І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет94/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   156
Дамбыдағы «Амангелді». Колхоз Дамбы елді мекеніне 1956 жылы келіп қоныстанған. Бұл жерге көшіп келудің басты себебі: балық аулау флоты, аулау құралдары осы Жайық бойындағы МДС-та (моторлы балық аулау станциясы) қалады да, адамдар Забурынға кетеді. Екі аралық біршама жер. Флотты, аулау құралдарын дайындау, жөндеу жұмыстары қиындыққа соққан. Бұл жұмыстарды орындау үшін балықшыларға жылына бірнеше ай бойы үйінен бөлек Гурьев қаласында орналасқан МДС-та қызмет етеді. Сондықтан қалаға жақын жерге көшуді ойластырған ел ағалары осындай шешімге келген.
1962 жылы МДС таратылып, флот та, аулау құралдары да колхоздың өз меншігіне аударылған. Теңізден сеткамен балық аулауды тоқтатып, ставной неводпен майшабақ аулауға ғана рұқсат берілген. Содан болса керек балық аз болып, балықшыларға табыс өте төмен болған. Мал да аз, егін өнімі де мардымсыз болып халықтың әл-аухаты нашар күй кешкен. Колхоздың осындай қиын жағдайға тап болғанын Облыстық партия комитеті ескеріп, 1964 жылы Гословта болған Дамбы тартымын Амангелді колхозына пайдалануға беру туралы шешім шығарған. Осындай жоғарғы дәрежедегі еңбекті ұйымдастыру жолға қойылғанмен, алғашқы жылдары тартымнан ауланған балық көлемі 1968-1970 жылдар аралығында күрт төмендеп кеткен. Осы жайды байқаған сол кездегі колхоздың партия комитетінің хатшысы Мурсалимов Қабидолла (Шашен)«Су асты жер деңгейінің (рельефінің) өзгергенін, сол себепті тартымда тереңдік азайып, тайызға айналып қатты ағыс қарсы бетпен ағып отырғандығын» колхоз басқармасы мен мүшелеріне өз ойын айтып, мәселені сол кездегі управление бастығына жеткізген. Осы кісінің ойымен 1971 жылы күзде қазу жұмыстары жүргізілген. Қыруар қаржыны (28 мың сом) шығындандырған жұмыстың колхоз үшін мол табысқа кенелтетіні сол кезде көптің күмәнін тудырған. Шашен атаны да қыс бойы «қалай болар екен?» деген үлкен күдік мазалаған. Расымен де, шыққан шығынның есесі келер жылы көктемде бірнеше есеге қайтарылып, бұл тартымнан жылдан-жылға балық мол ауланған.
Балық аулау көлемі шұғыл өсуіне байланысты ауланған балық көлеміне сай колхозшылар табысы да артып, жағдай мүлдем өзгерген.
1971-76 жылдар аралығында колхозға басқарма болып Мүрсәлімұлы Қабидолла сайланады. Ол осы жылдарда колхоз экономикасы мен мәдениетінің қарыштап дамып, колхоз еңбеккерлерінің де тұрмыстық жағдайы оңалған кез болған. Қабиболла аға шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруымен қатар, ауыл мәдениетінің өркендеуіне де ерекше көңіл бөлген. Сол жылдары 80 орындық балабақша салдырып, 180 бала қамтылатын екі қабатты мектеп үйінің құрылысын бастаған. 1974 жылы 160 орындық мәдениет үйі мен колхоз басқармасы үйі салынып, пайдалануға берілген. Ескі, шағын шикі тас үйлердің орнына жаңа үлкен үйлер салынып, көгалдандыру, абаттандыру жұмысы жүргізілген. Ағаш көшеттері әкелініп, ағаш шарбақтар 10 данадан әр үйге тегін таратылған. Әр отбасы кем дегенде 3-4 түп ағаштан отырғызып, өсіру міндеттелінген.
Ауылдың күншығыс жағынан 500-600 метрдей жерде алма бағы бой көтеріп, өз жемісін берген. Кейін соған жалғас жүзім плантациясы отырғызылып, колхозшылардың дастарханынан жүзім мен алма үзілмейтін дәмге айналған. Жайыққа жақын тұсынан 8000 шаршы метрдей жылыжай салынып, қыс мезгілінде де қызанақ пен қияр дақылдарын халқының еркін пайдалануына мүмкіндік жасаған. Егін көлемі ұлғайтылып, 1972 жылы 120 га жерге егін салған. Егіннен жыл сайын 70-80 мың таза пайда алған.
