І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет129/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   156
БІЛІМДІ ҰРПАҚ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Алихаил Зармина (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тастемирова Г.А., ф.ғ.к.
Құрметті конференция қатысушылары! Менің тақырыбым Ауғанстандағы ең өзекті мәселелердің бірі, қазіргі таңдағы жастардың білім – алуы. Иа, қай ел болмасын, бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін ең алдымен жастарының дені сау, жоғары білімді болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін ең алдымен жастарының дені сау, сауаттылығы жоғары болуы керек. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, қабілетті, көптілді ұрпақ тәрбиелеу әр мемлекеттің басты міндеті болып отыр.
Ал қазіргі мемлекеттің басты міндеттерінің бірі заманның талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, қабілетті, көптілді ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Ауғанстан басқа мемлекеттер тарапынан жастарды оқытуға көптеген гранттар бөлініп жатыр. Жастар да әртүрлі мемлекеттерге барып білім алуда. Бірақ қазіргі таңда бастауыш мектепте әріп танып, білім алуы ең үлкен проблемаға айналып отыр. Оның түрлі себептері де бар. Ауғанстанның оңтүстік аймақтарында талибандар жиі орналасқан Қанадағар, Гельманд, Гхор, Ғазни қалаларына жақын орналасқан ауыл-аймақтарда мектепте мұғалімдер жетіспеушіліктен балалардың білім алуы қиын.
Баршаңызға аян, дүние жүзінде ең экономикасы, әлеуметтік жағдайы, сауаттылығы жағынан Ауғанстан екені. Ауғанстанның шеткі аймақтарында миллион халық тұратын жердің өзінде 4-5 мектеп бары мәлім. Алғашқы сауатын ашу үшін мектептің жетіспеушілігінен молдадан құран үйреніп оқуға тырысады. Ауғанстан үкіметі бұдан екі жыл бұрын білім беру саласына жеке инвестиция енгізуге рұқсат берілгелі бері қазір 300-ден аса жекеменшік мектептер ашылаған. Олардың оқушыларының 40 пайызын қыздар құрап отыр. Ауғанстанның сол түстігіндегі Парван аймағында алғашқы жекеменшік мектеп ашылды. Оған ұл-қызы аралас 300 оқушы тіркелген. Оқу ақысы ай сайын 15 долларды құрап отыр. Баласын оқытып отырған ата-ананың барлығына бірдей бұл қаржыны төлеу оңай емес. Бірақ, ондай мектептер бәріне қолжетімді емес. Барлық отбасы төлей алмайды. Себебі отбасында бір адам жұмыс істесе, тапқан табысы жетпейді. Дегенмен, жекеменшік мектептердің оқу сапасы жоғары. Отбасына ақша төлеу қиын болғанымен, олар оқу сапасына риза. Жекеменшік мектептерде балаларын оқытқысы келетін отбасылардың көбеюі өте маңызды және бұл алға ұмтылушылық деуге болады. Бұдан 10 бұрын Ауғанстанда бірде-бір зайырлы да, көпшілікке арналған да мектеп жоқ еді. Тек азғантай ұл балалар діни мектептерге баратын еді. Ал қыздар талибан билігі кезінде оқудан қол үзіп қалған болатын. Себебі рұқсат етілмеді.
Биылғы оқу жылында 7 миллионнан аса оқушы Ауғанстандағы 9000-дай мектеп табалдырығын аттады деген білім министрлігінің мәліметі бар. Олардың 35-40 % қыздар құрады деп мәлімдейді оқу министрлігінің департамент қызметкері. Бірақ мұндай табыстар оңайлықпен келген жоқ. Елдің оңтүстігі мен шығыс аймақтарында талиптер мектептерді өртеп, оқушылар мен мұғалімдерге жиі шабуыл жасайды. Бір ғана өткен жылдың өзінде 60-тан аса мектеп отқа оранып, қауіпсіздіктің жеткіліксіздігінен 650-дей мектеп жабылып қалды. Ал Қандағардағы бір мектептің оқушы-қыздарының бетіне қос қарулы химиялық қосынды сұйықты шашып, олардың беттері мен қолдары күйіп қалған.
Ауғанстандағы білім беру деңгейінің нашарлығынан талай бала үйінде отыр. Мектеп жасындағы олардың барлығын да қамту үшін бірнеше мыңдаған жаңа мектептер қажет. Ауғанстанның 34 аймағына кәсіби мұғалімдер ауадай қажет. Ауған Білім министрінің айтуынша, кейбір мектептерде, мұғалімнің жетіспеуі себепті, жоғарғы сынып оқушыларын мұғалімдік қызметке алу жағдайлары кездесуде. Мысалы ағылшын курстарын бітірген мектеп оқушыларын, ағылшын тілінен сабақ беруге алуға тура келеді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру істері мен оқулықтар шығару, жаңа мектептер салу істері халықаралық қауымдастық көмегінсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Қазірге дейін көптеген оқушылар жерде отырып, дәріс алуда. Қауіпсіздіктің жеткіліксіздігі мен қасаң дәстүрлердің сақталуы көптеген ата-ананы қыздарын үйлерінде ұстап, мектептерге жібермеулеріне итермелеп отыр. Осыған орай білім беру саласының ресмилері ауыл ақсақалдарынан бастап, діни тұлғалардың әлгіндей ата-аналарға ақыл айтып, қыздарын мектептерге жіберуілеріне көндіруге шақырып отыр. Қалалар мен ауылдарда мектептерді қолдау кеңестері құрылған. Осы шаралардың нәтижесінде оқушы қыздардың саны өсе түсуде. Тіпті шашылған қышқылдардан беттері күйіп қалған қыздардың өзі, ем-домдарын қабылдағаннан кейін мектеп қабырғасына қайта оралды.
Мектеп бітірген қыз баланы басқа мемлекеттерге оқуға жіберу отбасылар үшін үлкен проблема. Бірақ жылдан жылға өзгеріс байқалады. Мен де шетелге оқуға бару бақытына ие болдым. Қазақстан зайырлы мемлекет. Мұнда қыздарға ешқандай шектеу қойылмайды екен. Сондықтан қазақ елі тез дамып келе жатыр деуге болады. Себебі анасы білімді болса, бала да білімді, саналы жаңа өмірге, бәсекеге қабілетті болары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет