I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет241/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   256
 

 

 

6-тапсырма 

Ашық ринолалияға себеп болмайды: 

1)  жұмсақ таңдайдың қысқаруы 

2)  қатты таңдайдың жарықшағы 

3)  жұмсақ таңдайдың жарықшағы 

4)  субмукозды жарықша 

5)  мұрын-жұтқыншақтың ісіктері 

 

7-тапсырма 

Ашық ринолалияға  себеп болатын  механизмді ата: 

1)  жіңішке тіл 

2)   тілді ауыз қуысының түбіне жылжытуы 




 

446 


3)  жұмсақ және қатты таңдай құрылымындағы ақаулықтар 

4)  тілдің түбінің жоғары орналасуы 

5)  прогения 

                                                              8-тапсырма 

 Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән: 

1)  сөйлеу тілінің анықсыздығы 

2)  импрессивті сөйлеу тілі қалыпты дамиды 

3)  сөйлеу тілі кеш дамиды 

4)   дауысты дыбыстар  дұрыс айтылады 

5)  дауыссыз дыбыстар мұрынмен айтылады 

 

9-тапсырма 

Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән  емес: 

1) «к-г» дыбыстары айтылмайды немесе жарылып шығады 

2) ерін  және  ерін-тістік  дыбыстар  «м»  дыбысына  жуық  дыбыстарға    ұқсас 

болады 

3) экспрессивті сөйлеу тілінде сапалы өзгерістер болады 

4) дауысты дыбыстар әлсіз  артикуляциямен сипатталады 

5) дыбыстардың жеке топтары бұзылған 

 

10. Операцияға дейінгі кезеңде  ринолалиясы бар баламен жұмыс жүргізудің 



қажетті екенін дәлелдеу. 

11. Тәжірибелік тапсырманы орындау: 

 

Тәжірибелік тапсырма 

Міндеттердің ішінен төмендегілерге қатысты міндеттерді тандаңдар: 

 а) ринолалиясы бар баламен операцияға дейінгі кезеңге, 

 ә) операциядан кейінгі кезеңге: 

        1. Естіп бақылау және фонематикалық қабылдауын дамыту 

        2. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын қалыптастыру 

        3. Сауатын ашу 

        4. Артикулеманы қалыптастыру 

        5. Таңдай пердесін белсенділеу 

 

12. Ринолалияда дыбыстармен жұмыстың кезектілігін жазу. 



13. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын  атау: 

 

10-тапсырма 

Ашық  ринолалияны  түзетуде  қолданбайтын  логопедиялық  жұмыстың 

қағидасын ата: 

1)  физиологиялық тыныс алуды қолдану қағидасы 

2)  артикуляциямен тыныс алуды бір уақытта қалыптастыру 

3)  кешенділік қағидасы 

4)  сөйлеу тілінің  барлық дыбыстарын дұрыс айтуын басынан бастап 

қалыптастыру 



 

447 


5)  дыбыстар  бойынша  жұмыстың  кезектілігі  дыбыстардың  артикуляциялық 

базасының дайындығына байланысты болады. 

 

11-тапсырма 

Ринолалияда  түзету-педагогикалық  іс-шаралардың  дайындық  кезеңіне  тән 

емес жұмыс ерекшеліктері: 

1)  артикуляция мен тыныс алуды бір уақытта дамыту 

2)  дыбыстарды  айтқан  кезде  баланы  естіп  бақылауына  максимальді  түрде 

назарын аудартпау 

3)   жаңа  жаттығуды  меңгеру  алдында  меңгерген  жаттығулар  кешенін  үнемі 

қайталап отыру 

4)  дисграфияның алдын алу 

5) ауыз арқылы  дұрыс тыныс алуын қалыптастыру 



 

                              12-тапсырма 

Операцияға  дейін  ринолалиясы  бар  баламен  түзету-педагогикалық  іс-

шаралардың негізгі кезеңіндегі  логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері: 

1) өз дыбыс айтуын саналы түрде естіп бақылау (қадағалау) 

2) үйреніп жатқан дыбыстардың әріп таңбаларын еңгізу 

3) баланың естіп бақылауына   назарын аудартпау 

4) дыбыстарды машықтандыру және ажырату 

5) дисграфияның алдын алу 

 

