Білім беру мекемелерінде балаларды тексеру мерзімдерін негізде: («Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде логопедиялық пункттерді ұйымдастыру жөніндегі ережелерге» сүйеніп).
Тәжірибеліктапсырмалар Сөйлеу карталарын талдап, логопедиялық тексерудің кезектілігін, мазмұнын белгілеу. Кешенділік, жүйелілік, жан-жақтылық, динамикалық тәсіл қағидаларының іске асырылуын көрсету.
Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:
1-тапсырма Тексеру қағидасын ата:
көрнекілік
дифференциалды тәсіл
жан-жақтылық
ғылымилық
саналылық
2-тапсырма Тексеру түрі:
бақылау
әңгімелесу
анамнез жинау
тереңдетілген
динамикалық
Қойылатын талаптарға сәйкестігі жас ерекшеліктерін ескеру, бағдарлама материалына сүйену т.с.с. көзқарас тарапынан тексеру әдістемелерін талдау.
Балалардың фонематикалық түсініктерін, сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеруге арналған материалды іріктеуге қойылатын талаптарды сипаттап ата.
Тексерудің төмендегідей әдістемелерін дайындау:
фонематикалық түсініктерін,
балалардың дыбыс айтуын.
Балалардың моторлы сферасының дамуын айқындауға, жалпы, сөйлеу анамнездерін жинауға арналған сұрақтар тізімін құрастыру.