122. Абай Европадаәкімшілік құрған патша, король нәсілдерінің сарай тартысын білмек боп, кімнің романдарын көп оқиды?
A. Александр Дюманың
123. Африканың зәңгілері (қара түсті адамның барлығын Абай зәңгі деген бір атпен айтады) жайындағы сөздерді естімегені жоқ деуге болады. Неше алуан күшті, қызық романдарды сол жайынан айтатын болған. Осындай Абай айтқан әңгімелердің бірі –Африкада Ніл дариясы бойындағы бір Қасым деген құлдың плантатор байдан кек алуын баян ететін әңгіме. Осыны Абайдың мәслихаты бойынша қара сөзден әңгімелі өлең етіп шығарған кім?
A. Абайдың өз баласы Мағауия
124. Африканың зәңгілері (қара түсті адамның барлығын Абай зәңгі деген бір атпен айтады) жайындағы сөздерді естімегені жоқ деуге болады. Неше алуан күшті, қызық романдарды сол жайынан айтатын болған. Осындай Зәңгілер жайындағы Абай айтқан екінші қызық әңгіме «Зұлысты» өлең қып таратқан кім?
A. Абайдың өз баласы Ақылбай
125. Орыс классиктерінің ішінде Абайға үлгі беріп, үлкен ұстаздық еткен ақынның ең үлкені кім?
A. Пушкин
126. Абай «Евгений Онегинді» кімнен аударған?
A. Пушкиннен
127.Абайдың айтуынша– «ерекше ызаның ақыны», «махаббаты ашумен уланған» ақын кім?
A. Лермонтов
128. Орыс классиктерінің ішінде Абайды қатты сүйген ақын кім?
A. Лермонтов
129. Абайдың ертегі қылып таратқан Африкадағы ақ жұрт пен зәңгілердің алыс-тартысын көрсететін әңгімелері қалай аталады?
A. «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец»
130. Абай айтқан Африкада Ніл дариясы бойындағы бір құлдың плантатор байдан кек алуын баян ететін әңгіме қалай аталады?
A. «Медғат– Қасым»
131. Абай айтқан «Медғат– Қасым» әңгімесіндегі құл кімнен кек алады?
A. Плантатор байдан
132. Зәңгілер жайындағы Абай айтқан екінші қызық әңгіме қалай аталады?
A. «Зұлыс»
133. Абай «Вадим» поэмасын кімнен аударған?
A. Лермонтов
134. Осылардың қайсы Абайдың поэмасы емес?
A. «Ләйлі-Мәжүн»