I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет233/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   256
2-тапсырма 

Бастауыш  сынып  оқушыларында  сөздің  буындық  құрылымын  тексеру  үшін 

қай сөзді алуға болады: 

1)  балапан 

2)  шағала 

3)  қарындаш. 

4)  құмырсқа. 

5)  қаламсап 



 

3-тапсырма 

Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай тапсырма алынады: 

1)  «Не қалай қозғалады?» 

2)  «Заттың түсі қандай?» 

3)  «Киім тігетін адамды кім дейміз?» 

4)  «Кітапты ал да, аш» 

5)  «Кім кіммен келе жатыр 

 

4- тапсырма 

Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге қай тапсырманы алуға болады: 

1)  «Мен үлкен зат туралы айтамын, ал сен кішкентайын ата» 

2)  «Мен бір затты атаймын, сен көп болса не деп айтасың?» 

3)  «Қызыл түсті заттарды ата» 

4)  «Кітапты ал да, аш» 

5)  «Бала не істегенін айт» (сурет бойынша: шықты, кірді, өтті). 

 

5-тапсырма 

Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге қай тапсырманы алуға болады? 

1)  «Суреттерді ата: құлақ, тарақ» 

2)  «Не қалай дауыс шығарады?» 

3)  «Қаламмен қарындашты көрсет» 

4)  «Мен сөз айтамын, ал сен сол сөзді керісінше айт» 

5)  «Суреттен төртінші затты ата» 

 

6-тапсырма 

Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге арналған тапсырма: 

1)  «Кімге не керек?» 

2)  «Жануарлардың төлдерін ата» 

3)  «Берілген сөздерден сөйлем құра» 

4)  «Қай сурет туралы мен айтқанымды тап ( суретте көк...)» 

5)  «Бала иттің артынан жүгіріп бара жатыр. Кім алдыда?» 

 

7-тапсырма 

Байланыстырып сөйлеуін тексеруге қай тасырманы алуға болады: 

1)  «Алдымен көкөністерді , кейін жемістерді ата» 



 

428 


2)  «Кім кімнен кейін тұр?» 

3)  «Менің соңымнан тақпақты қайтала» 

4)  «Демалыс күнін қалай өткізгенін туралы айтып бер» 

5)  «Жұмбақты шеш» 

 

8-тапсырма 

Жазуды тексеруге қай тапсырманы алған тиімді: 

1)  «Әріптерді ата» 

2)  «Берілген буындардан сөз құра» 

3)  «Кеспе әліппе әріптерінен сөз құрастыр» 

4)  «Мәтінді көшіріп жаз» 

5)  «Қас-қаш, тар-тал сөздеріндегі айырмашылық неде?» 

 

9-тапсырма 

Оқуды тексеруге арналған тапсырманы ата: 

1)  «Ш» дыбысынан басталатын сөзді ата» 

2)  «Мал-бал сөздерін салыстыр» 

3)  «Ш» дыбысы бар сөзді тап» 

4)  «Мәтінді айтып бер» 

5)  «Алғашқы түрінде берілген сөздерден сөйлем құрастыр» 

 

 

10-тапсырма 

Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай суреттерді алуға болады: 

1)  Ай, сүт, қас 

2)  Инелік, таңқурай, велосипед 

3)  Тауық, қаз, үйрек, балапан 

4)  Көрпеше, тостағанша, жастықша 

5)  Үй-үйлер, бас-бастар, қалам-қаламдар 

 

11-апсырма 

Тексеру  барысында  бала  «балапан»  сөзінің  орнына  «бабапан»  дейді.  Сөздің 

буындық құрамы қай тип бойынша  бұзылған: 

1)  қысқарту 

2)   ұқсасу 

3)  орнын ауыстыру 

4)  қосып айту 

5)  контаминация 

 

12-тапсырма 

Тексерген  кезде  бала  «шағала»  сөзін  «шалаға»  деп  айтады.  Сөздің  буындық 

құрамы қай тип бойынша бұзылған: 

1) ұқсасу 

2) қысқарту 

3) қосып айту 



 

429 


4) орнын ауыстыру 

5) контаминация 

 

13-тапсырма 

Талдаудың  қарапайым түрін айқындауға қай тапсырманы алуға болады: 

1)  «Схемаға  сәйкес суретті тап» 

2)  «Ошақ» сөзінде «ш» дыбысы сөздің қай жерінде тұр? 

3)  «Берілген әріптерден сөз құра: (ш,а,р)» 

4)  «Ш» дыбысы бар сөз естісең, қолыңды көтер» 

5)  «Ш» дыбысы бар сөз ойла 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет