ӘДЕБИЕТТЕР
Әлемдік мәдениеттің ой-санасы кітабы // А.Жақсылықов мақаласы: «Шаманизм» Он томдық. Алматы: Жазушы, 2006, 18б.
Шоқан Уәлиханов. Мақалалар мен хаттары. − Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1949, 29 б.
Өмірзақов Т. Қырық бір құмалақ. − Алматы. 2006, 185 б.
Сейілбек Сәкен. Қазақ фольклорының типологиясы. − Алматы: «Қыздар университеті» баспасы., 2013, 32 б.
Валиханов Ч.Ч. Собр.соч: в 5-ти т. − Алма-Ата, 1961, стр. 480.
Мелетинский Е.М. Поэтика мифа, стр. 213.
Соколова З.П. Культ животных в религиях. − Москва: Наука, 1972, стр. 92.
Қобыз атасы – Ықылас. Илья Жақанов мақаласы. Алматы: Рауан, 1993, 15 б.
СӨЗ ТІРКЕСІН СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дүйсенова Қ.Е. магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: Рахметова Р.С., п.ғ.д., доцент
Тіл біліміндегі сөз мағынасы мен оның тіркесімділігі арасындагы қарым-қатынас мәселесі қазіргі семасиология ғылымында оның тілдік табиғатың тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы сөз таптарының тіркес жүйесіндегі орнан анықтау үшін олардың семантикалық және грамматикалық белгілері негізге алынатыны белігілі. Сөз мағынасы мен оның тіркесімділігі арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыс – тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Кез келген толық мағыналы екі сөз бір-бірімен тіркесуі үшін олардың арасында грамматикалық сәйкестікпен бірге семантикалық байланыстың да болуы қажет. Сөз жеке, дербес өмір сүрмейді. Тіл жүйесінде сөздердін бір-бірімен өзара тіркесуі олардың мағыналық сәйкестігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан синтаксис пен семасиологияның арақатынасы сөздердің өзара байланысы негізінде анықталады.
М.Оразов сөз мағынасы мен тіркесімділігі арасындағы байланысты анықтауда «...сөздер әрі синтаксистік, әрі семантикалық жақтан байланысады. Байланысқа түскен сөздердің тым болмағанда бір семасы өзара сәйкес келуі не екінші бір сөздегі бір семаның байланыска түсу мүмкіндігі болу керек»[1,152] дегеи тұжырым жасайды. Сөздердің тіркесімділігі олардың арасындағы синтагмалык байланыс арқылы жүзеге асады. Бірақ тіркесімдідіктің жүзеге асуы тек синтагматикалық байланыспен ғана шектелмейді. Бүл үдерісте сөз мағынасының да маңызы зор. Сөз мағынасын аныктауда тіркесімділіктің маңызды екендігін орыс ғалымы Ю.Д. Апресян да ескеріп, сөздердің семантикалық ерекшелігіне сөздердің мағыналық ерекшелігі ретінде, не тіркесу ерекшелігі ретінде талданатындығын айтады [5,64]. Бірақ кез-келген сөздің мағынасы бір ғана тіркес құрамында көрінбейді. Белгілі бір сөз екінші бір сөзбен лексика-грамматикалық байланысқа түсіп, тіркес ішінде әртүрлі мағыналық қырынан танылады. Сондыктан сөйлем кұрамына енген сөздер арасында екі жақты байланыс болады: біріншісі – грамматикалық категориялар арқылы байланысъш, белгілі бір грамматикалык тұлғада тіркесуі, екіншісі – семантикалык жағынан байланысуы. Мысалы: Кешегі ауыл-ауылдан қалын, қол боп аттанған сабаудай-сабаудай жігіттердін, көбі қан сасыған дала төсінде көз жұмды (Н.Қапалбеков). Мұндағы тұрақты тіркес түрінде келіп баяндауыш қызметінде тұрған көз жұмды сөзі дала төсінде сөзімен тіркескенде бағыңқы сыңарының жатыс септігінде ғана тұруын талап етеді. Өйткені айтушы козғалыстың, қимылдың мекенін, орнын білдіруді мақсат етеді. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін қимыл үдерісінің мекенін көрсететін сөз (бағыныңқы) мекендік ұғымдағы жатыс септік тұлғасында келген. Бұл — сөз тіркесінің бірінші жағы, ал екінші жағы, яғни семантикасына келсек, дала төсінде көз жұмды тіркесі құрамындағы бағыныңқы және басыңқы сыңарлар өзара мағыналық бірлікте келіп, тығыз байланыста тұр.
Сөздердің бір-бірімен тіркесуінде олардың лексикалық синтаксистік сшггаксисгік жақтары өзара байланыста болуы қажет. Ал сөздердің лексикалық және синтаксистік тіркесімділігі семантикалык тұрғыдан мағынаның бір бөлшегі болып табылады.
