І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет132/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   156
Байланысты:
treatise40283






ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ
Бақыттың кілті – достықта,
Достықтың кілті – халықта.
А. Ясауи
Ахмади Хусайн (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Досанов Б.И.
Достықтың алтын бесігінде тербетілген Қазақстан халқының ішінде жүздеген ұлттар мен ұлыстар бар. Өмір мен тағдыр тезінде қазақ пен өзге де халықтардың халықтардың бауырластығы мен туыстығы ауыр сындарда шыңдалып, бір – бірін ажырамастай жақындастырады. Қазақ – тарихта жөн –жосықсыз ешкімге ала көзбен қарамаған, найза түгілі таяқ көтермеген халық. Ортақ Отанымыздың қарқынды дамуы мен өркениетке бет алып, қуатты мемлекетке айналуының кілті – бірлік пен татулықта екенін ұғына түсудеміз. Достықтың алтын бесігінде тербетілген Қазақстан халқының ішінде жүздеген ұлттар мен ұлыстар бар. Өмір мен тағдыр тезінде қазақ пен өзге де халықтардың бауырластығы мен туыстығы ауыр сындарда шыңдалып, бір – бірін ажырамастай жақындастырды.
Тіл әлеуметтік тұрғыдан алғанда да, саяси тұрғыдан бағамдағанда да Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлттың арақатынасына дәнекер болушы көпір іспеттес. Десекте, елімізде мемлекеттік тілге байланысты маңызды мәселелер баршылық. Мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан – жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келер еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс – шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Өйткені мемлекеттік тіл қоғам өмірінде оның қолдану аясын одан әрі кеңейту, мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру қажет.
Ұлттық жаңарту және халқымызды бәсекеге қабілеттілігі аясындағы мәселелер бойынша БАҚ өкілдерімен кездесуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:«Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шыңдап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Әлі – ақ қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. Бұл ретте, ең алдымен қазақ азаматтарының намысына салмақ салмай болмайды. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс» - деген болатын. Тіл – қатынас құралы ғана емес, тіл – билік, тіл – ұлттық рух, тіл – туысқандық, билік. Ендеше мемлекеттік тілді билікке де, бірлікке де белсене араластырып, беделін көтеріп, өрісін кеңейтуге әрқайсысымыз бір кісідей атсалысайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет