І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет111/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер



  1. «Химия мектепте» оқу-әдістемелік журнал, – 2008.

  2. Б.А. Бірімжанов «Жалпы химия». – Алматы: – 2011.

ҚАРСАҚБАЙ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ
Бабырбек Ақерке Мұхамбетжанқызы (Қазақстан)
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Ғылыми жетекшісі: Өскембаев Қ.С., тарих ғ.к.

Осыдан 85 жыл бұрын 1928 жылы қазан айының 19-да бұл жерден алғашқы қара мыс алынған болатын. Қазақстанның мыс өндірісі де сол күннен бастау алады.


Бұл саяси-өндірістік зор жеңіс Ұлытау-Жезқазған тұрғындарын, Арқа елін, бүкіл Қазақстан халқын шексіз қуанышқа бөледі. Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының Орталық атқару көмитеті Қарсақбай комбинаты ұжымының ерлік еңбегін атап көрсете отырып, оны Қазақстанның жұмысшы-шаруа Үкіметінің Революциялық Қызыл Туымен марапаттады. Жаңа заводтың тұңғыш мыс беру салтанатына КазЦИК-тің Төрағасының орынбасары Әліби Жангелдин қатысты [1, 25].
Қарсақбай мыс комбинатын қалпына келтіру ісінде оның тұңғыш директоры Иван Деевтың, 1926- 1929 жылдардағы директоры Рудольф Дрейманның, «Атбасцветмет» тресі басқармасының төрағасы Константин Бронзостың жоғары біліктілік және ірі ұйымдастырушылық қабілет көрсеткенін ерекше атап өтуге болады.
Зауыт құрылысы 1913 жылы басталған, бірақ Қазан төңкерісі, бірінші Дүниежүзілік соғыс пен азамат соғысы оның жабылуына, кейін тіпті бұзылуына әкеп соқтырды. Алайда, елге мыс қажет еді. Мұны түсінген кәсіпорын директоры Рудольф Дрейман мен ұлы ғалым, атақты геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев зауыттың қайта қалпына келтірілуіне көп күш жұмсады [2, 15]. Зауыттың инфрақұрылымдардан алшақ болуы, мамандар мен құрылысшылардың тапшылығына қарамастан, Дрейманның басшылық етуімен зауыт қалпына келтіріліп, құрылысы соңына жеткізілді. Сәтбаевтың арқасында жалпы Жезқазған өлкесінің мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік туды - жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ ғалым бұл аймақты әлемдегі кенге бай мекендердің бірі деп атап көрсетті. 1928 жылы зауыт ашылып, алғаш мыс өндіргендірілген зауыт ретінде және отандық мыс балқытушылардың кейінгі жетістіктерінің арқасында тарихта қалды.
Өндірістің әр цехында, әрбір учаскеде өнертапқыштық пен инженерлік жаңалықтар ашуға үндейтін көрнекі құралдар, ақпараттық үнпарақтар- өндіріс тынысының сол кезеңдердегі негізгі көріністерінің біріне айналды. Қазіргі замандағыдай жалпылама, дерексіз жарнама емес, нақты, дәйекті ақпараттарға негізделген жарнамалар. Мысалы, «Өнертапқыштық бюлеттеньдерде» ашылған жаңалықтың (ұсыныстың) толық сипаттамасы, одан түсетін пайда, жұмсалатын шығын, авторларына дейін толық мағлұмат беріліп отырды. Мұражай қорында 1953- 54 ж.ж. «Рационализаторлық ұсыныстарды тіркеу журналы» сақталған [3]. Журнал мәліметтерін келтіретін: 1955 ж. бірінші жартыжылдығында зауыт бойынша барлығы 45 өнертапқыштық ұсыныс түсіп, оның 18-і бірден ( жедел) өндіріске енгізілген, 11-і кері қайтарылып, 16-ы қайта қарауға жіберілген екен. Ал, өндіріске енгізілген жаңалықтардың арқасында 127501 руб. қаржы үнемделген. Сол жылдың 9 айында тіркелген 105 ұсыныстың 40- ы өндіріске енгізіліп, зауыт жаңалықтардың арқасында еңбек өнімділігін арттырып, қол жұмысының үлес салмағын едәуір азайтқан және 320 мың руб. астам қаржы үнемдеуге қол жеткізген. Жаңалық авторлары да тиісінше ынталандырылып отырған.
1941- 1946 ж. вагон цехының бастығы Белковтың өндірісіне енгізген жаңалықтарының арқасында зауыт 300 мың руб. қаржы үнемдесе 1959- 65 ж. ж. зауыт бойынша үнемделген қаражат мөлшері 861 мың руб. құрады. Осындай іргелі өндірістік жаңалықтар арқасында Қарсақбайда өнертапқыштардың бірнеше буыны қалыптасып, кейін Үлкен Жезқазған мен Балқаш мыс алыптары үшін білгір инженер- техник мамандар тәрбиеленіп шықты және қарашаңырақта мыс өндірісінің тамаша технологиялары сынақтан өтіп, өмірге жолдама алды.
Қарсақбайдан шыққан «Қазақ ССР- інің құрметті өнертапқыштары» И.В. Малых, М. Тұрсыновтар, өндіріске жаңалық енгізуші К. Әлібаев, А. Әлібеков, Н. Белоусов, А. Ербосынов, Т. Ермағанбетов, Т. Смаилов, У. Мейрамов, А. Битенов, кейінгі жылдары өндіріске өздерімен бірге жаңалық әкелген М. Ли, Т. Әбдірахманов, Қ. Мәткенов, Н. Бұқабаев секілді білікті мамандар металлург кәсібінің шын майталмандары еді [4, 127]. Егер қарашаңырақтың қазанында тамаша өндірістік жаңалықтар өмірге келмесе өлке индустриясында дәл бүгінгідей өркендеу, Жезқазған мысының әлем мойындаған сапаға жетуі де мүмкін болмас еді.
Соғыс жылдары Қарсақбай мыс балқыту зауыты елдегі басқа да кәсіпорындар секілді әскери өнімдер шығаруға бағдарланды. Соғыстан кейін, 70- ші жылдардың орта шеніне дейін зауытта қара мыс өндіру ұдайы артып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет