ІІ.1. Жалғауларды оқытудағы көрнекіліктердің маңызы
Дидактикалық прициптердің бірі- оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды (магнитафон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және көру сөзімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.
Демек, мұғалімнің түсіндірумен қоса, есту және көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай , сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданатын көрнекілік - кесте. Ол бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық және синтакситік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан-салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді.
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөздерде, жалпылама сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.
Ал граматикалық кесте меңгеруге қиын сөздерді түсіндіру мақсатында пайдаланылады. Мысалы, сын есім, зат есім, сан еісм, есімдік, етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |