135. Абай шығармаларының барлық қор, нәрі үлкен неше арнадан құралады?
A. Үш
136. Абайдың ғашықтық жайын айтқан жырларында «Айттым сәлем Қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» сияқты өлеңдері –қандай үлгіде жазылған жырлар?
A. Қазақ әдебиетінің бұрынғы үлгісінде
137.Абайдың «Көзімнің қарасы», «Хор болды жаным» сияқты өлеңдері қандай сарынмен жазылған шығармалар?
A. Шығыс ақындарының үлгі сарынымен
138.Абай «Ауылдың жаны терең сай», «Қызарып, сұрланып», «Білектей арқасында өрген бұрым» сияқты ғашықтық жырларын қалай жырлайды?
A. Өзгеше бір мәдениетті ақын үлгісімен жырлайды
139. Абай творчествосының үш қайнар көзі,тірегі бар деген тұжырымды пікір айтқан қай ғалым?
A. М.Әуезов
140. Абайдың ең соңғы –орыс жазушысының ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэмасы қалай аталады және оны кімнен аударған?
A. Лермонтовтың «Вадимы»
141. Абай аударған осы аудармалардың ішінде қайсысы Крыловтікі емес?
A. «Бородино»
142. Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда қандай принципті ұстанды?
A.Ықшамдау
143. Белоруссияда Абайдың қандай кітабы белорус тілінде жарық көрді?
A. «Дала еркіндігі»
144. Кезінде:«Абайдың орыс классиктерінен алған өте бір құнды әдісі – сөз арқылы қаһармандарының мінез-құлық, ішкі сыр-сипатын ашу. Бұл – психологиялық суреттеуде ерекше әдіс», – деген ғалым
A. Қажым Жұмалиев
145. Ұлы ақынымыз Абайдың ой маржандары Кеңес үкіметі кезінде орыс тіліне аударылып, 15 республикадағы қанша ұлтқа таралды?
A. 150 ұлтқа
146. Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңнің көлемі екі тілде де – неше жолдан тұрады?
A. 16 жолдан.
147.Пушкин, Лермонтов, Крыловтар – ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді. Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндардың аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуының себебі неде?
A. Ақындық дарындарының жетпейтіндігінде