І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет112/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156
Қарсақбай металлургиялық зауытының жылнамасы
1908 жыл. Ағылшын инженері Горвей Жезқазғанның мыс кенін зерттеп, Лондонда акционерлердің жалпы жиналысында Жезқазған жерінде мыс кенінің үлкен қоры бар деп мәлімдеме жасайды.
1912. Ағылшындық АҚ Қарсақбайда мыс балқыту зауытын салу туралы шешім қабылдайды.
1913. 1913 жылы алғашқы 300 жұмысшы Қарсақбай зауытын, кен байыту фабрикасын және Қумола өзеніне субөгенін салу жұмыстарын бастайды.
1914. Ағылшындар Жосалыдан алға төселіп отыратын тар адымды жолмен теміржол керуенін жіберген. Құраманың ұзындығы 2,5 километр болды. Қарсақбай шатқалында кен байыту фабрикасының, 4 шахта мен мыс зауытының іргетастары қаланды.
1917. Құрылысы жүріп жатқан зауытқа арналған жабдықтар тиелген теміржол керуені Қарсақбайға келіп жетті.
1919. Төңкерістен соң, ағылшындар Қарсақбай зауытының құрылысын тастап Ұлыбританияға оралды. Кәсіпорын мемлекет меншігіне өтті. Алайда азаматтық соғыстың салдарынан талан-таражға түсіп, мүшһіл халге жеткен.
1922. Қарсақпай ревкомы Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіріп, іске қосу туралы ұсыныспен Мәскеу қаласына И.Деевті аттандырады. ВЧК Төрағасы Ф. Дзержинский ревкомның бұл ұсынысын қолдайды.
1925. Еңбек және қорғаныс кеңесі Қарсақбай комбинатын қалпына келтіру туралы қаулы қабылдайды. Оған Жезқазғандағы кеніштер, Байқоңырдың көмір кендері мен салынып жатқан зауыт кірген. Басқарушысы ретінде Иван Деев тағайындалады. «Атбасартүстіметалл» тресті құрылды. Болашақ аудан орталығы – Қарсақбай кентінің құрылысы басталды.
1926. Орталығы Қарсақбай жұмысшылар кенті саналған Қарсақбай ауданы ашылды.
1926 - 1928. Білікті жұмысшылардың жетіспеушілігінен қалпына келтіру жұмыстары мен құрылысын жүргізу оңайға түспеді. Оларды ел аралап іздеуге, бұрынғы көшпенділердің арасынан тауып, сол жерде оқытуға тура келді. Көпшілігін Оралдың кәсіпорындарында оқытты. Көлік тасымалы мәселесі де оңай болмады, сондықтан негізгі көлік құралы ретінде түйелерді пайдаланды. Оның үстіне Қарсақбайдағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болатын. Қарсақбайда жұмыстар басталған жылы Томск институтын бітіріп, мыс кеніне бай өлкеге жас геолог Қаныш Сәтбаев келеді. Оның басшылығымен Қарсақбай Жезқазған аймағының геологиялық-барлау орталығы болып қалыптасады. Сәтбаевтың арқасында Жезқазған өлкесінің келешегі зор екені айқындалды[5].
1928 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде шарпыма пеш тұтандырылды, алодан соң бір айдан кейін – 1928 жылдың 19 қазанында (23:00-де) – Қарсақбайдың ең алғашқы қара мысы алынды. Қазақстандық мыстың тарихы сол күннен бастап бастау алады. Ол кезде Қарсақбай зауыты жылына 5000 тонна қарасы мыс шығаруға есептелген болатын.
1929 - 1938. Қарсақбай кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді. Қарсақбай тау-кен металлургиялық техникумы ашылды. Мәскеуде Үлкен Жезқазған құрылысындағы проблемаларды қараған КСРО Ғылым академиясының сессиясы болып өтті. Нілді- Жезқазған темір жолы пайдалануға берілді.
1954 жылдың желтоқсан айы. ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жезқазған кенті Жезқазған қаласы ретінде өзгертілді.
1959. Жезқазған тау- кен металлургиялық комбинаты ашылды.
1963-1973. Қарсақбай мыс балқыту зауытының директоры болып Әбдірахманов Төлеген Мұсаұлы тағайындалды, ол кейінірек Жезқазған мыс балқыту зауытының еңбек ұжымын басқарды.
1974. Зауытта қара мысты өндіру ісі тоқтаусыз артып, 1974 жылы жылына 35,2 мың тонна дейін жетті.
1975. 1972 жылы Жезқазған мыс балқыту зауытының іске қосылуына орай, Қарсақбай мыс балқыту зауыты 1975 жылдың маусым айында мыс балқыту ісін доғарды. Кейінірек зауыттың директоры Қадыр Мәткенов пен Жезді партия аудандық комитетінің Бірінші хатшысы Мәкен Төрегелдин республика басшылығына мыс өндірісіндегі қайта құру өзгерістері болып жатқан жағдайлардың өзінде Қарсақпай кәсіпорнын сақтап қалудың қажет екендігін дәлелдей білді. Қадыр Мәткенов кәсіпорын ұжымын 1973 жылдан 2006 жылға дейін басқарды.
Қарсақбай металлургиялық зауытының бүгіні
Бүгінгі таңда Мұрат Мәткенов басқарып отырған металлургиялық зауыттың ұжымы тұрақты еңбек етіп, жоспарды орындап келеді. Зауыттың негізгі қызмет түрі детальдарды механикалық әдіспен өңдеу арқылы сұр шойын құймаларын шығару болып табылады. Зауыттағы құю-механикалық учаскесі- негізгі өндірістік алаң. « Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін шойын бұйымдарын шығару көлемі жылына 350 тоннаны құрап отыр. Зауыт « ЖТМ» ӨБ кен балқыту кәсіпорындарының жабдықтарына арнап қосалқы деталь бөлшектері түрінде 80 түрлі тауар өнімдерін шығарып келеді [6].
Құю- механикалық учаскеден басқа, зауытта мынадай қосалқы учаскелер жұмыс істеп тұр: су беру нысандары, электр бөлімі, экскаватор- бульдозер шаруашылығы, өндірістік-жылу беру қазандығы, техникалық қамсыздандыру бөлімі, жылумен сумен қамсыздандыру бөлімі, тұрғын үй- пайдалану учаскесі, Жезді кентінің өткізу базасы мен зауыттың басқармасы.
Зауытта 253 адам еңбек етеді. Зауыт тұрғындар мен басқа да ұйымдарды шаруашылық сумен, жылумен, көмірмен және электрқуатымен қамтамасыз етіп отыр. Зауыттың қарамағында субөгені, үш көпір, жолдар, 33 ғимарат пен нысандар, шамамен 100 тұрғын үй бар.
Қорытындылай келе, мен болашақта бұл мыс қорыту зауытының іске қосылғанын қалаймын. Тек бұл зауыт қана емес басқа да жабылып қалған немесе жарамсыз зауыттардың барлығына жөндеу жүргізіліп, барлығы іске қосылса нұр үстіне нұр болушы еді. Бұл зауыттардың қайта жұмыс жасауы сол елді- мекендерге ғана емес барлық Қазақстанға пайдасын тигізер еді. Яғни Қазақстан Республикасы Индустриясының жоғарғы сатыға шығуына жол ашады. Осы үмітім ақталар деген сенімдемін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет