I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет166/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

320 


14-бөлім  

  

  ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ 

 

Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу-бұл графикалық 



элементтердің  көмегімен  информацияны  қашыққа  жіберіп  сөйлеу  тілін 

белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас 

жасаудың ерекше түрі. 

А.  Р.  Лурия  оқу  импрессивтік  сөйлеу  тілінің  ерекше  түрі,  ал  жазу 

экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазбаша сөйлеу тілі 

ауызша  сөйлеу  тілінің  негізінде  қалыптасады.  Дегенмен,  екеуінің  арасында 

айырмашылықтар болады: 

-  ауызша  сөйлеу  тілі  бір  жаста,  ал    жазбаша  сөйлеу  тілі  5-6  жаста 

қалыптасады; 

-  ауызша  сөйлеу  тілі  үлкендермен  қатынас  үдерісінде  пайда  болса,  жазбаша 

сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады; 

-  жазбаша  сөйлеу  тілінде  күрделі  пунктуациялық  ережелер  жүйесін 

қолданады; 

-  жазбаша  сөйлеу  тілінде  эмоционалды  қатынас  түрлері  (мимика,  жест,  т.б) 

қолданбайды; 

-  оқушыға  немесе  тыңдаушыға  түсінікті  болу  үшін  хабарланатын  ақпарат 

толық, нақты болу керек. Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу 

тілінің  бұзылуының  (ЖСТБ)  білдіретін  әр  түрлі  терминдер  қолданады: 

жазудың  жартылай  бұзылуы  –  дисграфия; жазудың  мүлдем  қалыптаспауы  – 

аграфия; оқудың жартылай бұзылуы – дислексия; оқу дағдыларының мүлдем 

болмауы  –  алексия;  орфографиялық  біліктілігі  мен  дағдыларын  менгере 

алмауға  байланысты  жазудағы  тұрақты  кездесетін  қателер  –  дизорфография 

деп аталады. 

ЖСТБ-н  атап  айтсақ,  дисграфия  мен  дизорфографияны  ажыратудың 

негізгі критерийлері сауатты жазудың принциптері болып табылады. Жалпы 

орфографияда  негізгі  үш  принцип  белгілі:  фонетикалық,  морфологиялық, 



дәстүрлі. 

Фонетикалық принциптің негізінде дыбыстық талдау жатыр. Сөз қалай 

естілсе, айтылса солай жазылады (бас, шана, т.б.). 



Морфологиялық  принцип  бойынша  айтуына  қарамастан  морфемдегі 

(түбір,  жұрнақ,  жалғау)  әріп  белгісі  тұрақты  сақталады.  Морфологиялық 

талдау  деңгейі  сөйлеу  тілінің  лексикалық-грамматикалық  жағының 

дамуымен тығыз байланысты болады. 



Дәстүрлі  принципте  сөздің  ескі  тарихи  жазылуы  сақталады.  Мектеп 

тәжірибесіне ол сөздер «сөздік сөздер» деп аталады. 

Орфографиялық принциптерді  ескере  отырып  дисграфия  фонетикалық 

принциптің,  ал  дизорфография  морфологиялық,  дәстүрлі  принциптердің 

қолдануының бұзылуынан деп тұжырымдауға болады. 

 

Жазу үрдісінің психофизиологиялық құрылымы 




 

321 


Жазбаша  сөйлеу  тілі  сөйлеу  тіл  іс-әрекетінің  күрделі  түрі  және  көп 

деңгейлі үрдіс болып табылады. Оған түрлі анализаторлар қатысады: сөйлеу- 



есту,  сөйлеу-қимыл-қозғалыс,  көру,  жалпы  қимыл-қозғалыс.  Олардың 

арасында  жазу  үрдісі  кезінде  өзара  шартталған  тығыз  байланыс  орнайды. 

Жазбаша  сөйлеу  тілін  менгеру  есту  және  дыбыс  айту  қасиетінің,  көрінетін 

және  жазылатын  сөздің  арысындағы  жаңа  байланысын  орнату  сипатынан 

тұрады,  өйткені  жазу  үрдісі  төрт  анализаторлардың:  сөйлеу  қимыл-

қозғалысты,  сөйлеу-есту,  көру  және  қимыл-қозғалыстардың  бірлескен 

жұмысымен қамтамасыздандырылады. 

Сөйлеу  тілінің  қысқа  бірлігі,  осыған  сәйкес  шартты  түрде  келесі  бейне 

бойынша көріністе болуы мүмкін: 

 

                



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бұл үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру кезеңіне, жазу міндеттері мен 



сипатына байланысты. Жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз байланысты 

және  тек  оның  дамуының  жеткілікті  жоғарғы  деңгейі  негізінде  іске 

асырылады.  

Үлкен  адамның  жазуы  жатық  машықтандырылған,  сондықтан  осы 

дағдыны  меңгерген  баланың  жазуынан  ерекшелеу  болады.  Үлкен  кісінің 

жазуы  –  мақсатталған  іс-әрекетті,  мағынаны  жеткізу  немесе  оны 

фиксациялау.  Оның  жазу  үрдісі  тұтастықпен,  байланыстылықпен 

сипатталады,  синтетикалық  үрдіс  болып  табылады.  Жазу  үрдісі 

машықтандырылған  және  екі  жақты  бақылау:  кинестетикалық  және  көру 

бойынша жүреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет