Қазіргі уакытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда жинақталган тәжірибеге арқа сүйейді, ал оның негізгі тірегі балабақшалар.
Республикада мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы нарықтық экономикаға көшумен (1991-1998 жж) байланысты балабақшалардағы балалар санының күрт төмендеуімен сипатталады.
1993 жылдары республикада орыс тілді 8053 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істесе, олардағы балалардың мөлшері 747,4-ті құраған. Бұл жылдары қазақ балабақшалары 2424-ке жетуі, олардағы балалардың саны 190,3 болуы қуанарлық жәйт еді. 1988 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі қазақ мекемелерінің саны 1434-ке артып, ал олардағы балалардың саны 1246-ға жеткен.
1994 жылдан 1998 жылға дейін біздің еліміздегі мектепке дейінгі мекемелер мөлшері және ондағы балалардың саны қысқару тенденциясына ұшырады. Балабақшалардың жабылып, ал олардың ғимараттары коммерциялық құрылымдарға берілуі жиі кездесетін жағдайға айналды. Контингенттің қысқаруына республиканың экономикалық жағдайындағы өзге де жағымсыз құбылыстар әсер етті, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстап тұру үшін төленетін ақының жоғарылығы, өндіріс орындарындағы жұмыссыздық немесе олардың жұмысының тоқтап қалуы, онымен бірге ананың еріксіз демалысқа шығуына тура келді. Балабақша ақысы тұрғындар алатын жалақының кешіктірілуіне, әсіресе, елді мекендерде уақытында берілмеуіне байланысты төленуден қалды.
1994 жылы 6551 мектепке дейінгі мекеме болса, 1995 жылы олар 5058-ге азайып, баланың саны 4072-ге түсті. Содан әрі қарай 1997 жылы 3850 балабақша қалып, 3229 бала тәрбиеленді, 1998 жылы -1558 балабақша 1706 баланы қамтыды. (В қосымша)
Бұл кезеңде балаларды мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен қамту проблемасы күрделі және қарама-қайшылықты болып қала берді. Бір жағынан - жеке, акционерлік, кооперативтік және өзге де мектепке дейінгі мекемелер желісі кеңейді. Екінші жағынан - пайдасыз мекемелер саналып көптеген мектепке дейінгі мекемелер желісі қарқынды түрде қысқарды.
Мемлекеттік бюджетпен балалықты қорғауға жәрдем көрсету шаралары қабылданғанымен балабақшаларды жабу үрдісін нарыққа өтумен байланысты тоқтату мүмкін болмады.
Бұған қоса мектепке дейінгі тәрбие саласын қаржыландыруға жеке капиталды тарту, білім беруге арнайы салық, қосымша ата-аналық төлем және басқалары арқылы мүмкіндіктерді пайдалану көзделді. Ұсыныстар мен нақты шаралар "Өтпелі кезеңде халыққа білім беруді тұрақтандыру және дамыту бағдарламасында' баяндалып, үкіметке тапсырылды.
Біздің қоғамымыздағы мақсатты ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие салысының артқа шегінуі экономикалық дағдарысты жағдайға және балалар мекемелері дамуының бұрынғы мемлекеттік құрылымы- мен ғана байланысты емес, сондай-ақ ол қоғамдық сана мен мәдениеттегі орын алған балалықтың ролін және баланың жалпы дамуы, бала өміріндегі мектепке дейінгі дамудың ролін түсінудегі олқылықтармен де байланысты. Сонымен бірге, 1998-1999 жылдардағы мемлекеттік қаржыландыруды реформалау да мектелке дейінгі тәрбие жұйесіне өз әсерін тигізді. Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме ретінде тіркеу құқығының жергілікті басшыларға берілуі бірқатар аймақтарда балабақша үшін төлемнің өсуіне, ал ол өз кезегінде балалардың балабақшалардан одан әрі қол үзуіне алып келді.
Бұл кезеңдегі күрделі проблемалардың бірі балабақшаға бара алмаған балаларды мектепке дейінгі дайындықтан өткізу мәселесі болды. Білім министрілігі халыққа білім беру бөлімдеріне тәрбиелік - білімдік дайындық үшін топтар ашу (сәйкес мұмкіндіктер бар болған жағдайда) жайлы ұсыныстар жасады. 96 сағаттық бағдарлама бойынша балабақшәда дайындыққа ұқсас тәрбиелеу және оқыту ұстанымдары негізге алынган сыныптар ашылды.
Бүгінгі күні 100 баланың 14-нің ғана мектепке дайындығы жолға қойылған. Бұл жағдай бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысына ерекше қиындықтар туғызуда. Атап айтқанда, бірінші сыныптағылар жаңа үлгідегі дайындығы бар балаларға арналған оқулықтарды меңгеруде белгілі бір қиындықтарға кездесуде.
Бұл сатыдағы қазіргі кезеңдегі басты проблема - балабақшаларға сұраныс пен олардың жаппай қысқаруына байланысты жеткіліксіздігі арасындағы теңсіздік. Балабақшаларың одан әрі қарай жабылуы балалардың орта білім алу деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне алып келуі мумкін. Мұның өзі қоғамымыздың дамуы үшін ұзаққа созылмаса да жағымсыз әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгінгі жағдайын талдай келе біз мына төмендегідей қортындыға келеміз:
- жалпы білім беретін мектепте оқытудың құныдылық бағдарлары түбірімен өзгеріске ұшырайды;
- үздіксіз білім берудің негізгі буы стандартының ой-өрістік және ақпараттық, сондай-ақ адамгерші қуаты артады.
Еркін тәрбие, қарым-қатынасын дамытушы және гуманистік мазмұн субьектілердің терең және шығармашылық қарым-қатынасы, өзіне бағалау және өзін-өзі дамыту кеңістігіні жасалуы және тағы басқа.
Мектепте білім берудің негіз ұстанымдарына балалар енді мектепке жан-жақты дайындықпен келуі қажет дегенді білдіреді. Әсіресе, құрдастарымен, ересектер және педагогтармен қарым-қатынас мәдениеті аса маңызды. Сондықтан да балабақша нольдік деңгей емес, жалпы білім беретін мектептің деңгейі емес, ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді атқарушы, өзіндік әлеуметтік статусқа ие, жалпы білім беретін мектептің заңды бастапқы (алғашқы) буыны болып табылады. Балабақшалар ұйымдарының барлық түрлері мен типтері мемлекет тарапынан қорғалуы және сыртқы дүниемен қарым-қатынасы реттелуі, мектепке дейінгі білім берудің қаржылық қолдау ынталандырылуы қажет. Мектепке дейінгі білім беру институтын сақтап қалудың қажеттігін ойлағанда қоғамның ауқатты топтарының балаларын балабақшада оқыту, тәрбиелеуден гөрі өз қаражаттарын аямай гувернанткалардың жұмысын жоғары бағалау фактісі алаңдатады.