400. «Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы тұңғыш рет қай жерде көрсетілген?
A. Ойқұдықта
401. «Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасына көрермен ретінде, әсіресе, ондағы билер сценасына сынын, пікірін айтқан,«Мұхтар,қарғам!Билер жүгінісін көрсетуің әлсіз, бұрынғы билердің дәстүрінше олай емес, былай болатын» –деп, Мұхаңа мәнді-мәнді ақыл-кеңесін төккен
A. Шәкәрім Құдайбердіұлы
402. Оразбайұлы Медеу Шәкәрім мен Мұхтардың ақылымен қай жерде мектеп салады?
A.Ақтан бұлағынан
403. Оразбайұлы Медеу кімдердің ақылымен 1922 жылы Ақтан бұлағынан мектеп салады?
A.Шәкәрім мен Мұхтардың
404. Оразбайұлы Медеу Шәкәрім мен Мұхтардың ақылымен Ақтан бұлағынан қай жылы мектеп салады?
A.1922 жылы
405.....«Абай жолы» романының өз бойында Абай әділеттік етер жиын топ ішінде, оның қарсысында жарып сөйлер сөзімен, ықты- жарды тыңдамас кесек ісімен «Жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді Оразбай» отырады. Мұхаңның бұл суреттемесі қиял дүниесі емес, өйткені, Оразбайды Мұхаң тірісінде көрген. Тұрағұлқызы Ақыш естелігінде Мұхаң Оразбай немересі Санияздың үйінде 1918 жылы айлап жатып, Оразбай әулетімен араласта болғанын айтады» деп жазған қарт шежіреші
A. Бекен Исабаев
406.Большевиктер қолынан, қайғылы қазаға ұшыраған қазақ милициясының бастығы Қазы Нұрмағамбетовті жерлеу рәсіміне орай ұйымдастырылған қаралы митингіде: «Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер... Және өздерің де бұл оқиғаға қажымандар. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көрермін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем де арманым жоқ» –деп жалынды сөз сөйлеген кім?
A. Шәкерім қажы
407. Большевиктер қолынан, қайғылы қазаға ұшыраған қазақ милициясының бастығы Қазы Нұрмағамбетовті жерлеу рәсіміне орай ұйымдастырылған қаралы митингіде Шәкерім қажы: «Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер... Және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көрермін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем де арманым жоқ» –деп жалынды сөз сөйлеген болатын деген үзінді «Тұңғыш құрбан» атты кімнің мақаласынан алынған?
A. Бейімбет Майлиннің