69
1. артикуляциялық бұзылыстар;
2. дауыстың бұзылуы:
а) дауыстың жоғарлығының бұзылуы:
- дауыстың бұзылуы (ломка)
- дауыстың вариациясының болмауы.
б) дауыстың қаттылығының бұзылуы
в) мұрындық ренкпен сөйлеу (гнусавость)
г) тыныс алудың бұзылуы
д) дауыстың қырылдап шығуы
3. Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы
– тұтықпа.
Бұл классификацияның құрылу критерийлері рессейлік классификацияға
қарағанда басқаша. Бірақ, қандай классификация болмасын, барлығы
логопедиялық жұмысты жаңартуға бағытталған. Сонымен, тіл кемістіктерін
талдау, топтастыру мәселесі әліде өзекті мәселе деуге болады.
Сөйлеу тіл кемістіктері ұзақ уақыт медициналық-биологиялық пәндер
циклының зерттеу пәні болғандықтан сөйлеу тілі бұзылыстарының
клиникалық топтастыру кең таралған (М. Е. Хватцев, Ф. A. Pay, О. В.
Правдина, С. С. Ляпидевский, Б. М. Гриншпун және т.б).
Клиникалық-педагогикалық
топтастыру
тіл
кемістіктерінің
анатомиялық- физиологиялық механизміне және осы кемістіктерінің пайда
болу себептеріне негізделген.
Бұл топтастыру тіл кемістіктерін бір белгілі сырқатпен байланыстырмайды,
түзету жолдарын қарастырады. Топтастырудың негізіне психологиялық -
лингвистикалық және клиникалық өлшемдері (критерийлері) алынған. С.С.
Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалық-педагогикалық топтастыруда
тіл кемістіктерін үш жақтан қарастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: