10
2. ИДЕАЛ ГАЗДЫҢ МОЛЕКУЛА-КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§4.Идеал газ
Молекулалық физиканың көптеген құбылыстарын
қарастырғанда атом
ішіндегі процестердің кванттық сипаты ғана емес, сонымен қатар атом
құрылымы да ескерілмейді. Біз массасы мен көлемі аз көптеген
молекулалардан тұратын жүйелерді қарастырамыз. Мұндай жүйелерді
теориялық тұрғыда қарастыру өте күрделі. Себебі, ол үшін
барлық
молекулалардың бір-бірімен әсерлесу күштерін ескеру қажет. Егер
молекулалардың қозғалысын механика заңдарына бағынады деп есептесек,
онда кез келген молекулалық жүйені толық сипаттау үшін берілген күштер
әсерімен барлық молекулалардың қозғалысы туралы механикалық есепті
шығару керек. Демек, саны жүйедегі молекулалар санынан үш есе көп
қозғалыс теңдеулерін жазып шешу керек. Егер 1см
3
көлемде қалыпты
жағдайда
молекула болатынын ескерсек, онда мұндай теңдеулер
санын жазудың өзі көп уақыт алады. Молекулалар санының көптігі әрбір
молекуланың қозғалысын жеке-жеке қарастырудың
керек еместігін
көрсетеді. Бөлшектер саны осындай көп болғанда, олардың қозғалысын
сипаттайтын физикалық шамалардың (жылдамдық, энергия,...) орташа
мәнімен шектелуге болады. Молекулалық жүйелерді
қарастырғанда осы
әдісті қолданамыз.
Заттардың агрегаттық үш күйінің ішінде газ тәріздес күй ең қарапайым.
Себебі газ молекулалары арасындағы күштер өте әлсіз және көптеген
жағдайларда әсерлесу күштері ескерілмейді. Молекулалық физика курсында
молекулалар арасындағы күштер тіптен жоқ, молекулалардың өлшемдері де
елеусіз, демек материялық нүктелер деп қарастырылады. Мұндай
жуықтаулар газ молекулаларының еркін екенін көрсетеді. Демек, олар түзу
сызықты бірқалыпты қозғалады. Әрбір молекула
ыдыс ішінде өзінен басқа
молекулалар жоқ сияқты қозғалады.
Бір-бірімен әсерлеспейтін материялық нүктелер жүйесі ретінде
қарастырылатын газдар –
идеал газ деп аталады. Сонымен, идеал газға
мынадай қасиеттер тән болуы керек:
- молекулалардың өлшемдері елеусіз материялық нүктелер ретінде
қарастырылады;
- молекулалар
бір-бірімен әсерлеспейді;
- молекулалар түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Заттардың агрегаттық күйлерін атаңыз және олардың негізгі қасиеттерін көрсетіңіз.
2. Идеал газдың анықтамасын тұжырымдаңыз.
3. Идеал газға тән негізгі қасиеттерді атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: