265.Қазақ ақыны, дала ойшылы Шәкәрім «ардың жолын» таңдаған, «әділетті» сүйген, «терең ойдың» иесі деп кімді атап өтеді?
A. Толстойды
266.Шәкәрім көп жыл ізденіп жазған қандай еңбегінде «ар ілімін» терең қарастырып, «ынсап, әділет, мейірім» ұғымдары арқылы «ұждан» мәселесін көтереді?
A. «Үш анық»
267. «Абайдың «Ғақлия» атанған қара сөзі барлық құрылыс қалпымен, шебер, шешен тілімен және өлеңдеріндегі ой-толғауының көпшілігін тереңдеп, еселеп, өсіріп жеткізуімен біздің әдебиеттегі тағы бір соны, қызықты жаңалықтың бірі болған. Мұнда да сыншыл, ойшыл Абай көрінеді. Орыс әдебиетіндегі Лев Толстойдың кейбір толғау үлгілеріндей, бірақ қазақ халқының өз тіршілігіндегі күнделік болмысынан туған аса бір алғыр, жүйрік, кейде шешен орамды мол бір әсер көрініп отырады» деген пікірдің авторы кім?
A.Мұхтар Әуезов
268. «Үш сауал» («Три вопроса») әңгімесін Шәкәрім кімнен аударған?
A. Л.Н.Толстой
269. «Крез патша» («Царь Крез») әңгімесін Шәкәрім кімнен аударған?
A. Л.Н.Толстой
270.Шәкәрімнің Толстойдан аударған қай әңгімесінде бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, оның тұңғиығында терең ой жатыр. Осы терең ой әңгімедегі көпті көрген қарияның «жақыныңа деген шын махаббат, жанның, рухтың мәңгілігі» туралы ой-толғамынан көрінеді. Әңгімеде мәңгілік тақырыптар қамтылған: жақсылық пен жамандық тақырыбы –«біреуге жамандық жасасаң, сен оны өзіңе жасадың»; өмірдің мәні туралы – «өмір барлық тіршілік иесіне бірдей»; бұл өмірдегі адамның рөлі: «сен өзің осы өмірдің бір ғана бөлігінің көрінісісің» немесе «ең маңызды іс – жақсылық жасау, адам бұл өмірге жақсылық жасау үшін жіберілген»?
A. «Асархидон-Лаэли»
271. «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. Абайды әлемге әйгілеу үшін Шәкәрім қандай қажет болса, Шәкәрімнің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» – деп, Ш.Құдайбердіұлының ұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы жайлы пікір қалдырған
A. З.Ахметов