 



13-тапсырма 

Ринолалиядағы    операциядан  кейінгі    логопедиялық    жұмыс  неге 

бағытталған: 

1) ұсақ моториканы жетілдіруге 

2) жалпы моториканы жетілдіруге 

3)  дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге 

4) дұрыс диафрагмальді  тыныс алуын жетілдіруге 

5) ауыз арқылы қысқа  тыныс алуын дамытуға 

 

 

14-тапсырма 



Берілген  жаттығулардың  қайсысы  таңдай  пердесін  белсендіру  үшін 

қолданылады: 

1) еріндер жымияды 

2) жалпақ тіл 

3) 

есінеу


 

4) тілді тақылдату 

5) сағат 

 

15-тапсырма 

Берілген  жаттығулардың  қайсысы  таңдай  пердесін  белсендіру  үшін 

қолданылмайды: 



 

448 


1)  өз бетінше жөтелу 

2)  есінеу 

3)   суды шағын жұтымдармен  жұту 

4)  науа 

5)  басты шалқайтып тамақты шайқау 

 

16-тапсырма 

Түзету-педагогикалық  іс-әрекетте  ауыз  және  мұрын  арқылы  тыныс  алуды 

ажырату үшін қолдануға болатын жаттығу: 

1)  тілдің ұшына үрлеу 

2)  жіңішке  қағаз жолақшасына үрлеу 

3)  мұрын арқылы  ауа алып, ауыз арқылы шығару 

4)  мамықты үрлеу 

5)   резеңке допқа белсенді түрде үрлеу 

 

17-тапсырма 

Операцияға дейінгі кезеңде жұмыстың қай түрін қолдануға болмайды: 

1)  «Шамды үрлеп өшір» 

2)  жұмсақ таңдай массажы 

3)   стақанға үрлеу 

4)  «Кімнің добы әрірек  ұшады» 

5)  «Допты қақпаға кіргіз» 

 

18-тапсырма 

Жабық  ринолалияны  жоюдағы  жұмыс  түрлерін  қажетті  кезектілікте 

орналастыр: 

1)  ом, ам, эм, ум буындарымен жұмыс 

2)  мұрын  арқылы  айтылатын  дыбыстардың    сөз  соңында    айтылуын 

үйрету (там, қалам). 

3)  «м» және «н» дыбыстары бойынша жұмыс 

4)  мұрын, ауыз арқылы тыныс алуды ажырату 

5)  хирургиялық көмек 

6)  ма, мо, ми, мэ буындарымен жұмыс. 



 

ДИЗАРТРИЯ 

  

1.  Дизартрияның  әр  түрлі  формаларының  этиологиясын  және  патогенезін 



сипаттау. 

2.  Мидың  локальді  бұзылуын  ескере  отырып  дизартрияның  клиникалық 

көрінісіне сипаттама беру. 

3. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін сипаттау. 

4.  МДБ  (минимальді  дизартриялық  бұзылыс)  анықтама  беру,  көрінісін 

сипаттап беру. 

5.  Дизартрия  мен  дислалияның  дифферинциалды  диагностикасының  негізгі 

міндеттері мен принциптерін ашып беру. 




 

449 


6.  Дизартриясы  бар  балаларды  тексерудің  мақсаттарын,  міндеттерін, 

принциптерін сипаттау. 

7. Дизартрия кезінде түзету жұмысының негізгі бағыттарын сипаттау. 

8. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзетуінің 

ерекшеліктерін ашып беру. 

9. Сал бұлшық еттерін белсендіруге арналған массаж тәсілдерін ашып айту. 

10.  Спастикалық  бұлшық  еттерін  босансытуға  арналған  массаж  тәсілдерін 

ашып айту. 

11. Массаждың әсерінің механизмін түсіндіру. 

12. «Еңжар, белсенді-еңжар, белсенді гимнастика» деген ұғымды ашып айту. 

13.  Дизартрия  кезінде  арнайы  логопедиялық  гимнастиканың  міндетін 

түсіндіру. 

 

Тәжірибелік тапсырмалар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет