қауып-қатер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет