5
6. Температура дененің ішкі күйінің макроскопиялық сипаттамасы болып
табылады. Бұл ұғымның бір немесе аздаған атомдардан, молекулалардан
тұратын жүйе үшін мағынасы болмайды.
Бұл ұғым негізінен
термодинамикалық
тепе-теңдіктегі
көптеген
атомдардан
немесе
молекулалардан тұратын жүйелер үшін, демек макроскопиялық жүйелер
үшін қолданылғаны дұрыс. Бірақ, температура ұғымы термодинамикалық
тепе-теңдік күйіне жетпеген жүйелерді сипаттау үшін де қолданылып
жүр.
Сонымен, температура дене немесе денелер жылулық тепе-теңдікке
келгенде теңесетін физикалық шама.
Бақылау сұрақтары:
1. Температура ұғымы туралы не білесіз?
2. Термодинамикалық және жылулық тепе-теңдік ұғымдарын түсіндіріңіз.
3. Термодинамикада қандай жүйелер оқшауланған деп аталады?
4. Термидинамиканың жалпы бастамасын тұжырымдаңыз.
§2 Термоскоп және температуралық нүктелер
1.Термоскоп. А және В денелерінің температураларының бірдей немесе
әртүрлі екендігін анықтау үшін оларды жылулық жанастыру міндетті емес.
Ол үшін осы екі денемен кезек-кезек жанастыруға болатын үшінші С денесін
қолдануға болады. Бұл әдіс А және В денелері бір бірімен химиялық
реакцияға түскенде де олардың температураларын салыстыруға мүмкіндік
береді.
Егер С денесі А және В денелерімен жылулық тепе-теңдікте болса, онда А
және В денелері бір бірімен жанасқанда жылулық тепе-теңдікте болады.
Басқаша айтқанда С денесінің температурасы А
және В денелерінің
температурасына тең болса, онда А және В денелерінің температуралары
бірдей болғаны. Егер С
денесі өте кішкентай болса, онда А және В
денелерімен жанасқанда С денесі олардың температураларын айтарлықтай
өзгертпейді. Бірақ С денесінің температурасының өзгерісі өте үлкен
болуы
мүмкін. Мұндай С денесі А және В денелерінің температураларының бірдей
немесе әр түрлі екендігін анықтауға мүмкіндік беретін
«сынақ дене»
қызметін
атқарады.
Осындай
екі
немесе
бірнеше
денелердің
температураларының бірдей немесе әр түрлі екендігін анықтау үшін
қолданылатын кішкентай С денесі
термоскоп деп аталады.
Бұл жерде С
денесінің өте кішкентай болуы өте маңызды. Керісінше болса, онда С денесі
сыналатын денелердің температураларын өзгертіп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: