КӨПТІЛДІЛІК – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ Садад Сайд Музамел (Ауғанстан) Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ Ғылыми жетекшісі: Тастемирова Г.А., ф.ғ.к. Көп тіл білу – қазіргі заманның талабы. Мемлекеттердің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі таңда қай мемлекет болмасын шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде.
Көптілділік – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдениөмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бірғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек кездеседі. Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады. Мысалы, Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда мемлекеттерінде. Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, құрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Ауғанстан Ислам Республикасында да қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. Мысалы, Ауғанстан Пакистанмен шегараласатындықтан, оңтүстікке жақын аймақтағы облыс тұрғындары урду тілінде еркін сөйлей алады. Біздің мемлекетімізде кейінгі жылдары ағылшын тілін үйрену басталғандықтан көптілділік көбейіп келеді.
Білім беру жүйесінде қазіргі таңда шет тілдері алдыңғы қатарлы рөл атқарады. Үштілді білім беруге ұмтылу қазір барлық мемлекетте дамып, кең тарап келеді. Мен өзім төрт тілде еркін сөйлей аламын. Себебі, менің ана тілім-пушту тілі, өзім ауған-түрік мектебінде білім алдым. Мектепте парсы, түрік, ағылшын тілдерінде оқыдық. Жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде, гуманитарлық пәндерді түрік-парсы тілдерінде оқыдым. Сондықтан басқа тілді меңгеру де қиынға соқпайтыны анық. Маған қазақ тілін үйрену қиынға соқпады. Себебі мектепте оқыған тіліңнің грамматикасын білетін болсаң, басқа тілді де меңгеру қиынға соқпайды.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі ХХІ ғасырдың халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең көп қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.
«Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. «үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. бірақ үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды», делінген баспасөз беттерінде. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындайтын идея. қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. сондай-ақ, бүгінгі еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. біздің еліміз де сіздердегідей ауғанстанда да үш тілді қатар қолданамыз. олар: пушту тілі – мемлекеттік, дари тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кіру тілі болып саналады.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» -деп атап көрсеткен.
Қорыта айтқанда, қай заманда болмасын адамзат баласы ұлт боп қалу үшін бірінші, өз ана тілін жадынан шығармауы тиіс. Екіншіден, тілінен айырылған халық, ұлтынан да айырылады. Тіл жоқ жерде, ұлт та жоқ. Қазақ халқының ақыны Қадыр Мырзәлінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзімен аяқтағым келеді.