Лекция а Сабақтың тақырыбы: Абайдың әдеби мұрасы ә Сабақтың мазмұны



Дата14.10.2023
өлшемі21,31 Kb.
#113702
түріЛекция
Байланысты:
15 дәріс


15 апта
15. Он бесінші лекция
а) Сабақтың тақырыбы: Абайдың әдеби мұрасы
ә) Сабақтың мазмұны.
Абай өлеңдерінің жазылу кезеңдері. Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты ұстанымы. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы Абай жинағының құрылымы. «Абай термесі» (1916) жинағы.
1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933, 1945, 1955 жылғы жинақтары, кейінгі басылымдары. Абай шығармаларының 1955 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген толық академиялық басылымы.
Мұхтар Әуезовтің Абай шығармаларын жинап, толтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы. Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі.
Абайдың әлеуметтік лирикасы. Абай өлеңіндегі ел мінезі, заман кейпі. Абайдың көңіл-күй, сезім, ғашықтық жырлары. Ән өлеңдері. Арнау сөздері. Абай поэзиясының сатиралық қыры. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.
Абай қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтардың түріктік, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.
Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі, ерекшелігі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Қ.Жүмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.
Абайдағы 6 буынды, 8 буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары. Абай қара сөздерінің жанрлық сипаты. Абайдың қара сөзге келу жайы. Абайдағы ислам негіздерін ұғындыру. Абай қара сөздеріндегі дін, дүниетаным жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына ортағасырлық түрік әдебиетінің ықпалы.
Абай ақындығы туралы XIX ғасыр соңындағы, XX ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. Жиырмасыншы жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайлов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.
Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының абайтанудағы орны.
М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі.
З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ж.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері.
Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңі жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық кіптапханасы мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері, т.б.
Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаматқанов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.
Абайдың ақын шәкірттері.
Ақылбай Абайүлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдрахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жармақ батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.
Мағауия Абайұлы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. «Медғат-Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.
Көкбай Жантайұлы (19-863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың «Абай – ақындардың ұстазы» деген естелігі. «Абайға», «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Сараң байға», т.б. арнау өлеңдері. «Сабалақ» дастаны.
Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек болысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы Шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан-Сара» айтысына қатысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет