I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет167/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256
 

Жазу үрдісінің операциялары 

Қолдың  машықтандырылған  қимыл-қозғалысы  ауызша  сөйлеу  тілінің 

жазбашаға  ауысудың  аяққы  күрделі  үрдісі  болып  табылады.  Оған  аяққы 

кезеңді даярлайтын күрделі іс-әрекет жәрдемдеседі. Жазу үрдісі көп деңгейлі 

құрылым,  көптеген  операциялардан  тұрады.  Үлкен  адамда  олар 

қысқартылған,  бүктелген  сипатта  болады.  Жазуды  меңгеруде  бұл 

операциялар ашық келбетте болады. 

    А. Р. Лурия «Очерки психофизиологии письма» атты жұмысында жазудың 

келесі операцияларын анықтайды. 

Сөйлеу қимыл-

қозғалысты анализаторы 

Көру анализаторы 

Сөйлеу-есту анализаторы 

Қимыл-қозғалыс анализаторы 




 

322 


     Жазу  түрткі,  міндеттен  басталады.  Адам  не  үшін  жазатынын  біледі: 

мәліметті  белгілі  бір  уақытқа  сақтауға,  басқа  адамға  жеткізуге,  біреуді  іс-

әрекетке  итермелеуге  және  т.б.  Адам  жазбаша  айтып  жеткізуді  ауызша 

жоспарлайды.  Бастапқы  ой  белгілі  сөйлем  құрылымымен  сәйкестендіріледі. 

Жазу үрдісі кезінде жазып отырған адам сөйлемді жазудың дұрыс реттілігін 

сақтап, не жазғанын, не жазатынына байланысты реттеп отыру керек.  

Жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, өйткені жазуда 

әр  сөздің  шекаралары  белгіленеді.  Сөзді  дұрыс  жазу  үшін,  оның  дыбыстық 

құрамын,  кезектілігін  және  әр  дыбыстың  орнын  анықтау  қажет.  Сөздің 

дыбыстық 

талдануы 

сөйлеу-есту 

және 

сөйлеу-қимыл-қозғалыс 



анализаторлардың  біріккен  іс-әрекеттері  арқылы  іске  асыралады.  Дыбыс 

сипаты  мен  олардың  сөзде  кезектілігін  анықтауда  дыбыс  айту 

маңыздылығына  көптеген  зерттеулер  куә.  Л.  К.  Назарова  бірінші  сынып 

оқушыларымен  келесі  зерттеу  жүргізді.  Бірінші  серияда  оларға  жазуға  қол 

жетерлік  мәтін,  екінші  серияда  қиындығы  бойынша  ұқсас  мәтін  дыбысты 

айтусыз  берілді:  балалар  жазу  үрдісі  кезінде  тілдің  ұшын  тістеп  немесе 

ауыздарын ашып отырды. Мұндай жағдайда жай жазу кезіндегіге  қарағанда, 

қателерді көбірек жіберді. 

Жазу  дағдысын  меңгерудің  бастапқы  кезеңдерінде  дыбысты  айтудың 

маңызы  зор.  Ол  дыбыс  сипатын  анықтауға,  ұқсас  дыбыстардан  ажыратуға, 

сөзде дыбыстардың кезектілігін анықтауға көмектеседі. 

Келесі  операция  –  сөзден  бөлініп  алған  фонеманың  әріптің  белгіленген 

көру  бейнесімен  сәйкестендірілуі  және  ол  басқалардан  машықтандырылған 

(әсіресе  графикалық  ұқсас  дыбыстармен)  болуы  керек.  Графикалық  ұқсас 

әріптерді  ажырату  үшін  көру  талдау  мен  жинақтаудың,  кеңістіктік 

түсініктерінің жеткілікті деңгейі қажет. Талдау мен әріпті салыстыру бірінші 

сынып оқушысына жеңіл тапсырма бола алмайды. 

Одан  кейін  жазу  үдерісінің  моторлы  операциясы  жүреді  –  қолдың 

қозғалысы  көмегімен  әріптің  көру  бейнесін  тудыру.  Қолдың  қозғалысымен 

бір  уақытта  кинестетикалық  қадағалау  іске  асырылады.  Әріптерді,  сөздерді 

жазу  мөлшеріне  қарай  кинестетикалық  қадағалау  көру  қадағалаумен 

бекітіледі,  яғни  жазылғанды  оқумен.  Қалыптағы  жазу  үрдісі  белгілі  сөздік 

және  сөзсіз  функциялардың  қажетті  деңгейінде  ғана  іске  асырылады: 

дыбысты естіп машықтану, оларды дұрыс айту, тілдік талдау мен жинақтау, 

сөздің  лексикалық-граматикалық  жағының  құрылуын,  көру-талдау  мен 

жинақтау, кеңістікте бағдарлау. 

Аталған  функциялардың  кез-келген  біреуінің  дұрыс  құрылмауы  жазу 

процесінің игерілуінің бұзылуын, дисграфияны тудырады. Дисграфия – жазу 

үрдісінің жартылай бұзылысы. 

Дисграфия  қалыптағы  жазу  үрдісін  іске  асыратын  жоғарғы  психикалық 

қызметтердің толық жетілмеуімен шартталады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет