Әдебиеттер
ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері – Уикипедия – қазақша ашық энциклопедия.
НАШАҚОРЛЫҚ – БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ ҚАСІРЕТІ
Набиль Бахадур Навидулла( Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тастемирова Г.А., ф.ғ.к.
Ауғанстан Ислам мемлекеті Азияның Оңтүстік Батысына орналасқан. Көлемі жағынан әлем елдері ішінде 41 орын алады. Астанасы – Кабул қаласы. Халқы – 32 млн. адам. Ауғанстан 34 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады, негізінен Әбу Ханифа мәзхабын ұстанатын суниттер. Ауғанстанның ең көп ұлты – пуштундар. Пуштундар өздерін Ауғанстанның негізгі халқы деп санайды. Географиялық ерекшелігіне тоқталсақ, Ауғанстан – таулы ел. Себебі жер көлемінің ¾ бөлігінен астамын таулар, таулы қыраттар алып жатыр. Елдің солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр, оның ең биік жері 6729 метрге жетеді. Гиндукуш тау жоталарын Ауғанстанның солтүстігі мен батысында Паропамиз және Сафеднахтың жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңтүстігінде Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңтүстік-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-Марго шөлдері орналасқан. Климаты субтропиктік, құрғақ болып келеді. Ауғанстан – аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарада су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатармиллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өсіріледі. Сонымен қатар, елдің оңтүстігінде есірткі өседі. Есірткі егіндіктері табиғи жолмен өседі. Әсіресе Қандағар, Гелманд, Жалалабад, Логарда өте көп өседі. Қазір дүние жүзіндегі есірткі түрлерінің бірі-героин Ауғанстанда өсетін бәріне мәлім.
Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, одан айығу өте қиын. Әлеуметтік дертті, адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардабы соншалықты, күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі.
Қазір бұл есірткі туралы ой-өрісі кең, көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдардан, теледидардан, ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып, оның зиянды, қауіпті екенін жете түсінуде. Оған әуестенбеудің жолын іздеуде. Яғни бұл жағдай,бір жағынан бізді қуантады.Өскелең ұрпағымыздың көзін ашуға заманауи жаңа технологияның қарқынды дамуы да өз көмегін тигізді деп ойлаймыз.Тағы бір жақсы жағы,біздің ойымызша,медицина саласында да есірткіні пайдаланады. Яғни адамдарға ота жасаған кезде, және ауыр науқастарға ауруды көп сездірмес үшін де оны пайдаға асырады.
Нәтижесінде, уақытша болса да, қатты ауырғанды басатын көмегі бар. Өздеріңіз білетіндей Ауғанстан әлемдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайы төмен мелмекет болып саналады. Елімізде дәрігерлер тапшылығы, емхана, аурухана, дәріхана жетіспейтіндігі де еліміздің денсаулығының нашарлауына әкеп соқтықтырады. Қалаға алыс орналасқан аймақтарда ешқандай дәрі-дәрмектің болмауы, дәріхана, емхананың болмау салдарынан бүкіл ауыл болып есірткі пайдаланады.
Ауғанстанда үкімет тарапынан көптеген есірткіге қарсы шаралар жасалып жатыр. Кабул қаласында отбасылық есірткіден емделуге арналған емхана, ауруханалар жұмыс жасап жатыр. Бірақ ол жетімсіз. 32 млн. халқы бар Ауғанстанға ол жеткіліксіз. Есірткіні жасырын өңдеп, Пакистан арқылы басқа мемлекеттерге жібереді. Дүние жүзінен тарап жатқан барлық есірткінің 70% Ауғанстаннан шығады. Бұл- біздің елдің жастары үшін әрине өте қауіпті. Әрбір азамат қоғам тыныштығы,саулығы,өміршеңдігі үшін,нашақорлыққа қарсы тұруы тиіс.
Нашақорлық – бұл қоғамды улаған індет болып табылады. Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да, қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр. Нашақорлықтың зардабы өте көп. Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады, яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді. Адам ағзасына түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.Осының салдарынан әртүрлі ауруларға ұшырайды. Адам ағзасына түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.
Оның қызметін бұзады,уландырады.Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады. Есірткіні анда-санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады. Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофинзаттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын, әлсіз болып қалады. Қорытындылай келе айтарымыз, нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандары, ана-аналар және саналы жастар, әрбір елдің азаматтары шетте қалмауы керек. Ғасыр дертімен көп болып күресу керек. Дүниедегі ең қымбат ол – өз өміріміз. Салауатты өмір сүріп, спортпен айналысып, қоғамымызға пайдамыз тиетіндей азамат болып қалуға тырысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |