99.Абайдың күйлерін атаңыз
A. «Торы жорға», «Май түні», «Абай желдірмесі»
100.Абайдың әжесі кім?
A. Зере
101.Абайдың анасы кім?
A. Ұлжан
102.Абай туралы «Сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деген жолдардың авторы
A. Мағжан Жұмабаев
103.Абайдың «Атадан алтау, Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ...» деген қай өлеңінің жолдары?
A. «Сегіз аяқ»
104.Мына жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдердің қайсы Абайдікі емес?
A. «Көктем»
105.Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
A. Гетеден
106. «Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін» –деген үзінді
Абайдың қай өлеңінен?
A. «Күз»
107. «...Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды» –деген үзінді
Абайдың қай өлеңінен?
A. « Қыс»
108. «...Шұрқырап жатқан жылқының,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар,биелер
Бүйірі шығып,ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап.
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап» –деген үзінді
Абайдың қай өлеңінен?
A. «Жаз»
109. «...Жаздың көркі енді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен» –деген үзінді
Абайдың қай өлеңінен?
A. «Жазғытұрым»
110. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырзаны, қазақ ішінде Абай деп атайды.Сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік.Һәм Алланың берген ақылы да, бұл қазақтан бөлек дана кісі еді» деген кімнің сөзі?
A. Шәкәрім Құдайбердіұлы
111. Шығыс елінде қай жылға дейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған?
A. 1889 жылға