І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


МАЗАРИ-ШАРИФ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР



бет141/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   156
Байланысты:
treatise40283

МАЗАРИ-ШАРИФ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
Мохаммад Захир Саддам Хусейн ( Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Г.Т.Тилеужанова
Ауғанстан әлем халықтарын таңқалдырудан шаршамайды. Мазари-Шариф – Ауғанстанның төртінші ірі қаласы. Балх провинциясының орталығы. Балхтың 5000 жылдық тарихы бар. Қалада ауғанстандық барлық ұлттарының өкілдері тұрады, негізінен, тәжіктер мен өзбектер,сонымен,қатар түркмендер, хазарлар мен пуштундар.
Балх Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан.Онда екі миллион халық тұрады. Кең тараған тілдері – дари (тәжіктер мен хазарлар). Мұнда бірегей сәулет өнерінің құрылыс нысаны орналасқан, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұрагерлігінің тізіміне кірген. Бұл Көк мешіт немесе Аса құрметті Хазрат Әли мешіті деп аталады. Мешіт Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы және күйеу баласы, оның жақын серігі, төртінші және соңғы тақуа халиф болып табылатын Әли ибн Әбу Тәлибтің, болжам бойынша жерленген жерлерінің бірі деп саналады. Мешіттің босағасында “Әли – Құдайдың Арыстаны”– деген жазумен мәрмәр тақтасы орналасқан.
.
Мазари-Шарифтің ең үлкен ғажайыбы – бұл ақ кептерлер, бірнеше мыңдаған кептер мешіттің айналасында тіршілік етеді.Исламда, басқа да авраамикалық діндерде де - иудаизм мен христиандық сенімдегі секілді, кептер қасиетті құс болып есептеледі.Барлық кептер тек ақ түсті болып келеді.
Мешіттің ішкі бөлігінде әйелдерге паранжыларын шешуге рұқсат етіледі.
Көне мешітті бір уақыттары солтүстіктегі сыйлы этникалық өзбектердің көшбасшысы – генерал Абдулрашид Дустумның қаражатына өңдеген болатын.Осы мақсатқа ол 16 кг алтын бөлген болатын, бұл игі ісін Мазари-Шарифтің тұрғындары құрметпен айтады. Мешіт Бұхар стильінде жасалған. Ол құймалы керамикамен қапталған.


БАМИАНДАҒЫ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ КІРГЕН ТАРИХИ НЫСАНДАР
Мохаммди Мохаммад Назир (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тилеужанова Г.Т.
1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады .
Әлемдік мұра ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар.
2012 жылғы жағдайына сәйкес сәйкес Әлемдік мұра тізімінде 962 нысан.. Соның ішінде 745 мәдени, 188 табиғи және 29 аралас нысан бар. .Әлемдік мұраның негізгі мақсаты өз санатындағы ерекше болып табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Ауғанстанның 2 нысаны бар (2014 жылғы мәлімет бойынша). Бұл нысандар тізімге мәдени критерий бойынша іліккен.Олар Жам минареті (2002 жылы тізімге тіркелген) мен Бамиан алқабындағы Будданың мүсіндері (Кафиркала) (2003жылы тіркелген). Олардың аты: Салсал (биіктігі 53) және Шамама.(35)
Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Ауғанстан аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 4 нысан үміткер ретінде тіркелген, 3 нысан мәдени, 1 - табиғи критерий бойынша.Бамиан ежелгі кітаптарда Дан-Яң немесе Дан-ян деп жазылған. Арияндар Бамианды Бамикан, Памикан, одан кейін Бамиан деп айтқан. Ол Орта Азияда ,яғни Ұлы Жібек жолының бойында,Иран,Үндістан, Қытайдың жолында орналасқан. Көрікті жерлері Қырық қыздың сарайы, Қырық мұнара. Банде Амир – Ауғанстанның бірінші ұлттық саябағы, ол 1389 жылы салынған. Аждахар аңғарында пайдалы қазбалар көп. Онда көмір, мәрмәр, темір тағы басқа кен орындары бар. Бамианда Ауғанстан аумағында ең үлкен темір зауыты бар.Оның аты Хажигак.Ол жерде шамамен екі миллиард тонна темір бар. Бамиан аумағы шамамен 20000 шақырым, халқы 700000 адам.
Аңыз бойынша, Шыңғысхан алыс шалғайдағы өңірлерге жетіп, оның жасақшылары ұзақ метрлі Будда мүсіндерін тапқан. Сөйтіп бұл өңір Бамиан атанып кетті. Мүсіннің айбындығына таңқалған Әмірші оларға тиіспеуді бұйырды. Мүсіннің тарихы мұңлы. 2001 жылы оларды талибтер жарған болатын. Бірақ қазір мемлекет оны қайта қалпына келтіруге жоспар жасаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет