I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет6/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Логопедияға ғылым ретінде анықтама беріңіздер.

  2. Логопедияның пәнін, әдістерін, принциптерін ашып айтып беріңіздер.

  3. Логопедия пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атаңыздар.

  4. Сөйлеу тілі жүре пайда болатынын дәлелдеңіздер (мысал келтіріңіздер).

  5. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеңіздер.

  6. Заманауи логопедияның өзекті мәселелері қандай?



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред. М., 1989. 1тарау.

  2. Қ. Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев. Логопедия.Алматы, 1996.

  3. Филичева Т. Б. және б. Основы логопедии.М., 1989.

  4. Қ. Қ.Өмірбекова, Тулебиева Г. Н., т.б. «Логопедия негіздері». Алматы, 2009

  5. Хрестоматия по логопедии. Л. С.Волкованың, В. И. Селиверстовтың ред. М., Владос, 1997.

  6. Степанов С. С. Дефектология. Словарь-справочник. Б. П. Пузановтың ред. М., 2005.

  7. Қ. Қ.Өмірбекова. Логопедияның терминологиялық сөздігі, Алматы, 2007.

  8. Коржова Г. М., Байтурсынова А. А. История специального образования в Республике Казахстан. Алматы, 2003.

  9. Коржова Г. М., Оразаева Г. С. Из истории развития системы логопедической помощи в Казахстане. Алматы, 2004.

  10. Выготский Л. С. Мышление и речь / Собр. соч. – М., 1982. – Т. 2. 6 – 361б.

  11. Леонтьев А. А. Язык, речь, речевая деятельность. – М., 1969.

  12. Лурия А. Р. Основы нейропсихологии. – М., 1973. – 374б.


  1. БӨЛІМ. СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмін жақсы білу, (сөйлеу әрекетінің құрылымы мен оның функционалды ұйымдастырылуын) біріншіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің күрделі механизмін, екіншіден, сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.


Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты роль атқарады.
ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше
«оқшаланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. П. Павлов бұл ойға жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғырлануы (локализациясы) тек күрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дәлелдеп, оны «динамикалық локализация» деп атаған.
П. К. Анохин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия және т.б. ғалымдардың зерттеулері бойынша кез келген жоғары психикалық қызметтің негізі жеке
«орталықтар емес», орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде
орналасқан, бір бірімен біртұтас әрекетпен байланысты күрделі функционалды жүйелер болып табылады.
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психиқалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде (коммуникация) адамдар бір бірімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі.
Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грамматикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппаратының артикуляциясы арқылы айтады.
Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген болып, еріксіз іске асуы керек.
Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана ескереді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек екені, қай кезде тыныс алу керек екенін, т.б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Сөйлеу механизмінің әрекетін түсіну үшін сөйлеу аппаратының құрылымын жақсы білу қажет.
Сөйлеу аппараты дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе (Правдина О. В.).
Сөйлеу аппараты бір бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық (реттеуші) және перифериялық (шеткі- атқарушы).
Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Ол реттеу функциясын атқарады. Бұл бөлім ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы асты ядролардан, ми өзегі, ми өзегі ядроларынан, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады.
Орталық сөйлеу аппаратының және оның бөліктерінің қызметі қандай? (неде?)
Сөйлеу жоғары жүйке жүйесінің басқа да көріністерімен қатар рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері мидың әр түрлі бөліктерінің әрекетіне байланысты, дегенмен сөйлеудің жасалуында ми қыртыстарының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Әсіресе мидың сол жақ қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері (солақайларда оң жақ).
Ми қыртысының шеке бөлігінің төменгі қыртысында Брока орталығы орналасқан. Адамның дауыс шығару және сөйлеу процестері осы орталық арқылы іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде басқа адамның сөйлеген сөзін естіп – түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан
(Вернике орталығы). Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қыртыстарының төбе бөлігі естіп, сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігінде орналасқан көру орталығы
арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Баланың тілінің дамуы ересектердің артикуляциясын көріп қабылдау арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кезде анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне әсерін тигізеді.
Сөйлеу аппаратының барлық мүшелері ми өзегі ядроларына шығатын бас сүйек-ми жүйкелермен қамтамасыз етілген.
Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімі мидан шығатын қос жүйкелермен қамтамасыз етіледі (V-үшкіл, VII-бет, IX - тіл-жұтқыншақ, Х- кезбелі, XI-қосымша, XII-тіл асты).
Үшкіл қос жүйке (V) адамның төменгі жағын қимылға келтіреді; бет қос жүйкесі (VII) бетті әртүрлі қимылға түсіретін, соның ішінде ерінді және ұртты қимылға түсіретін бұлшық еттерді; тіл-жұтқыншақ (IX), кезбелі (X) қос жүйкелер дауыс перделерімен көмей бұлшық еттерін, жұтқыншақпен жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің қимылын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тіл-жұтқыншақ қос жүйке тілдің сезімтал жүйкесі, ал кезбелі қос жүйке тыныс алу мүшелерімен жүрек бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Қосымша

  1. қос жүйке мойын бұлшық еттерінің, ал тіл асты (XII) қос жүйке тілдің әртүрлі қимыл жасауын қамтамасыз етеді.

Осы нерв жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары (Брока және Вернике) шетте жатқан сөйлеу аппаратының мүшелерімен тікелей байланысып, бір біріне серпіндерін (импульстерін) жіберіп отырады.
Белгілі психолог А. Р. Лурияның орталық нерв жүйесінің жұмысының принциптері жайындағы көзқарасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Ол мидың жұмысында функционалды үш блокты ажыратады.
Бірінші блокқа ми қыртысы астындағы ядролары, екінші блокқа ми қыртысының артқы бөлігі кіреді, ол сырттан сезім арқылы келген информацияны қабылдап, сақтайды. Атап айтқанда осы блок танымдық процестерді қамтамасыз ететін мидың негізгі аппараты болып саналады. Екінші блоктің құрамында бірінші реттік, екіншіреттік, үшіншіреттік зоналар ажыратылады.
Бірінші реттік зоналарда белгілі сезім мүшелерінен мәліметтер қабылданады. Бірінші реттік зоналардан алынған серпіндерін талдау екіншіреттік зоналар арқылы іске асады. Бірінші реттік және екінші реттік зоналар белгілі бір анализатордың бөлігі болып табылады (есту, көру, т.б.).
Үшінші реттік зоналар қабылданатын сезім мәліметтерін талдау, жинақтау және интеграциялау қызметін атқарады.
Үшінші блок үлкен жарты шардың алдыңғы бөлігінің қыртысынан тұрады. Ол адамның тәртібін жоспарлап, реттеп, бақылайды және ми асты қыртыстарының жұмысын реттейді.
Осы блоктардың қызметінің өзара тығыз байланысы нәтижесінде сөйлеу процесі іске асады. Сонымен қатар, сөйлеу процесінде әр блок арнайы өз қызметін атқарады. Сөйлеу әрекетінің бұзылуының спецификалық симптомдары мидың зақымдалған бөлігіне байланысты байқалады.
Сөйлеу аппаратының шеткі бөлігі (атқарушы) үш бөліктен тұрады: тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық бөлігі.
Демалу бөлігіне адамның кеуде қуысы, өкпесі, бронхылары және кеңірдегі кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет