И. Ялом (техникалық сарапшы, референт-қатысушы) бойынша топ жетекшісінің негізгі рөлдерін жіктеңіз


Топтық пікірталас және өткізу ережелеріне талдау жасаңыз



бет5/5
Дата28.11.2023
өлшемі25,03 Kb.
#131118
1   2   3   4   5
Байланысты:
61-65 тренинг

65.Топтық пікірталас және өткізу ережелеріне талдау жасаңыз.
Тренингтік топ — әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізетін адамдардың арнайы тобы. Мұндай топтың мақсаты – қатысушылардың тұлғааралық икемділіктер мен дағдыларын дамту, тұлғааралық қатынастардың нәтижелеріне кері әсерін тигізетін психологиялық кедергілерді жою.
Тренингтік топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды.. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік- психологиялық тренинг түсінігіне біріктіреді. «Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін, бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен
қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. .
Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері
Топтағы нормалар. Тренингтік топтарда өзіндік нормалар өнделген. Жетекші топты эффективті дамыту үшін нормалардың қажеттілігін түсіну қажет және сол нормаларды қатысушылардың қабылдауын, өндеуіне мүмкіндік жасай алу керек, сондай-ақ нормалар топтың мақсатына сай болуы тиіс. Әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды тренингтік топқа механикалық түрде жай ауыстыру, өнімді болып табылмайды және тікелей зиян келітіріп, антитерапевтік әсер көрсетеді.
Топтағы рөлдік позициялар. В.И.Сиободчикова «әлеуметтік рөл» және «ойын рөлі» түсініктерін бөлді. «Әлеуметтік рөл»-өзара әрекетте адамдарға жабыстыратын, байланыс және қатынасты талдау бірлігі, ойындық рөл-еркін, бірақ уақытша қауымдастықты талдау бірлігі. Топтағы қатысушылардың рөлдері жалпы талдаудың мәні болады немесе кері байланысты репрезентациялайды. Мұндай тәсілдер өзіндік сана-сезімді дамытуға және жабысқақ немесе конструктивті емес әлеуметтік рөлдерден босатуға мүмкіндік береді.
Топтық тұтастық түсінігі-топ мүшелерінің өзара эмоционалды тартымдылығын және топпен қанағаттанушылығын сипаттайтын топтағы тұлғаралық өзара әрекетті және өзара қарым-қатынастың беріктігінің, бірлігінің және тұрақтылығының көрсеткіші.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет