1.1 Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік мәні...........................................5
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелелеу, білім беру
жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыру................................................................10
1.3 Балабақшадағы тәрбиені дамыту мониторингі......................................13
ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту жолдары 2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру
және дараландыру...........................................................................................16
2.2 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын жекелей және
даралай жүргізу......................................................................................................19
2.3 Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігі..........................21
Қорытынды...................................................................................................................26 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27 Қосымша.........................................................................................................................28
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.