Бейсенова Ә., Қаймулдинова К., Бейкитова А. Алматы қаласы аумағы табиғи ортасының жай-күйі // География және табиғат. 2013, №6. 6-9б.
Қаймулдинова К., Абдиманапов Б., Бейкитова А. Алматының постиндустриялық инновациялық қала ретінде дамуы // География жәе табиғат. 2014, №1, 9-11б.
Көбегенова Х. Антропогендік іс-әрекеттің Алматы қаласына әсері // География және табиғат. 2013, №2. 22-25б.
Алматы қаласының статистика департаменті. Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2012, 10-15бб.
Статистический сборник. Агентство РК по статистике. 2012 //http: almaty.gorstat.kz
ЖОҢҒАР АЛАТАУЫНЫҢ ТАРИХИ ҚҰПИЯЛАРЫ
Тұрлығазиева Назерке Қуанышқызы (Қазақстан) ҚазмемқызПУ Ғылыми жетекшісі: Рахимжанова М.Д.
Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш – Алакөл ойысы, солтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауының басталар жерінен шығысқа қарай солтүстік және оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өзенінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Алатаудың шығыс өңіріне жақын бөлігінде Жоңғар қақпасыдеген бөлігі бар. Бұл жерден батысты бетке алсаңыз, Жетісу Алатауы жалғасады, шығысында Бірліктау мен Майлытау алдыңнан шығады. Жоңғар немесе Жетісу қақпасы аталатын ойыс, яғни табиғи өткел осы екі аралықтың тап ортасында орырын тепкен. Бұл алқап Балқаш – Алакөл ойысын Ебінұр көлі арқылы Жоңғар жазығымен байланыстырып жатыр. Оның абсалют биіктігі 300-400 метрді шамалайды. Ұзындығы – 80, ең тар жері 10 шақырымды құрайды. Жоңғарқақпасының солтүстік бөлігінде Жалаңашкөл жатыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл жердің климаты қатаң болып келеді. Көбінесе екпіні күшті Ебі желі соғады да тұрады. Бұл атау Ебінұр көліне байланысты қойылған. Өйткені жел әрдайым сол жақтан соғып тұрады. Ал оған қарсы соғатан желді жергілікті жұрт «Сайқанның желі» деп атайды. Себебі осы маңда Сайқан тауы орын тепкен. Бұл аумақ негізінен тастақты болып келеді. Төрт түліктің жайылымынан басқасына қолайсыз. Осы маңда орын тепкен Жалаңашкөлдің солай аталу сырының да бір ұштығы сонда жатқан секілді. Себебі бұл көлдің жағасында да қиыршық тастар көбірек көзге түседі. Көлденең ені бес шақырымға созылып жатыр. Ал ұзындығы тоғыз шақырымға тақау. Арғы – бергі бетіне көз салған адам көлдің алақандай екенін байқайды. Жалаңаш көліне Қусақ және Тоқты деген шағын өзендер келіп құяды. Көлдің түбінің тереңдігі – бес метр. Ал табаны тегіс, толқынды болмаған күндерде суы мөп – мөлдір болып көрінеді. Бұл көлде өте көп болмаса да сазан, көкбас секілді балықтар мекен етеді. Ел арасында «Ебінің желі иен далада жолаушылап келе жатқан аттылы адам мен кішігірім тастарды да көкке көтеріп алып кете алады» деген әңгіме айтылады. Бұл бекер айтылған әңгіме емес. Дегенмен оған қарсы пікір айтатын адамдар баршылық. Сондықтан оны кейбір кісілердің әсірелеп айтты деуге негіз жоқ. Себебі осы бір сөздің шындығына көз жеткізетін нақты дәйектер көп көрінеді. Қақаған қыс мезгілінде оңтүстік пен оңтүстік – шығыстан жел соғып тұрады. Ал жаз айларында барлығы керісінше, яғни жел солтүстік және солтүстік – батыстан соғады. Қыстағы желдің жылдамдығы едәуір екпінді екенін ел біледі. Оның жалдамдығы секундына 60 - 80 метрді шамалап тұр. Желдің жылдамдығын таразылап көрген ғалымдар одан 5 мың МВт шамасында электр қуатын өндіруге болатынын болжап отыр. Жетісу қақпасы Еуразия бассейініндегі орасан зор ауа массасы ауысатын өңір болып табылады. Сондықтан оны кейбір адамдар Орта Азиядағы жел полюсі деп те атайды. Бұл қақпа есте жоқ ерте заманнан – ақ Орта Азия мен Қазақстанның көшпелі халықтарының бір-бірімен қатысатын өтпелі жолы болғаны тасқа қашалып жазылған кейбір еңбектерде айтылады. Бұл өңірді петр Семенов-Тянь-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Николай Пржевальский, Лев Берг сынды жиһанкез ғалымдардың қызығушылығын тудырып, олардың зерттеу жұмыстарын жасауына ынтасын арттыры түскен. Қазіргі таңда осы қақпа арқылы Қазақстан мен Қытайды жағалайтын Достық-Алашанхоу теміржолы өтеді. Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында жатқан жазық өткелді қахақ халқы қаншама ғасырдан бері Жоңғар қақпасы деп аталып келеді. Барлық тауы Тарбағатайдың үлкен бір сілемі саналады. Алакөлден өткен жолаушы осы бір екі таудың арасы бірде алыстап, бірде жақындай түскенін айқын аңғара алады. Бұл көрініс шекараға дейін дәд осылай жалғаса түседі. Жалпы алғанда, Жоңғар қақпасы Алакөл көлінің шетінен басталып, Қытай жеріндегі Ебінұр көліне дейін созылып жатыр. Тау баурайындағы табиғи өткел неліктен Жоңғар қақпасы деп аталған? Тарихтан белгілі – біздің халқымыз ат үстінен түспейтін жауынгер болған. Қазақтың басынан қаншама қиын күндер өтті. XIII ғасырда (1213ж) бұл аймақ Монғол империясына бағынды және ұлыстарға бөлу кезінде Шағатай ұлысына қараған. Кейіннен XIV ғасырда әсіресе Тоғылық Темірдің тұсында Моғолстанның құрамында болып Темір империясына бағынды. Ал XVIII ғасырда Қазақтар мен Жоңғарлар арасында өте ауқымды соғыс болды. 1758 жылы Цин империясы Жоңғар империясын басып алып Шыңжаң аймағына бағындырылды. 1465 жылы құрылған Қазақ хандығы Жоңғар хандығымен 3 ғасырға жуық созылған соғыс нәтижесінде бұл аймақ Қазақ хандығының иелігіне өтті. Қазақ энциклопедиясында «Жоңғар қақпасы маңында соғыс қимылдарын бастай келе, моңғол әскерлері Жетісудың барлық қалаларын Шу, Талас, және Сырдария бойын қақыратып, Орта Азияның ірі саяси және мәдени орталықтарын басып алды» деп жазылған. Қазақ даласы қаншалықты кең-байтақ десек те, сынық сүйем жердің өзі біз үшін өте қасиетті. Жоңғар немесе Жетісу қақпасы атанған бұл мекен біздің ұлтымыз үшін ардақ тұтар жердің бірі саналады. Осы гографиялық атау қазақ халқының ежелгі тарихымен әрі тамырласып, әрі тағдырласып жатқан атау екендігіне ешбір күмән келтіруге бола қоймас. Өйткені, «Жетісу» атауы осы өңірден ағып өтетін ірі 7 өзенге байланысты қойылғандығы жайлы тарихи деректер жеткілікті. Осы өңірдің тумасы әрі осы өңірдің тарихы мен табиғатын өзінің шұрайлы жыр шумақтарына өте орынды арқау еткен ақын Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» атты жырында Жетісу өлкесінің әрбір өзен-көлінің, тауының атын нақты атап, бұл өңірде өсетін өсімдік түрлерін, мұнда кездесетін жәндігі мен жануарларын жіпке тізген асыл моншақтай етіп жыр жолдарына арқауы етіп жыр жолдарына арқау етіп кімді болса да таңғалдыратыны сөзсіз. Осындай өлкенің «Жер жаннаты – Жетісу» атауы халқымыздың даналығы мен даралығын паш етіп тұр емеспе?!
Осындай таңғажайып табиғаты бар өлкенің қазіргі егемендік алған тұсымызда «Жоңғар Алатауы» атауы ешбір шындыққа сәйкес келмейді. Тіпті, бұл күнде бұрынғы ойрат тайпасы одағының құрамында болған жоңғар тайпасының атауы мүлдем аталмайтынын көзі қырақты әрбәр оқырман білетіні де белгілі жағдай. Тарихи дерек көздерінен бізге белгілісі- «Жоңғар шапқыншылығы» деген атпен қазақ пен жоңғар арасындағы (қазақ хандығы құрылған кезінен бастап XVIII ғасырдың 50-жылдарына дейін созылған) соғыс. Бірнеше ғасырлар бойы атамекенін көздің қарашығындай қорғай білген бабаларымыз өз өлкесінің шұрайлы да шырайлы жер-су атауларын жауы болып келген жоңғар тайпасының атымен атауы мүмкін емес. Әрбір жер-су атауында сол жердің өзіне тән табиғат ерекшелігі немесе тарихи оқтғалар желісіне сәйкес атауларды халқымыз дәл тауып қоя білген.
Көрнекті көркемсозөші Жақау Дәуренбек «Ойдауда» атты кітабында «Азаматпен бірге арғыдан келе жатқан әрбір айтулы атауда ақпарат бар. Оны оқи білу, тегін тани білу еліміздің еншісінде» деп орынды жазған екен. Олай болса, әрбір атауды дұрыс атай білу біздің білім деңгейіміздің басты көрсеткіші болуы шарт. Еліміз егемендік алмай тұрып-ақ мұндай географиялық атаулардың аттары өзгертіліп, өзінің ежелгі тарихи атауларымен аталып келе жатқандығы кейінгі кезде жарық көрген арнайы энциклопедиялардан да көз жеткізуге болады. Бұл жөнінде пікіріміз жалаң болмауы үшін нақты деректер келтірейік. Мысалы, «Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылғы 11-маусымдағы санында «Жетісу Алатауы ма?» деген мақала жарық көрді. Одан бұрын «Жас Алаш» газетінің 2011 жылғы 14-сәуірдегі санында Б. Тоғызақовтың «Төл сөзімізді өгейсітпейік!» деген мақаласында да біздің пікірімізді қостағаны жазылды. Дегенмен де «Жоңғар Алатауы» деген атау әлі де болса мерзімді басылымдарда жазылып жүргендігі байқалады.
«Жеріңнің аты – бабаңның хаты» десек, әрбір жер-су атауларын өз атауымен атағанымыз абзал. Өйткені, ол біздің бабаларымыздан жеткен аманат. Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғаныстан,Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деи үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды құл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәлелденді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болған Ұлан-ғайыр байтақ даланың оңтүстік өлкесінде орын тепкен Алатауға еліміздің қай қиырындағы қазақтың да бүйрегі бұрып, жақын тартып тұрады. Қашаннан да ұшар басын бұлт шалып, зеңгір көкпен таласқан таудың әсем келбеті мен көркем көрінісі кез-келген адамның жүрегін жылытып, өзіне баурай түсетіні тағы бар. Сондықтан да әр қазақ жол түссе, осы бір ғажайып сұлулықты тамашалап қайтқанды қалайды емес пе? Жасыл желегі жайқалып, өзені мен бұлағы сылдырап, сан алуан құсы сайраған Алатауға тек өзіміз ғана емес, қазақ топырағына табаны тиген әрбір шетелдік қонақ та тамсанып, таңдай қағып, қызыға қарайды. Жер шарын алып қарасақ, қолмен жасап қойғандай табиғат байлығы көп кездесе бермейтіні рас. Ендеше, біз осындай көркем мекенмен кеудемізді керіп мақтана аламыз. Сондай-ақ ардақ тұтар атамекннің әрбір құбылысын қалт жібермей қадағалап, оны өзге мен өзімізге кеңінен насихаттауға жол ашсақ та артық емес. Рас, Алатау-келбнті көркем өңір. Шыңына көзің жетпейді. Көркіне сөзің жетпейді. Басынан қар кетпейді, өзіне тау жетпейді. Балалық кезден бәрімізге жақсы таныс «Алатау» әнінің өлең жолдары дәл осылай өріледі...