І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет93/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін Қазақстан тарихы, Ч.Мусин, Алматы – 2005


2. БайпақовК. Ежелгі Отырар. – А., 1997.
ТУҒАН АУЫЛЫМ ТҰНҒАН ШЕЖІРЕМ


Мұстахимова Фариза Ғаділбекқызы (Қазақстан)
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Нусупбаева С.А., аға оқытушы

«Туған жер – алтын бесік» деген халық даналығының тереңіне үңілсем, неше уақыт өтсе де түрі мен түсін жоғалтпайтын алтындай бағалы, қасиеті мен киесі мол бесіктей қадірлі болатын кіндік қаным тамған топырағымның қымбаттығын сезінемін. Сезінемін де оның маған дейнгі ұрпағын тербеткеніне сан жылдар өтіп, талай сырға толы тарихты басынан өткергенін ұғынамын...


Иә, ата-баба шежіресін, туған жеріңнің кешегі тарихын, басынан өткізген ақиқатын білу үшін алдымен халық санасына, ғұламалар зерттеуіне, сонымен қатар сарғайған архив сөрелеріне, көне шежіре беттеріне үңілеміз.
Әрбір адамға ең жақын, ең қымбат, ең қасиетті мекені – туған жері және оның тарихы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» деген қағидасы осыны растайды. Қашанда көрегенділігімен дараланған көшбасшымыздың осы пікірін негізге ала отырып, мен де өзім туып-өскен ауылым, Атырау облысының бұрынғы Балықшы ауданына қарасты Дамбы елді мекенінде орналасқан Амангелді ауылының тарихы туралы сыр шертпекпін.
Забурындағы «Амангелді». Забурын селолық Кеңесі қазіргі Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылынан оңтүстік батысқа қарай 70-80 шақырымдай жерде. Аталарымыз отырған аймақта «Көкарна» деген үлкен өзек болған. Қазір тек сұлбасы ғана қалған. Заманында сол өзекке «Пароход кірген, парызды үлкен, кіші кеме, қайықтармен алты құлаш ақ таяудың ұшымен, ақ білектің күшіменен Көкарна бойын шарлағанбыз»,- деп көне көз қариялар еске алып отырған. Көкарна бойында балық қабылдайтын бірнеше батаға болған. Оны «Күйген», «Көзді арал», «Жіңішке арал», «Шәкір арал», «Ұзын арал» дегендей атаулармен атаған екен. Басқа жұмыстың реті келмеген жігіттер мен қыз-келіншектер сол жердегі батаға қожайындарына жалданып, нанын тауып отырған.
Ал мұрағат жазбаларында Амангелді атындағы колхоздың алғашқы ұйымдасуы мен өркендеуі – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы территориясында болған. Бұл өңірдегі негізгі шаруашылық балық аулау болғандықтан, алғашқы кезде «Рыболовецкое кредитное товарищество» деген серіктік құрылып, оған ауылдағы бар адамдар біріктіріле бастаған. Сөйтіп, 1929 жылы наурызда Забурын ауылдық советіне қарайтын әр түрлі серіктіктер құрылған [1]. Серіктік алғашқы құрылған жылы 120-130-дай ғана мүшесі болса, көп кешікпей серіктік мүшелерінің саны 1480 адамға жеткен. Колхоз құрылған жылы оған мүше болған адамдардың бірі – Құттығұлов Қайыр деген кісі болған. Ол өзінің Жарылғап және Жарылғасын деген екі ұлын колхозға мүше етіп кіргізу үшін өзінің атын сатып, қайық жасатқан. Сөйтіп өзі ау тоқып, екі баласын колхозға кіргізген.
1930 жылдың 5 шілдесінде бұл серіктіктен «Социалистік жол» атты колхоз құрылған. Оның алғашқы председателі болып Ерен Таспанов деген кісі сайланған. Ол сол кезге дейін ауылдық Советте председатель болған, орысша хат танитын адам болған.
1934 жылы қаңтар айында бұл колхоздан екі колхоз құрылады. Олар: «Социалистік жол» колхозы – Забурын орталығында және «Ораз» колхозы – Көкарна орталығында. 1935 жылы Ораз Исаев «Алашордашы» деп қуғындалып, үкімет басынан аластатылып, соған байланысты колхоздың атын өзгертіп, азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың есімімен аталады. «Ораз» колхозы қазіргі таңда тарихы жазылып отырған Амангелді атындағы колхоздың негізі болатын. Бұл – мұрағат дерегі.
Амангелді колхозын әр отбасы алдындағы жалғыз торпағын, колхозға керек деген құрал-саймандарын ортаға салып, ұжымдасқан. Елден жиналған ау құралдары, стойка, бударка қайықтары жөндеудің күшімен 1954 жылдарға дейін пайдаға асқан. Колхоз шаруашылығының негізгі саласы – балық аулау болды. Балық аулау және оны тапсыру түгелдей қол күшімен атқарылған. Жазда реюшка, жаға қайығы (бударка), қыста мұз үстінен ақанмен ақ балық, осетр аулау, тюлен соғумен айналысқан. Колхозға мүше болған балықшылар колхоз меншігіне 40-50 ірілі-уақты қайықтарын берген. Ат-шана, уақ құрал-саймандарын балықшылардың өздері сақтаған. Ақан сеткісін өздері тоқып, осетр мен тюлен аулау үшін балықшылардың әрқайсысы ат шанасымен 8-10 адамнан топтасып, мұз үстінде ай бойы, шанасын толық жүктегенше, жұмыс істеген. 1940-45 жылға дейін балықшылар қысты күні де теңізден балық аулаған. Оған жеке колхозшылардың жарау аты бар, ат шана әбзелдері толық адамдар ғана қатыстырылған. Әр шанада бір адам. Бұл жұмысқа өте тәжірибелі, қайратты, алғыр адамдарды ғана алған.
1934-35 жылдары «Ораз» колхозы болып құралғанда балықшылықтан басқа, төрт түлік өсіруді кәсіп еткен.Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі сынды мал басы 1941 жылдарға қарай көбейіп, ұжымдық шаруашылыққа пайдасын тигізген. Осыған байланысты Амангелдіден жаңадан «Родина» атты жылқы өсіру колхозы бөлініп шығады. Оған басшы болып Аюпов Арон деген адам сайланады.Арон атаның Отанға деген адалдығы, мемлекет мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қоюы, ұйымдастырушылық қабілеті, халқына жасаған қайырымдылығы, белгіленген жоспарды асыра орындау жолындағы қажырлы еңбегі ескеріліп, СССР Жоғары Кеңесінің шешімімен, сол кездегі ең жоғарғы награда «Ленин» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталады.
1934-39 жылдары Амангелді колхозының алғашқы басқарма төрағасы болып Төкен Доспаев деген кісі сайланып, одан кейін 1939-43 жылдары Даулетияров Қожабек, Төлегенов Тлепберген деген кісілер ұжымшарға басшылық жасаса, 1943-61 жылдары Бермағамбетов Жалмұқан сынды аталарымыз колхозды басқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет