I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет9/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   230
Байланысты:
Логопедия

2
 
сурет. Баланың артикуляциялық аппараты 
1.тілшік; 2.тіл түбірі; 3.азу тістер; 4.астыңғы күрек тістер; 5.астыңғы 
ерін; 6.жоғарғы ерін; 7.жұмсақ таңдай; 8.таңдай доғасы; 9.жұтқыншақтың 
артқы қабырғасы; 10.тілдің шеткі бүйірі; 11.тілдің ортасы; 12.тілдің 
орталық сайы; 13.тілдің үшы. 


20 
3 сурет. Артикуляциялық мүшелерінің кескіні:
1 – ерін. 2 – тістер, 3 
– а львеолалар (қизыл иек), 4 – қатты таңдай, 5 – жұмсақ таңдай, 6 – дауыс 
перделері, 7 – тіл түбірі, 8 – тіл арқасы (ортасы), 9 – тіл ұшы 
Тілдің бұлшық еттері:
ішкі (жоғарғы бойлық, төменгі бойлық, көлденең, 
тік) және сыртқы (иектік-тілдік, тіласты-тілдік, таңдайлық-тілдік, біз тәрізді-
(шилоязычная ) болып бөлінеді. 
Ішкі бұлшық
еттерінің жиырылу кезінде тілдің формасы және жеке 
бөліктерінің қалпы өзгереді: 
а) жоғарғы бойлық – тілді жоғары қалыпта ұстап, тіл ұшын жоғары қайыра 
алады; 
б) төменгі бойлық – тілдің ұшын төмен қаратады; 
в) көлденең-тілді жіңішкертеді, ұшын үшкірлетеді; 
г) тік – тілді жалпақтатады, оны ауыз қуысының астына орналастырады. 
Сыртқы бұлшық еттерінің
жиырылуы тілдің қимыл-қозғалысын 
қамтамасыз етеді (біртұтас мүше ретінде): 
а) иектік-тілдік–тілді алдыға шығарып, жоғары ұстауға жауап береді; 
б) тіласты-тілдік – тілді ауыз қуысының астына түсіріп, тілдің түбірін 
төмендетеді; 
в) біз тәрізді – тілді ішке тартып, оны таңдайға қарай көтереді. 
Тіл бұлшық еттері қос болып келеді. Әр дыбыс күрделі бұлшық ет 
синергияларының нәтижесі, яғни әр түрлі функционалды топтарға жататын 
бұлшық еттерінің бір мезгілде жиырылуы. 
Дыбыстарды айтуда тіл бұлшық еттерінің ролі өте маңызды. Өйткені, 
тіл барлық дауысты және түгелге жуық дауыссыз (еріндік дыбыстардан 
басқа) дыбыстардың шығуына қатысады. Олардан басқа артикуляторлы 
актқа ерін және бет, мойын бұлшық еттері, астынғы жақ сүйектерін көтеруге 
көмектесетін бұлшық еттері қатысады. Жұмсақ таңдай жай демалған кезде 
босанқы болады. Ол жұтқыншақтан ауыз қуысына қарай қуысты жартылай 
жабады. Ал терең дем алғанда, есінеген және сөйлеген кезде таңдай пердесі 
көтеріледі. Осы кезде ол ауыз қуысына қарай жолды ашып, керісінше
мұрын-жұтқыншаққа қарай жолды жабады. 
Артикуляция
(лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке
тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің 
іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық 
мүшелерінің жұмысы. 
Сөз дыбыстары қалай жасалады?
Сөз дыбыстары белсенді дыбыстау мүшелерінің (тіл, ерін, жұмсақ 
таңдай, төменгі жақ) жұмысының нәтижесінде пайда болады. 
Тіл мен ерін әртүрлі қимылдар жасап, әртүрлі қалыпта бола алады. Жұмсақ 
таңдай мұрын жолдарын ашып, жауып, ал төменгі жақ–ашылып, жабылып 
тұрады. Сөйлеу кезінде өкпеден шығатын ауа трахея арқылы көмекейге 
барады. Дауыстың қатысуысыз айтылатын дыбыстардың жасалуы кезінде 
дауыс перделері ашық болады да, ауа көмекейден еркін өтеді. Дауыс 


21 
перделері жақындасып, шығарылатын ауаның жолын жабады. Ал ауа 
перделер арасынан күшпен өтіп, оларды тербеліске ұшыратады.Соның 
нәтижесінде дауыс пайда болады. Көмекейден шығарылатын ауа ағыны 
(дауыспен немесе дауыссыз) сыртқа шығады.
Егер ауыз қуысында дыбыс жасалу кезінде жұмсақ таңдай көтеріліп 
жұтқыншақтың артқы қабырғасына қабысса (мұрын қуысына қарай жолды 
жабады), ауа ауыз арқылы шығады. Қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды 
айтқанда, «М», «Н», «Ң» дыбыстарынан басқа, ауа осы бағытта болады. «М», 
«Н», «Ң» дыбыстарын айтқан кезде жұмсақ таңдай төмендейді, ауа ағыны 
мұрынға кетеді. Артикуляциялық аппараттың ең белсенді мүшелері - тіл мен 
еріннің қалпы әр сөз дыбыстарын қалыптастырады. Тілдің әр бөлігі (ұшы, 
бүйірлері, түбірі) әр түрлі қимыл жасай алады, соның нәтижесінде тіл 
көптеген акустикалық әсер беретін алуан түрлі артикуляция жасай алады. 
Оларды біз әртүрлі дыбыс ретінде қабылдаймыз. 
Артикуляциялық аппараттың құрылысында әртүрлі кемістіктер болуы 
мүмкін (мұрын қуысының, таңдайдың ақауылықтары, жақ сүйектерінің 
құрылысының ақаулықтары және т.б.). Солардың әсерінен баланың дыбыс 
шығару қабілеті бұзылады. Сөйлеу тілі кемістіктерінің себептерін анықтау 
үшін сөйлеу мүшелері мен олардың кемістіктерін білу қажет. 
 
Артикуляциялық аппараттың ақаулары (бұзылыстары). 
Артикуляциялық аппараттың құрылысында туа біткен немесе ерте (7 жасқа 
дейін) жаста пайда болған кезкелген бұзылыстар баланың сөйлеу тілінің 
қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Артикуляциялық аппаратында 
кешірек пайда болған кемістіктер әдетте күрделі кемістіктерге соқтырмайды, 
бірақ ауызша сөйлеу тілінің жеке сипатына және сапасына маңызды әсерін 
тигізеді. 
 
Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері 
Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ 
таңдайдың жарықтары болып табылады. 
Жарық – таңдайдағы туа біткен саңылау. Жарықтар жұмсақ және қатты 
таңдайдың және олардың альвеолярлы өскінінің жырығы;
 
үстіңгі еріннің 
жарығы бөліп бөлінеді. Жарықтың салдарынан ринолалия және ринофония 
пайда болады, еріндік-тістік дыбыстардың артикуляциясы қиындайды немесе 
бұзылады. 
Тістену


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет