245.Шәкәрім «Дубровский әңгімесін» бастамастан бұрын «Сөз алдынан» деп неше жолдан тұратын кіріспе бөлім береді?
A. 124 жол
246.Пушкинді қырда қазақша сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. Шәкәрім Пушкиннің қандай хикаяларын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп берді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттеді?
A. «Дубровский» мен «Боран»
247.Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесі» 1908 жылы жазылған деп айтқан кім?
A. Қайым Мұхамедханов
248.Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесі» қай жылы жеке кітап боп басылып шығады?
A. 1924 жылы
249.Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесі» қай жылы, қай жерде жеке кітап боп басылып шығады?
A. 1924 жылы Семейде
250.Қай жылы, Қазақтың көркем әдебиет баспасынан Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесін» қосып жіберген А.С.Пушкиннің таңдамалы өлеңдер жинағы шығады?
A. 1935 жылы
251.Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары, XX ғасырдың бастапқы қай жылдар аралығы болған?
A. 1903-1910 жылдар
252.Қазақтың көркем әдебиет баспасынан Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесін» қосып жіберген А.С.Пушкиннің таңдамалы өлеңдер жинағы шығады.Осы жинаққа «Дубровский әңгімесін» қосып жіберген кім?
A. Бейсенбай Кенжебаев
253.Қазақтың көркем әдебиет баспасынан Шәкәрімнің «Дубровский әңгімесін» қосып жіберген А.С.Пушкиннің таңдамалы өлеңдер жинағы шығады.Осы жинақты құрастырушы кім?
A. Бейсенбай Кенжебаев
254.Шәкәрімнің қай аудармасынан үзінді?
…Жер айналмай тұрмайды дүние жай,
Келер, кетер адамзат із қалдырмай.
Сол өткен көп заманның бір кезінде,
Болыпты Троекуров деген бір бай.
Осы бай Русияның шетінде екен,
Күнбағыс заграница бетінде екен.
Өлшеусіз жер, санаусыз ақшасы көп,
Сүйтсе де тағы жұтпақ ниетінде екен.
Бұл кезде ол заманның заңы қызық,
Бар еді бір әдеті тіпті бұзық.
Кәдірлі қолы жеткен мықтылардың,
Құлы боп жүруші еді тамам мұжық.
Дейтұғын «Покровский» қышлағы бар,
Жазылған құлы болып көп мұжықтар.
Тамам бастық, соңынан итше ереді,
Ұлығы ол заманның ақшақұмар......
A. «Дубровский»