Әдебиеттер
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты; 1215-қор, 231-іс, 4-байлам.
Исабаев О. Ғасыр перзенті. – Атырау, 1993.
Дәриев М. Есен бері аталық шежіресі. – Атырау, 2015.
Атырау энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 2000.
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Нұрғазы Жайдар, Толқын Мерей (Қазақстан)
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Нусупбаева С.А., аға оқытушы
Бүгінде әлем халқына мәдениетті біз үйреттік, өркениет бізден тараған деп жүрген еуропалықтардың бұл әңгімесі қаншалықты шындыққа жанасады? Шалбар киюді түркілерден үйренген кәрі құрлық халқына жалпы мәдениет қашан және қайдан келді? Расында да ата-бабаларымыз дұрыс жүріп-тұруды, әдемі киінуді, дәмді тамақтануды осы еуропалықтардан үйренген бе? Әрине, жоқ. Қайта Еуропа халқына қасық ұстауды, ерлеріне шалбар киюді үйреткен біздің арғы аталарымыз болатын. Ұлы Жібек Жолының келуімен мұндағы мәдениет пен өркениет мүлдем өзгерген.
Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына тасымалдады.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. «Ұлы Жібек жолы» деген атау 1877 жылы пайда болған.Бұл атауды неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен енгізді. Ұлы Жібек жолы арқылы түрлі халықтардың сауда, мәдениет, елшілік қатынастары дамыды. Бұл жол түрлі діни ілімдердің таралуына да себепкер болды. Ұлы жібек жолы Орталық Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен жалғастырып жатты. Б.з.д. I-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңіріне Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға,Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей баста-ған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, Иран кілемдері, асыл металдар-дан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердіңкөшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
X-XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті Ұрын-Арж тауы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған.Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу-Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген. Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы Ыстық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады. Жолдың осы бөлігінен археологтар Есік, Түрген, Лавар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектік төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің оң жағымен жол қазіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар. Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунғановка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді – деп жазады. Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Қойлақ) барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да тұрған. Ол жөнінде моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткен, Людовик IX елшісі, монах-сопы В.Рубрук хабарлайды. Қаялық – қарлықтар орталығы болған, IX ғ. - XIII ғ. бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлықтар қоластына қараған. Қаялық Қаратал өзені алқабында көзіргі Антонов селосының шет жағында тұрған. Рубруктың жазбаларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін жеткен.Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып, Шашқа, ал төмен қарай – Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Ургенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып кететін болған. Жібек жолының осы бөлігі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен жүретін болады. Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде орналасқан Шүйтөбе қала жұрты сәйкес келетін секілді. Казіргі Түркістан тұрған жерде, Шавгармен қатар X – XIII ғғ. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан дала-сын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Достарыңызбен бөлісу: |