Алма мен жүзім бағында Едіге Ғұмаров, жылыжай, егін шаруашылығында агроном Енсанов Дүйсенбай ағаларымыз өнімнің шығымдылығына, сапалығына жауапкершілікпен қарайтын маман-басшы екендігін әркез таныта білген. Облыс, аудан көлемінде егін шаруашылығы алғашқылар қатарында болып, жоғары табыс биігінен көріне білген ұжым болған. Облыстық ауылшаруашылығы жетістіктері көрмесінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алған жылдары көп екен. Егіншілік жұмыста ерен еңбектің үлгісін көрсете білген апа-әжелеріміздің есімдерін атайтын болсам: Әбілхайырова Мақташ, Әбілғазиева Әмина, Тілепбергенова Бима, Нысанғалиева Қалі, Жарылғасынова Қоңырша, Шаңбаева Қамида, Есқалиева Рухаш, Шынтаева Зияш, Әділбаева Бапытай, Әбілхайырова Күнсұлу, Сұпиева Раша, Тапенова Ұлпаш, Төлеуова Зүлпат, т.с.с. егіншілер есімі сол кездегі «Коммунистік еңбек» газетіне жарияланып, үлкен марапатқа ие болған.
Ата-бабамызбен бірге жасасып келе жатқан төрт түлігін өсіруді Амангелді колхозы қашанда жоспарлаған. Сонау 1934-35 жылдары Забурыннан бастау алған мал шаруашылығы жалғасын тапқан. 1964 жылы 84 бас аналық сиыры болса, 1972-73 жылдары оны 180-190 басқа өсірген. Жүз сиырға шаққанда 85-90 бұзау, әр сиырдан 2 мың литрге дейін сүт сауылған. Колхоз мал шаруашылығынан 30-40 мың таза пайда алған.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында амангелділіктер жанқиярлықпен еңбек етіп, майданға 92 мың 568 жылы киім жөнелткен. [1] Сондай-ақ Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының деректеріне қарағанда 1942 жылдың 1-ші мартында балық аулау жоспары 168 процентке артығымен орындалып, балықшы колхоздар Одағынан Ауыспалы Қызыл туды жеңіп алған. Колхозды ұйымдастыруға өздері жете араласып және де аштық, жоқшылық кезде, әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде бірнеше жыл бойы өмірін теңіз үстінде өткізген, қаншама қиыншылық көрсе де мойымаған, шын мағынасында ардагер ақиық ата- ағаларымның атын атап өтсем: Ізмағамбетов Дияр, Рахым, Сейтеш, Айшабозов Шамархан, Қарамалаев Жұмабай, Шаңбаев Шарапиден, Халханов Сүпиян сынды қариялар тәжірибелі балықшылар болған. Сонау соғыс жылдарында колхоз председателінің орынбасары болған, колхоз өмірінде ерекше орны бар, алғашқы ұйымдастырушылардың бірі – Төлегенов Тілепберген атаның есімін ел адамдары аса құрметпен атайды. [3]
Амангелділіктер өз еңбектерінің табысымен жеңісті жақындатуға атсалысқан ел. Сол кезде ауылда қалған жерлестеріміз өз көмектерін материалдық жағынан көрсете білген. Мысалы: Қызыл Армияға көмек ретінде танк коллоннасын жасақтау үшін Әжіғали Құрманбаев 150 мың сом, Сәрсенов Ізғали деген кісі 50 мың сом ақшалай көмек берген. Бұл адамдарға осы көмектері үшін «рахмет» айтып, Қорғаныс комитетінің председателі И.В.Сталин телеграмма салған. Бұл телеграммамен колхоз еңбекшілері 1943 жылдың 21 қаңтарында колхозшылардың жалпы жиналысында хабардар болған екен.
Соғыс аяқталып, көптің күткен ел тыныштығы орнады. Ұзын сапты күрекпен аудың қатты да, берік арқандарын сағынып қалған солдаттар енді салған зардаптарды жою үшін қиын да, жемісті жұмысқа кірісіп кетті. Олар Ұлы Отан соғысында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, ел патриоты болып оралған Арыстанов Мардан, Әбілғазиев Нәби, Бекмағамбетов Жардем, Есқалиев Нәбиғали, Ескалиев Әбілхайыр, Байзуллин Шора, Баймұқанов Каким, Тапенов Хамит, Орынбасаров Әмір, Мұратов Сәдер, Мұратова Шамшат, Әбілқасымова Узиға сынды соғыс ардагерлері еді. Ерлік әрқашан да өлмек те, өшпек те емес. 70 жыл уақыт өтсе де, ер есімін елі мәңгі сақтап, ауыл ортасынан Жеңісті жақындату үшін құрбан болып, майдан даласынан оралмаған боздақтарға арнап ескерткіш тақта орнатқан. Біз сияқты келер ұрпаққа қан майданда бейбіт өмір сыйлау үшін өлімнен қорықпай, Отан үшін от кешкенін ұмытпауға, ерлікке бас иіп, тағзым етуге арнап орнатылған ескерткіш тақтасының маңызы зор.
«Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды» деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай осылайша ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болған жерлестеріміз, яғни Ұлы Отан соғысына қатысқан колхоз еңбеккерлері, олардың ерлігі, тылдағы еңбекшілердің Отан қорғауға көрсеткен материалдық көмегі қазіргі жас ұрпақтың бойында өз ата-бабасына деген мақтаныш сезімін тудырары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет