І тарау Интернет туралы негізгі тїсінік жјне оныѕ аспектілері


ІІІ Бөлім «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында Интернетті коммерциялық қолдану жолдары



бет10/15
Дата08.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#113452
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дипломдық жұмыс

ІІІ Бөлім «Желаев нан өнімі» ААҚ комбинатында Интернетті коммерциялық қолдану жолдары


3.1 Ақпараттық технология (ІТ) бөлімінің жұмысы және БЖА (АСУ) бөлімінде Интернетті қолдану

Қазіргі уақытта барлық компаниялар жоғарғы технологиялық шешімдерді барлық жерде пайдалану жағдайында бәсекеге қабілетті болу үшін ақпараттық технологияны қажет етеді. Бірақ ІТ ерекшелігіне және оны енгізу және пайдалану әдісіне және кәсіпорын көлеміне байланысты айырмашылығы болуы мүмкін. Егер штат кестесі бойынша адам саны 50-ге дейінгі фирмада ІТ қажетті құрал жабдығының жиынтығы бір автоматтандырылған есеп жүйесі мен біліктілігі орташа бір администраторлық жүйе қызмет атқара алады, ал ірі ұйымдарда ІТ инфрақұрылымын құру үшін ІТ бөлімін құрып алған жөн. Сонымен ақпараттық технология не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын кәсіпорындардағы ақпарат ағыны жұмысының кейбір мәселелерін қарастырайық.


ІТ байланысты сол және басқа да саланың қажетті жұмыс көлемін қамтамасыз ету үшін бір адам кейде он адам да аз.
ІТ барлық салалары бойынша бір адам біліктілігі жететін маман болуы мүмкін емес. Осыған орай қызметкерлердің жеке еңбек шарты штатында әртүрлі саланың мамандары болуы шарт.
Қай мекемеде болмасын әрбір маман өзіне жүктелген функциялық ғана атқарып, белгілі бір жұмыс учаскесіне жауап береді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде әртүрлі міндет атқаратын бірнеше адамдардың жұмысы өз ара үйлесім табуы керек, себебі бұл тек жеке еңбек шартында қойылған міндет ғана емес, тұтас кәсіпорынның міндеті.
Осы мәселелерді қарастыра отырып, мынандай тұжырымдамаға келеміз; ІТ бөлімі жәй әншейін құралдар жиынтығы емес, әр түрлі саланың мамандары тіл табысып тату-тәтті жұмыс істейтін компания. Осылайша, жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін ІТ компаниясы бұл ІТ құралдарының ІТ саласы мамандарының өз ара байланысты жиынтығы. Олардың мақсаты:
Ақпараттық технологиялармен қамтамсыз ету; ақпараттық ағынды оңтайландыру құралдарымен компанияның іс-әрекет тиімділігін арттыру; Компанияның ІТ бөлімі төмендегідей міндеттерді атқарады:
ІТ жобасын жүзеге асыру, ақпараттық жүйенің жұмысқа қабілеттігін қамтамасыз ету, компанияның басшы құрамына ІТ жаңа мүмкіндіктерді және оларды басқару технологиясын ұсыну.
Бөлімнің іс жүргізуін, ІТ бюджетін жүргізуді, ІТ активінің есебін жүргізуді; ІТ-ны кадрлық құраммен қамтамсыз етуді;
ІТ бөлімінің кадр құрамына қатысты тоқталсақ, көп жағдайларда ол төмендегі сала қызметкерлерінен тұрады:

