І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ



бет109/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   156
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Әлменова Жания (Қазақстан)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ғылыми жетекшісі: Сатбекова А.А., п.ғ.м.

Мектепте алған білім баланың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беріп, оны шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы, философ Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.


Ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамыту, шыңдау қажет, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлан табу» дегенде келіп сыяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық, ашатын іс-әрекет» – деп түсіндіріледі. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалық», «бастамалық, белсенділік ұғымдары» астарлас қолданылып жүр.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше.
Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда қазақ баласының жаратылысы соны тілейді.
Осы шығармашылық қабілетті дамыту үшін сабақтың рөлі орасан зор. Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой-өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс-тәсілдері жеткілікті. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», – деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. 
Мектеп – халыққа білім беру ошағы. Сондықтан да мектептегі білім беру ісі – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Мектеп жеке тұлғаға білім беріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген мәселеде істен шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер тұлға даярлап шығуы тиіс. 
Сондықтан мектеп жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде, оқушыларға білім беру арқылы шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат етеді. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, білім берудің жаңа технологияларын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

  • Мұғалім сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы;

  • Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі;

  • Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі», – деп атап көрсете келе, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

  • Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

  • Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;

  • Шығарма, шағын әңгіме құру;

  • Сөзжұмбақ құру, шешу;

  • Қиялдау арқылы сурет салу;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту, қиялын ұштау, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруі мақсат етіп қою әр ұстаздың міндеті. Ол ұстаз оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Жас ұрпақ болашағының жарқын болуын шын тілеген ұстаз – ол шығармашыл, мамандығын сүйетін, өз пәнін жетік білетін адам. 
XXI ғасыр – білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез-келген кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады. 
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет