ІІІ топ.Зерттеушілер: Бейбарыс туралы жазбаларда, оның қыпшақ елінен, алшын тайпасынан, Беріш руынан шыққаны жайлы анықтама деректер де бар. Шыңғысқанның шабуылынан бұрын, Сарыарқаның солтүстік батысынан бастап, Сыр өзенінің төменгі ағысымен, Маңғыстау түбегін, Еділ – Жайық аралығын қыпшақтар мекендеген, өзің мемлекеттік бірлестігін құрғанды. Ол мемлекет тарихта Дешті Қыпшақ аталады. Осы мемлекет құрамына тек қыпшақ руынан басқа Орта жүз, Кіші жүздің, яғни Алшын, Ноғай, Қарақалпақ Дон өзенінің төменгі ағысымен, Азов қаласының айналасында мекендеген түрліше түрік тектес рулардың біршамасы кірген. Бейбарыс қыпшақ қызы Тәж – Бақытқа үйленген. Одан Сайд хан Мұхаммед және Ахмет атты егіз ұлдары болған.
ІІІ тақырыпша. «Қолбасшылық қабілеті» І топ. Тарихшылар: Тарихи мәліметтерге қарағанда, Араб елдері ішінде, мұсылман елдерінде ислам дінінің екі бағыты, яғни сунеттер мен шииттер арасында ұзаққа созылған күрес болғаны анық. Тек уәли Арыстанның кезінде суниттер жеңіске жетті. Өз жасағының, өз басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін шетелдіктерден арнайы жасақтар құрылған. Ол жасақтардың қатары тұтқындалған түрік және шығыс халықтарының жастарынан толықтырылып отырылған.
Еуропалықтардың кресті жорығы кезінде сол тұтқын жастардың қатарында әскер басшысы болғаны, оның сұлтандығы кезінде Египет пен Сирия үлкен мемлекетке айналып, хал - ахуалдары жақсарғаны, крест жорығын талқандап, монғол басқыншыларына да тойтарыс бергені, араб, мұсылман елдеріне қорған болғанын жазған.
ІІ топ.Әдебиетшілер : Дамаскінің шаһарбасы 800 дирхемге сатып алады. Қарындасы ағасынан сатып ап: «Менің тура саған тартқан ұлым қайтыс болды. Сенің атың – Бейбарыс. Бар дүние – мүлік сенікі», - дейді. Аналық мейірімінің арқасында еркіндік алған Бейбарыстың бақыты енді ашыла бастайды. Көшпелі бәдәуилердің көмегімен қарақшылармен болған қақтығыста жас мамюк жеңіске жетіп сұлтан дәрежесіне дейін көтеріледі.
ІІІ топ. Зерттеушілер : Он жеті жыл бойы Египет пен Сирияның кресшілер жорығынан, монғол шапқыншылығынан қорғап, бөлшектенген ұсақ мемлекеттерді халифат - империя дәрежесіне жеткізген. Кез келген тақ иесі сияқты күдікшіл, кекшіл, қатыгезде болды. Бірде үлкен ұлы Сайд әкесіне даярланған дастарханның үстіндегі қып – қызыл қарбызға қызығып, жей берем дегенде сұлтан кіріп келеді. Баласы ұялып шығып кетеді. Бейбарыс қарбыздың бір тілімінің дәмін тартады да, уланғанын сезіп, оны баласынан көріп шариғат жолымен өлтіруге үкім шығарды. Кейін қарбызға у салған даяршы әйел екенін білгенде қатты өкінді. Ең жақын досы Ибрагим Сайдтың адалдығына сеніп тығып тастаған еді.
1227 жылы уәзірі Қалауында Меккеге апарып, Алланың қасиетті үйі Байталланың қасында тұрып: «Маған адалмысың, Алланың мешітінде ант бер», -
дейді. Қалауын ант су ішеді. Жолай Дамаскіге соғады. Оны білген Қалауын Шаһар бегіне жасарын: «Сұлтан ішетін тамағына у тамыз. Сирияның билігін түгел саған беремін» деп хат жазды.
Сөйтіп 7 күннен кейін Бейбарыс дүниеден өтті. Ол Дамаскідегі Баб – Әл – Барид зиратына жерленді. Бейбарыстың ұлы Сайдты, бақшада улы сусын беріп өлтірсе, екінші ұлы Ахметті жасанды қабырғаның астына қалдырып өлтірді.
Бейбарыстың жақтастарының бірін дарға асып, бірін у беріп өлтіріп, қалғандарын қудалады.
Қыпшақтан шыққан мамлюктер әулеті Египетті 1250 – 1517 жылдардың аралығында, 267 жыл билеп барып тарих сахнасынан ығысты.