Желілік қамтамасыздандыру жөнінде маман жұмыс барысында желіде туындаған мәселені анықтайды, пайдаланушылардың талаптарын талдайды, желілік құрал-жабдықтарды қолдау және жөндеу жұмыстарын үйлестіреді; бағдарламалық және аппаратттық желілік қамтамасыздандырудың сәйкестігін қамтамасыз етеді, есеп беру саласына бюджет дайындайды, және ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, біліктілігі төмендеу техникалық персоналдарға жетекшілік етеді, Жүйелік талдаушы бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыру конфигурациясын анықтауға арналған пайдаланушылар талаптарына талдау жүргізеді; бағдарламалық және аппараттық немесе қамтамасыздандыруды қолдау бойынша есеп дайындайды, техникалық ІТ қамату және пайдалануға енгізу, сынақтан өткізу процестерін үйлестіреді; бұрын бар бағдарламаның кодын түрлендіруге және жаңа бағдарламаға арнап код құру мәселелеріне талдау жүргізеді;
Бағдарламашы кешенді бағдарламалаудың түрлендірілуін жетілдіруге қатысты мәселелерін шешеді
Жүйелік админстратор бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыруды орнатады, есептеу техникасының операциялық жүйесі жұмысын оңтайландырады, бағдарламалық қамтамасыздандырудың ақауларын анықтайды, пайдаланушының талабын талдайды, бағдарламалық қамтамасыздандырудың жұмысын жақсарту бойынша қосымша мүмкіндіктер ойластырады.
Пайдаланушыны қолдау бойынша маман бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыруды орнатуға және диагностика жүргізуге жауап береді, ақырғы пайдаланушыға техникалық қолдау көрсетеді, кеңес береді, компьютерлік техниканы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жауапкершілікте болады, компьютерлік техникаға және оргтехниканың шығындық материалдарының болуын қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға техникалық мәселелер бойынша кеңес береді.
ІТ бөлімінің жетекшісі- есептеу техникасына қызмет көрсетуге қатысты кез-келген іс-әрекетке басшылық жасайды: таңдау процесіне, орнатуға, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыруды қолдауға бақылау жүргізеді; ІТ саласының қызметін ұсынатын серіктестермен байланысты бақылайды; бөлім мамандарын оқытады, кадр таңдаумен айналысады, олардың жұмыс нәтижесін талдайды; қызметкерлерді оқытумен айналысады.
21-ғасырдың басында ақпараттық технология әлемін «Интернетсіз» елестету мүмкін емес. Бизнесте интернет тек қашық аймақтармен байланысу құралы ғана емес, сонымен қатар жаңа нарықтың вэб-сайт визиттік карточкесін пайдалануды қажет етеді.
Вэб-сайт визиттік карточкесінің түріне (сайт-визитка, ақпараттық портал, Интернет-магазинмен интерактивті портал) байланысты талап етілетін мамандар саны мен түрі анықталады. Ең күрделі жағдайда ІТ бөлімінде төмендегі мамандар болуы керек:
РНР/ АSP/ Perl/ JavaSceript бағдарламашы SQL-деректер базасы басқару тілін білетін болуы шарт.
HTML CSS/Flash-вестальшы
Контент-менеджер мәтіндік және кестелік ақпараттарды сайтқа орналастыру үшін редакциялаушы маман.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды ірі динамикалық түрде дамыған Интернет жобасын құру бизнес аласына үлкен пайда келтірер еді.
Мен «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ –да практика өту барысында басқарудың автоматтандырылған жүйесі немесе дайындау бөлімінде жұмыс істедім.
Бұл - бөлім кеңселік техникаларды қолдаумен, дайындаумен және өндірісті Бақылауға арналған бағдарламаны қолдайтын, бухгалтерия мен қаржылау саласын және сауда бөлімдерін сонымен қатар комбинаттың электронды есептеу техникаларын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандырумен айналысатын ІТ бөлім. .Мұның штатына үш қызметкер кіреді:

  1. бөлім бастығы

  2. бағдарламашы

  3. кіші бағдарламашы

Бөлім бастығы АDАМ бақылаушысын бағдарламалаумен және оған бағдарлама дайындаумен айналысады. Сонымен қатар төңіректік желіге қолдау көрсетеді және Сервер комбинатты админстрациялайды.
Бағдарламалаушы ішкі желіні админстрациялаумен айналысады.
Кіші бағдарламашы кеңселік техникаларға (картридж ауыстырады, тонерді алмастырады және басқа да бағдарламалық және апаратттық құралдарды ауыстырады.
«Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ –да Интернетті сауда саласында пайдалану және оған қол жеткізу АСУ-дан соның ішінде ІТ бөлімі арқылы жүреді. Компьютердің машультизаторы арқылы Интернет керекті компьютерлерге бөлінеді. Handy Сash бағдарламасының көмегі арқылы трафик бақылауы және админстратор үнемі қандай сайтта қанша трафикті Интернетке қосылған компьютер иеленушілер пайдаланып отырғанын біліп отырады. «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ –да Интернетті тиісті дәрежесінде толық ммүкіндікпен пайдалана алмай отыр деп ойлаймын. «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ –да Интернетті электронды пошта арқылы хат жазысуға және келісімшарттарды қабылдау мен жіберуге ғана пайдаланып отыр. Серіктестерді іздеу, өнімді пайдаланушылармен хабарласу, өндіріске қажетті техникалар жөнінде мәлімет алумен ғана шектеліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет