Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет32/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
 
 
§20. Макроскопиялық жұмыс 
1. Газдың қайсыбір мөлшері жылжымалы поршень астында цилиндр ыдыс 
ішінде болсын. Енді макроскопиялық жұмысты қарастырайық. Механикада 
жұмыс деп күші әсерінен дененің орын ауыстыруын 
айтамыз. Егер дене күшінің әсерінен нөлге ұмтылатын 
өте аз орын ауыстыру жасаса, ондабұл күштің 
жұмысыншексіз аз немесе элементар жұмыс деп 
атаймыз. Сонымен, элементар жұмыс былай анықталады: 
 
Газдың шексіз аз квазистатикалық ұлғаюы немесе 
сығылуы кезіндегі атқарылатын элементар жұмысты 
қарастырайық, бұл кезде газдың көлемі өте аз шамаға 
өзгерсін. Газдың поршенге түсіретін қысымының күші , мұндағы -
dx 
PS 
16-сурет. 


52 
поршеннің ауданы. Егер поршень арақашықтығына орын ауыстырса, онда 
газ мынадай жұмыс атқарады: 
Егер екенін ескерсек, онда 
20.1) 
(20.1) өрнек кез келген дененің көлемі квазистатикалық өзгерген жағдай үшін 
тура болады. 
2. Элементар жұмыстан 
толық жұмысқа өту үшін мына интегралды 
есептеу керек: 
(20.2) 
(20.1) және (20.2)-өрнектер көлемнің өзгерістері кезінде газдың атқаратын 
жұмысын сипаттайды. Бірақ процесс квазистатикалық болуы керек. (20.2)-
интегралдау үшін қысымның көлемге байланысты өзгеруінің нақты түрін 
білу керек. Газ қысымы тек көлемге ғана емес температураға да 
тәуелді. Процесс барысында жүйенің температурасын әртүрлі әдістермен 
өзгерту арқылы жүйені квазистатикалық бір күйден екінші күйге өзгертуге 
болады. Осы әр әдіске функциясы және (20.2) формуладағы 
интегралдың шектері сәйкес болуы керек. Сонымен, жұмысын жүйенің 
бастапқы және соңғы күйлерін нақтылау арқылы анықтауға болмайды. 
Жұмыстың шамасы жүйенің бастапқы күйден соңғы күйге өтуінің әдісіне 
және жолына тәуелді. Демек, жұмыс күй функциясы емес. Егер физикалық 
шама жүйенің әр күйінде нақты мәндерге ие болса, онда ондай шаманы күй 
функциясы деп атаймыз. Мысалы, термодинамикалық тепе-теңдік күйіндегі 
жүйенің температурасы күй функциясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет