2-кешен. Жаттығулар отырып орындалады:
1) бастапқы қалып — қолдары желкеде, құлып тәрізді. Қолмен кедергі жасай
отырып, басты артқа шалқайту;
2) бастапқы қалып — қолды жұдырықа түйіп, иекке тірейді. Қолмен кедергі
жасай отырып, басты алға қарай еңкейту;
3) бастапқы қалып — алақанмен құлақтарын жауып, қолмен кедергі жасай
отырып, басты кезекпен екі иыққа қарай еңкейту;
4) төменгі жақты астыға, алдыға, оңға-солға қарай жылжыту. Жақты жұму;
5) ұрты үрлеу;
6) тіл ұшымен жұмсақ таңдайға жету;
7) есінеу кезінде жұмсақ таңдайды көтеру.
Екі кешенде жеңіл орындалады. Оларды науқастың өз бетінше жаттығуына
ұсынуға болады (әр жаттығуды 4-5 рет қайталап, күн бойы 6 реттен).
Бұл кезенде логопедиялық жаттығуларды емдеу физкультура
кабинетінде тыныс алудың диафрагмальді түрін қалыптастыруға арналған
аранайы жаттығулармен бірге жүргізген дұрыс. Екінші кезең жаттығулары
дауыс
аппаратын
фонацияға
дайындайды.
Жаттығу
нәтижесінде
рефлекторлы жөтел, тамақта бөтен зат тұрғандай сезім жоғалып, дем
шығаруы ұзарады және салданған дауыс қатпарының әлсіз тербелісі пайда
317
болады.
Осыдан
кейін
дауыс
аппаратының
кинестезиясы
мен
координациясын машықтандыруға арналған дауыс жаттығуларына (екінші
кезең) көшуге болады.
Тыныс алуға арналған жаттығулар мен «ерін гармонына үрлеуді»
түзету жұмысының аяғына дейін пайдалану қажет. Дауыс жаттығулары әр
түрлі дыбыстардың дауыс шығару механизміне тигізетін әсерін ескеру
арқылы құрастырылады. Үнді дауыссыздар және дауысты дыбыстар дауыс
аппаратының функциясына импеданс арқылы әсер етеді. Фонация кезінде әр
түрлі дыбыстардың қалыптасуында әр түрлі қарама қарсы қысым пайда
болады. Ол ауыз-көмей каналында тарылулардың және қуыстардың
көлемінің өзгеруінің салдарынан болады. Дауыс қатпарлары мен
резонаторлардың тербелісінің бір-бірімен байланысты жүйесі қалыптасады.
Акустикалық механизм дауыс және артикуляциялық аппараттың жеке
анатомиялық құрылысына, дыбыстың пайда болу тәсіліне тәуелді
болғанынан, бір дыбыстар үнемі басқаларға қарағанда көбірек импедексқа ие
болады. Сонымен қатар оны жаттығу арқылы артық бұлшық ет энергиясын
шығармай, әр дауыс аппаратына «таңдап алып», жақсы акустикалық
нәтижеге қол жеткізуге болады. Осылай дауыс қойылады.
Дауыстың түзетуі М дыбысын айтқызудан басталады. Бұл фонема
дұрыс фонацияны орнатуға ең жақсы физиологиялық негіз болып саналады.
1-жаттығу. Көмейдің жай қалпында М дыбысын қысқа айтуын ұсынады.
Біртіндеп жаттығулар нәтижесінде фонация ұзартылып, дауыс үнді, анық
шығатын болады. Бұл жаттығуды тез, қиналмай орындайтын болғаннан кейін
ашық буындарды айтуға көшеді.
2-жаттығу. М дыбысын ұзақ айтып, барлық дыбыстарды соған қосып,
төменгі иекті күрт астыға түсіріп айтқызады: ма, мо, му, мэ, мы. Жаттығу
барлық үнді дауыссыздармен жүргізіледі.
Дыбыстау кинестезиясын ары қарай бекіту мақсатымен екпін екінші буынға
түсетін буындар тіркесі айтқызылады.
3-жаттығу. Буындарды қайтала:
ма-ма на-на
ма-мо на-но
ма-му на-ну, т.с.с.
4-жаттығу. Дауыстап айт:
мама-мама-мамама;
нана-нана-нанана, т.с.с.
318
Буындарды қатты, жетік айтуын үйренгеннен кейін 5 жаттығуды орындауға
көшеді.
5-жаттығу. и дыбысымен дауыстыларды айтып жаттықтыру.
Дыбыс азғантай шумен айтылады, дауыс қатпарлары тербеледі.
j дыбысының үлкен импедансы және дауысты дыбыстардың қатты атакада
айтылуы дауыс қатпарларының қабысуына әсер етеді. Дауысты дыбыс
қысқа, қатты айтылуы тиіс, ал и — ұзақ айтылуы керек: аи... яй..., ой... ей...,
уй... юй..., эй... ей...
Кейін үнді дыбыс шығып, қалыптасқананан кейін кинестезияларды бекіту
үшін тыныс алу мен дауыс шығаруды үйлестіру қажет. Ол үшін 1, 2, 3, 4,
және 5 дауысты дыбыстар тіркесін бір демде айтқызу керек.
6-жаттығу. Дыбыс тіркестерін дыбыстап айт: а, ао, ау, аэ, аи, аоу, аоэ, аои,
аоуэи, аоуи, т.с.с.
Алғашқыда дыбыс тіркестері логопедтен кейін, содан соң өз бетінше
айтқызылады. Егер жаттығулар қиналмай, жеңіл орындалса, дауыс
шаршағаны байқалмаса, дауыс қатты және жарқын шықса, сабақтың бұл
кезеңі аяқталды деп санауға болады.
Буындық және дыбыстық жаттығулар аяқталғаннан кейін дауысты
қалпына келтірудің машықтандыру кезеңі басталады. Ол үшін ашық буыннан
басталатын сөздер іріктеліп, алынады — ма, мо, му, мэ, мы. Мата, маса,
мақал, мысық сияқты сөздер айту кезінде жоғарғы резонатор іске қосылып,
дыбыстауға қолайлы жағдай туындайды. Ары қарай сөйлемге, өлең және
прозаны оқуға көшеді. Оқытудың соңғы кезеңінде сөйлеу материалы
фонетикалық принцип бойынша емес, адамның жасын және қалауын ескере
отырып іріктеледі.
Сөйлеу материалымен вокалды жаттығулар да қатар жүреді. Қалпына
келді деп сөйлеу кезінде тыныс алуы ұйымдастырылған, тамағында
ешқандай жағымсыз сезім жоқ кезде қатты, үнді дауысты санауға болады.
Оториноларингологиялық тексеру кезінде көмейдің сау жағының
компенсациясына байланысты дауыс қатпарларының қабысуы және
салданған
жақтағы
дауыс
қатпарларының
тербелісі
байқалады.
Глоттография арқылы дауыс қатпарларының біркелкі тербелісінің анық
көрінетін фазаларын көруге болады.
Логопедиялық-түзету жұмысы 2-4 айға созылады. Түзету жұмысының
ұзақтылығы бұзылыстың күрделене және сабақ бастау мерзіміне байланысты
болады. Дауысты қалыптастыруды ерте бастаған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |