Ибраһим Жетінші қара сөзде не туралы айтылады? Құмарлық Абайдың әжесінің аты қалай?Зере «Жүрегім менің қырық жамау»


Әуезов «Абай» туралы романды жазуға қай жылдан түбегейлі отырады? A. 1937 жылдың аяғы, 1938 жылдың басында 374



бет43/72
Дата19.11.2022
өлшемі335,13 Kb.
#51258
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
373.Әуезов «Абай» туралы романды жазуға қай жылдан түбегейлі отырады?
A. 1937 жылдың аяғы, 1938 жылдың басында
374.Әуезов «Абайдың» бірінші кітабын толықтай қашан бітіріп, баспаға ұсынады?
A. 1940 жылдың күзінде
375.Әуезов «Абайдың» бірінші кітабын толықтай бітіріп, баспаға ұсынады. Бұл кезең туралы өзінің күнделігіне кім: «1941 жылдың басында бір барғанымда Мұхтар өте қуанышты еді. Кездесіп, әңгімелесе бастағанымыздан-ақ: «Мен биыл үлкен жұмыс бітірдім. Абай туралы біраз жылдан бері жазып жүрген романымның бірінші кітабын бітіріп, баспаға бердім. Бұған дейін ірілі-уақты бірсыпыра жаздым ғой. Мына романым соның бәрінен өзге, жазушылық қызметімнің бір биік белесі. Адам өзінің әр жұмысына, біріне аз, біріне көп дегендей, әртүрлі қанағаттанады, түрліше риза болады. Мен бұрынғы жазғандарымның ешбіріне бұл романыма қанағаттанғандай қанағаттанған, риза болған емес едім. Бұған бір айрықша қанағаттандым» дегенді айтты», – деп жазып қойған екен?
A. Бейсембай Кенжебаев
376.Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторы Бейсембай Кенжебаевқа: «Абай» – ескілікті көксейтін роман, авторы да сенімсіз. Мұндай романды жарияламау керек. Бірақ Әуезовке басқадай сылтау айтып, кітабын қайтарып жібер», – деп тапсырма беген кім?
A. Орталық комитет
377.Қай сыншы «1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, республиканың мәдени өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болды», – деп жазды?
A.Дандай Ысқақұлы
378.М.Әуезовтің «Абай» романын оқығаннан кейін «Сені әдебиеттің полковнигі деп атаймын. Есейген Абайды білуші едім, бала Абайды білмеппін», – деп хат жазған кім?
A. Бауыржан Момышұлы
379.М.Әуезовтің «Абай» романын оқығаннан кейін: «Абайды» өзім оқып шыққаннан кейін жолдастарға беріп оқытып жатырмын. Жұрттың бәрі де романды зор табыс деп қуанышпен қарсы алды», – деп 1942 жылдың қыркүйегіндегі хатында жазған кім?
A. Мәлік Ғабдуллин
380. «Абай жолына» ең әділ бағаны берген де, талдап мақала жазған да кім?
A. Ғабит Мүсірепов
381. Кім «Абай жолы» роман эпопеясы туралы : «Эпопеяда Абайдың өзін былай қойғанда, Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы, Тоғжан, Әйгерім, Ұлжан, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, Майбасар секілді сол дәуірде, сол ортада өмір сүрген прототипі бар кейіпкерлер мейілінше, мол. Солармен қатар Дәрмен, Дәркембай, Иса, Иіс, Сейіт, Салтанат секілді түгелдей дерлік ойдан шығарылған кейіпкерлер де аз емес. Және оларды осылай екі топқа тек шартты түрде бөлуге болады. Өйткені, олардың арасынан жарылып айырылғандай пышақ кесті жік табу қиын», – дейді?
A. Зәки Ахметов
382. «Абай жолы» роман эпопеясы туралы Заки Ахметов қай мақаласында: «Эпопеяда Абайдың өзін былай қойғанда, Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы, Тоғжан, Әйгерім, Ұлжан, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, Майбасар секілді сол дәуірде, сол ортада өмір сүрген прототипі бар кейіпкерлер мейілінше, мол. Солармен қатар Дәрмен, Дәркембай, Иса, Иіс, Сейіт, Салтанат секілді түгелдей дерлік ойдан шығарылған кейіпкерлер де аз емес. Және оларды осылай екі топқа тек шартты түрде бөлуге болады. Өйткені, олардың арасынан жарылып айырылғандай пышақ кесті жік табу қиын», – деген?
A. «Абай жолы» қалай туған?»
383. «Көркем шындық бар, өмірлік шындық бар. Тарихи өмірлік шындық біткен жерден көркем шығарма басталады. «Абай жолы» – көркем шығарма. Біз Абайға келгенде тарихи шындық пен көркем шындықты айырбастап алдық. Маған салсаңыз, «Абай жолының» төрт кітабының ішінде бірде-бір өмірлік тарихи шындық жоқ дер едім. «Абай жолын» мен де талай оқыдым. Білмей айтып тұрғаным жоқ. Ал көркем шындық тұрғысынан алғанда бірде-бір өтірігі жоқ....» – деген әуезовтанушы қай ғалымның пікірі?
A.Тұрсын Жұртбай
384. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов майданда жүрген кімге: «Абай ауданына жүрейін деп отырмын. Бұл барыста романның екінші кітабына керек пейзаж көріністер, табиғат ерекшелігі сияқты бояуларды, әсіресе, айырықша жия қайтармын. Бұрын роман жазбай жүргенде өз ауданымызды жалпы біліп жүргеніміз жеткілікті сияқты еді. Арнап, қадағалап суреттеуге кірісем дегенде, қайта қарап сол Жидебай, Түйе өркештерді қайтадан көріп алу сияқты мақсаттарым бар», – деп хат жазған?
A. Мәлік Ғабдуллин
385. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов майданда жүрген Мәлік Ғабдуллинге қай жылы, қай күні: «Абай ауданына жүрейін деп отырмын. Бұл барыста романның екінші кітабына керек пейзаж көріністер, табиғат ерекшелігі сияқты бояуларды, әсіресе, айырықша жия қайтармын. Бұрын роман жазбай жүргенде өз ауданымызды жалпы біліп жүргеніміз жеткілікті сияқты еді. Арнап, қадағалап суреттеуге кірісем дегенде, қайта қарап сол Жидебай, Түйе өркештерді қайтадан көріп алу сияқты мақсаттарым бар», – деп хат жазған?
A. 1943 жылы 11 шілдеде
386. «Мұхтардың «Абайына» шын мағынасында сын айтуға мен де жүрексінемін. «Абай» романын неше рет қайталап оқысам, сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқамай кеткен тереңдік табам», – деп дер кезінде айтылған ең тұжырымды пікірдің авторы
A. Ғабит Мүсірепов
387. Мұхтар Әуезов дүниеден өткенде табытының басында тұрып, Ғабит Мүсірепов «Өмір күнде мереке емес, ренжіткен жеріміз болса кешір», – деп кешірім сұрады деседі. Ғабеңнің бұл әрекеті туралы: «Сол күні де, содан кейін де Мұхтар Әуезовтің аруағының алдында Мүсіреповтен басқа ешкім әлгіндей сөз айтқан емес. Ғабит басқалардан айыбы көп болғандықтан емес, ақылы көбірек болғандықтан кешірім сұраған шығар», – деп жазған
A.Әбіш Кекілбаев
388.«Абай жолы» роман эпопеясын алғашқы талқылау туралы Әуезов кімге жазған хатында: «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір ғылым адамдары боп талқылап, танымақшы боп жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті. Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркімі әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Сол жиылыстың ең соңында күн бойы үндемей отырған Ғабит Мүсірепов жиылысты басқарып отырған Сәбит Мұқановқа келіп, бір ауыз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» – деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырқау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді», – дейді?
А. Ілияс Омаровқа
389. 1942 жылы баспа директоры Бейсембай Кенжебаев тәуекелге бел буып, басын қатерге тігіп, ешкімге айтпай «Абай» романын баспаханаға теруге жібереді.Кітаптың сүйінші данасы шыққан күні «Социалистік Қазақстан» газетіне рецензия жазады. Романның шыққанын жұрт сол күні бірақ біледі. Тіпті «Абайының» халыққа жетуін көптен күтіп жүрген Әуезовтің өзі сол күні естиді. Сүйінші хабарды Бейсембай Кенжебаев көзіне жас алып тұрып жеткізген. Ғалымның бұл әрекетіне: «Міне, осындай қысталаң, өзексіз тар, өңезе кезеңде Бейсембай Кенжебаевтың тәуекелі – қайталанбас рухани ерлік, қайталанбас кісілік», – деп баға берген әдебиет зерттеушісі кім?
A.Құлбек Ергөбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет