158. «Шәкәрімнің бұл аудармасы Физули кітабының аудармасы емес, Шәкәрімнің жаңа бір Ләйлі мен Мәжнүні» деп баға берген ғалым кім?
A. Мұхтар Әуезов
159. Шәкәрім қашан, қай жерде,неше жасында қайғылы қазаға ұшырады?
A.1931 жылы 2 қазанда алты мүшел-73 жасқа қараған шағында Бақанаста
160. ГПУ-дың жендеттері оғынан жан тәсілім еткен Шәкәрім әулиенің тәні неше жыл бойы ойпаңдағы құрқұдық түбінде жатты?
A. Отыз
161. Шәкәрімнің 25 жасқа дейінгі өлеңдерінен бүгінге жеткені болымсыз. Өз айтуынша 30 жасқа келгенде бір күйзелісті хәлінде көп өлеңдерін өртеп жіберген екен. Шәкәрімнің сақталып қалғанының бірі– «Шын сырым» толғауы кімге арналған?
A. Сүйген жары Айғаншаға
162. Шәкәрім балалық және жастық шағында арнайы мектеп білімін алмағанына қарамастан, ерекше дарын-қабілеті арқасында қандай тілдерді жетік меңгерген?
A. Араб, парсы, орыс
163. Шәкәрімнің бірнеше тілді меңгеруі шығыс және батыс әдебиетіне жол ашты. Шығыс поэзиясы жұлдыздарының бірі – Физулидің қандай әйгілі дастанын қазақша сөйлетті?
A. «Ләйлә мен Мәжнүн»
164. Шәкәрім орыстың ұлы жазушысы кіммен хат жазысып, оның шығармаларын қазақша аударған?
A. Толстой
165. Шәкәрім Пушкиннің қандай шығармасын өлеңмен шебер тәржімелеп шықты?
A. «Дубровский»
166. «Абай шәкірттерінің ішінде ең көп жасаған да, ең көп жазған да –Шәкәрім» деп айтқан абайтанушы ғалым кім?
A. Қайым Мұхамедханов
167. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы қызметі туралы, 1988 жылы «Алматы ақшамы» газетінің 13-14 шілдегі санында жарияланған «Ақынның оралуы» атты зерттеу мақаланың авторы кім?
A. Ханғали Сүйіншәлиев
168. «Шәкәрімнің дүниетанымын терең танып білу үшін алдымен Абай мұрасын меңгеру қажет» – деп орынды пікір білдірген абайтанушы ғалым, Шәкәрімді тану мақсатында сүбелі үлес қосушылардың бірі кім еді?
A. Мекемтас Мырзахметұлы
169. 1991 жылы «Шәкәрім шежіресі» мен оның «Үш анығы» ал, 1993 жылы «Мұсылмандық шарты» атты еңбектерін құрастырып, алғы сөзін жазып, қалың оқырманның қолына тидірген ғалым кім?
A. Мекемтас Мырзахметұлы
170. 1991 жылы «Шәкәрім шежіресі» мен оның «Үш анығы» ал, 1993 жылы «Мұсылмандық шарты» атты философиялық туындыларын халыққа жеткізу үшін, араб жазу таңбасымен басылым көрген бұл кітаптарды орыс жазу таңбасына транслитерация жасап, жариялаудағы еңбегі зор ғалым кім?
A. Мекемтас Мырзахметұлы
171. «Төрт құбыламызды түгендейік» (Абай Шәкәрімнің дін туралы айтқан ойларын салыстырған мақала), «Ғашық жар деген кім еді?» – деген Шәкәрім шығармалырындағы сопылық сарын туралы қарастырған ғылыми мақалалардың авторы кім?
A. Мекемтас Мырзахметұлы
172. Шәкәрім шығармаларына қатысты өзіндік ойларын айтып, ақын өлеңдеріне талдау жүргізген,Шәкәрімнің қазақ әдебиетінде алатын орынын бағамдайтын «Өлең өрнектері», «Дәстүр жалғастығы»,«Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде алатын орны», «Шәкәрім – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақала жазып Шәкәрімді тануға өзіндік үлесін қосқан ғалым кім?
A. Зәки Ахметов
173.«Шәкәрім ұлы гуманистік, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі, Абай дәуірінен бастау алатын 20 ғасырдың басында кең арнаға түсіп, демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту етіп ұстап, ғылым мен техника жетістігін игеріп, еркін дамуын аңсаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік идеяларын, адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті, жақтауы зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі, түбегейлі арман-мүдделерін терең түсінуден туғаны анық» –деп, ақынның идеялық бағыт-бағдарын айқындауға тырысқан жолдардың авторы кім?
A. Зәки Ахметов
174. Шәкәрімтану мәселесіне қатысты 1988-2000 жылдар аралығында «Көкек өз атын шақырады», «Зогадочный человек», «Несший на своих плечах», «Великое наследие», Шәкәрімнің өмірі мен өліміне қатысты ақиқат пен аңызын айқындаған «Қаза қайсы, қас қайсы, таза қайсы» мақалалардың авторы кім?
A. Бейбіт Сапаралы