Профессор К.Аханов «Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын толық мағыналы, кемінде екі сөздің тіркесі» деп, лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктің аражігін ашып көрсетеді. Сөздердің лексикалық тіркесімділігінін шеңбері олардың грамматикалық тіркесімділігінің шеңберінен шағын әрі тар болады. Сөз тіркесімділігін сөз тіркесінен ажыратуда ғалымдарымыз тіркесімділікке бірнеше анықтамалар береді. Мысалы, Ә.Аблақов бұл жөнінде: «Сөз тіркесімділігі дегеніміз ең кіші синтаксистік контекст құрауға негіз болатын, сөздің мағыналык сыйымдылығына сүйенетін грамматикалық конструктивтік (жалғастырушылық) қасиет, яғни тіркесімділік контексте, қос мүшелі тіркесте көрінеді» дейді [2,21]. Ғалымдар сөз тіркесімділігі көрінетін контекстерге сөздердің аналитикалық формаларын (жазып отырмын, өте жақсы т.б.), түйдекті тіркестерді (ермек үшін, телефон арқылы), сөз тіркестеріне предикаттық қатынастағы орамдар мсн жалаң сөйлемдерді (қаулы қабылданды, ол сөйледі) жатқызады.
Ғалым С.Исаев: «Тіркесімділік – сөздердің тек грамматикалық (синтаксистік) қызметі ғана емес, лексикамен, сөздердің ішкі мағына сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты. Сөздердің ішкі мағына сыйымдылығына қарай олардың тіркесімділігі артып, я кеміп отырады. Тегінде, сөздердің ішкі мағыналық шеңбері, көлемі тіркес арқылы ашылып, содан көрінеді. Осы жағынан сөздердің тіркесімділігі лексика-грамматикалық категория тұрғысынан зерттелуі тиіс. Синтаксистік (грамматикалық) өрісі мен семантикалық сыйымдылығын салыстыра отырып, соған сәйкес қарағанда ғана сөздердің тіркесімділік сыры толық ашылмақ» дей келе, жалпы тіркесімділікке үлкен маңыз беріп, бұл мәселеиің зерттелуі тек грамматикалық қана емес, сондай-ақ семантикалық жақтан да қажет екенін айтады.
Сөздерді жеке сөз таптарына қарай топтастырғанда олардың бірыңғай грамматикалық мағынасы негізге алынады. Ал грамматикалық мағынаның өзі сөздердің бір-бірімен байланысып, тіркеске түсуі нәтижесінде қалыптасады. Соның негізінде белгілі бір сөз табындағы сөздер екінші бір сөз табын құраушы сездермен тіркеседі. Әрине, жоғарыда аталып өткендей, барлық сөз таптарының бір-бірімен тіркесімділік қасиетін бірдей деуте болмайды. Мәселен, сөз таптарының ішінен етістіктің тіркесімділік қасиеті өте күшті, өйткені етістік барлық сөз таптарымш тіркесе береді (қалам берді, ызалана күлді, ертең келеді, жақсы айтты т.б.). Ал үстеу сөз табының тіркесімділік сипаты етістікке қарағанда әлдеқайда әлсіз, себебі ол барлық сөз табымен емес, олардың ішінде сын есім, етістіктермен ғана тіркесе алады. Соидай-ақ зат есім мен зат есім, сын есім мен зат есім, үстеу мен сын есімдер де бір-бірімен тіркеседі. Бұл олардың грамматикалық қасиеті болып табылады. Алайда сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде оның грамматикалық қасиеті ғана негізге алынбайды, сондай-ақ лексикалық қасиеті де ескерілуі керек. Себебі бір-бірімен тіркесімге түсетін сөз таптарының ішіндегі барлық сөздер өзара тіркес құрай бермейді, олардың арасында тіркесімге түспейтіи сөздер де бар. Мәселен, заг есім мен етістік сөз табы ретінде бір-бірімен жиі тіркесімге түседі. Бұл - олардың грамматикалық сипаты. Бірақ зат есім тобындағы кез келген сөз етістік тобындағы кез келген сөзбен тіркесімге түспейді. Мысалы, ойна етістігімен бала, доп (доп ойнады, бала ойнады) сөздері тіркеседі, ал кітап, гүл (кітап ойнады, гүл ойнады) сөздері тіркеспейді. Грамматикалық жағынан аталған сөздердің бәрі бірдей зат есімге жатады. Алдыңғы екі сөздің етістікпен тіркесімге түсуі олардың (бала ойнады, доп ойнады) грамматикалық және лексикалық жағынан да сәйкестігіне байланысты. Ал кітап, гүл сөздері ойна етістігімен грамматикалық жағынан байланысқанымен (зат есім ~ етістік), лексикалық жағынан бұл сөздердің арасында ешқандай мағыналық байланыс жоқ. Сондай-ақ сын есім мен зат есімдер туралы да осыны айтуға болады. Мысалы, жалпақ бет, жалпақ мұрын, жалпақ табан дегендегі жалпақ сын есімі мен бет, мұрын, табан т.с.с. зат есімдері тіркеседі, ал осы сын есіммен шаш (жалпақ шаш), көз (жалпақ квз) тәрізді зат есімдер тіркеспейді. Оған жалпақ сын есімі мен көз, шаш зат есімдерінің мағыналық жағынан жағынан байланыспауы негіз болады. Сөздердің, бір-бірімен тіркесуінде олардың грамматикалық жағынан байланысының жеткіліксіздігі осында. Белгілі бір сөз табындағы сөздер өзара тіркесімге түсіп, сөз тіркесі қатарында қолданылуында олардың грамматикалық жағының сәйкес келуімен бірге, лексикалық жағынан үйлесімділігі де маңызды болып табылады. Сөздер грамматикалық жағынан байланысқанымен, лексикалық мағыналарының арасында ешбір байланыстың болмауы олардың тіркесім жасауына мүмкіндік бермейді. Бұл жөнінде ғалымдар Ә. Аблақов, С. Исаев: «Сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде, сөз тіркесімділігінің жүзеге асуында сөздердің лексикалық мағынасы жағынан да сәйкестігінің атқаратын қызметі орасан зор» деп көрсетеді [2,22].
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:
берілген сөйлемдердегі сөз тіркестерін тапқызу, олардың бағыныңқы, басыңқы компоненттерін атату, қай сөз табынан болғанын дәлелдету;
сөздер бері, солардан сөз тіркестерін жасату, олардың қайсысы есімді сөз тіркесі, қайсысы етістік сөз тіркесі деп аталатынынт айтқызу;
есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қай сөз табынан жасалғанын сұрау;
етістікті тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қандай тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын сұрау;
өлеңді сөйлемдердегі сөз тіркестерін атау, олардың сөз тіркесінің қай түрі болып тұрғанын айтқызу және дәлелдету.
Сөздердің тіркесімділігі тілдік категория ретінде сөз семантикасымен тікелей байланысты. Жалпы сөздің тіркесімділік қасиеті өзі белгілейтін зат пен ұғымның арасындағы байланыс пен қарым-қатынас негізінде қалыптасады. Сөз семантикасы мен оның тіркесімділігі өзара қарым-қатынаста болады. Олардың арасындағы байланыс жөнінде В.Н. Телия былай дейді: «Когда семантика слов определяется на основе их значения в системе – как единиц лексико-семантической организации языка, а сочетаемостные свсйства на основе синтагматического соположеяия слов, безотносительно к коммуникативному компонешу языка (лексический аспект); изучшие в составе предложашя – высказывания, когда семантика слов определяется относительно их выбора для наимдаования онределеиного элемента сшуации, обо значаемой в данном высказывании, а сочетаемость – через определение зависимости однсй номжнации от другой номинации окружеиия. отражающего предметно-логические связи, вычленяемые в структуре ситуации (ситуативно-синтаксический аспект); когда значшия слов рассматриваются с коммуникативно- релевантными признаками их семантического содержаыия, а сочетаемость – на основе семантико-синтаксической связи между словами как элемеятами онределенной пропозиции» [3,246].
Зерттеушінің сөз семантикасы мен тіркесімділігі арасындағы қарым-қатынас туралы пікірінен тіркесімділік мәселесін тек лексикалық тұрғыдан ғана емес, грамматикалық тұрғыдан да қарастыру кажеттілігі байқалады. Ғалым Н.Д. Арутюнова сөздердің тіркесімділігін лексикалық тұрғыдан қарастыруда сөздердің сөйлемдегі байланысын негізге алады, ал лексикалық бірлік ретіндегі ерекшеліктерін анықтауды олардың мағынасына тәуелсіз түрде қарайды [3,249].
Жалпы сөздерге тән синтагмалық байланыс, яғни олардың арасындағы қатынас сөз семантикасына байланысты екендігі белгілі. Сөздің басқа сездерментіркесу мүмкіндігі және бұл мүмкіндіктің жүзеге асу жолдары сөздің белгілі бір сөз табына тән болуымен ғана емес, оның лексикалық мағынасына да қатысты. Сондықтан сөз мағынасы мен оның тіркесімділігін бір-біріненбөліп қарауға болмайды. Сөз семантикасының оның тіркесімділігіне негізделуі, сондай-ақ тіркесімділік сипатының өзгеруі оның мағынасының да өзгеруіне әсер етеді.Сөз мағынасы мен тіркесімділігінің аракатынасында сөз тіркесімділігі мен сез тіркесі ұғымдарының арасындағы ерекшеліктер де ескеріледі. «Сөз тіркесі – контекст, тілдік факт, конструкция, орам, ал сөз тіркесімділігі – жаллы тіркес атаулыны тудыратын фактор, себебі сөз тіркесі сөз тіркесімділігіне сүйеніп барып туады. Сөз тіркесі белгілі бір тілдік элементер үшін контекст болса, екінші жағынан тілдік (синтаксистік) единица болып есептеледі. Сөздердің тіркесімділік касиеті әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық сыйымдылығы мен грамматикалық сипатына негізделеді» [2,23].
Достарыңызбен бөлісу: |