Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет7/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
3. Кельвин шкаласы. Эксперименттік зерттеулердің нәтижесі судың 
қайнауының және мұздың балқуының қалыпты нүктелеріне қарағанда судың 
үштік нүктесінің Т
ү
қайталануы жақсырақ екендігін көрсетті. Сондықтан 
температуралық шкаланы бір реперлік нүкте арқылы жасау туралы 
халықаралық 
келісім 
жасалған. 
Абсолюттік 
термодинамикалық 
температуралық шкаланың (Кельвин шкаласы) анықтамасында судың үштік 
нүктесінің температурасы 273,16 К екендігі айқын көрсетілген. Бұл жағдайда 
А тұрақтысы былай анықталады: 
 
Үштік нүктенің температурасының мәні мұздың балқуының және судың 
қайнауының қалыпты температураларының айырымы 100 К болатындай 
таңдалған. Өлшеулер мұздың балқуының және судың қайнауының қалыпты 
температуралары осы шкалада шамамен 273,15 және 373,15 К болатынын 
көрсетті. 
4. Цельсий шкаласы. Физикада және техникада абсолюттік шкаламен 
қатар Цельсий шкаласы да қолданылады. Цельсий шкаласы екі реперлік 
нүктелер арқылы құрылады: 1- мұздың балқуының қалыпты нүктесі, 2- 
судың қайнауының қалыпты нүктесі. Цельсий шкаласы абсолюттік шкаладан 
нөлдің орыны (0 К) бойынша ажыратылады. Егер t – Цельсий шкаласы 
бойынша алынған темпертура болса, T – Кельвин шкаласы бойынша алынған 



температура, онда осы екі шкаланың көрсетулері арасында мынадай 
байланыс бар: 

Бақылау сұрақтары: 
1. Термометрлік шама және термометрлік дене ұғымдарын түсіндіріңіз. 
2. Температуралық шкала жасау принциптері. 
3. Цельсий және Кельвин шкалалары. 


10 
2. ИДЕАЛ ГАЗДЫҢ МОЛЕКУЛА-КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ 
 
§4.Идеал газ 
 
Молекулалық физиканың көптеген құбылыстарын қарастырғанда атом 
ішіндегі процестердің кванттық сипаты ғана емес, сонымен қатар атом 
құрылымы да ескерілмейді. Біз массасы мен көлемі аз көптеген 
молекулалардан тұратын жүйелерді қарастырамыз. Мұндай жүйелерді 
теориялық тұрғыда қарастыру өте күрделі. Себебі, ол үшін барлық 
молекулалардың бір-бірімен әсерлесу күштерін ескеру қажет. Егер 
молекулалардың қозғалысын механика заңдарына бағынады деп есептесек, 
онда кез келген молекулалық жүйені толық сипаттау үшін берілген күштер 
әсерімен барлық молекулалардың қозғалысы туралы механикалық есепті 
шығару керек. Демек, саны жүйедегі молекулалар санынан үш есе көп 
қозғалыс теңдеулерін жазып шешу керек. Егер 1см
3
көлемде қалыпты 
жағдайда
молекула болатынын ескерсек, онда мұндай теңдеулер 
санын жазудың өзі көп уақыт алады. Молекулалар санының көптігі әрбір 
молекуланың қозғалысын жеке-жеке қарастырудың керек еместігін 
көрсетеді. Бөлшектер саны осындай көп болғанда, олардың қозғалысын 
сипаттайтын физикалық шамалардың (жылдамдық, энергия,...) орташа 
мәнімен шектелуге болады. Молекулалық жүйелерді қарастырғанда осы 
әдісті қолданамыз. 
Заттардың агрегаттық үш күйінің ішінде газ тәріздес күй ең қарапайым. 
Себебі газ молекулалары арасындағы күштер өте әлсіз және көптеген 
жағдайларда әсерлесу күштері ескерілмейді. Молекулалық физика курсында 
молекулалар арасындағы күштер тіптен жоқ, молекулалардың өлшемдері де 
елеусіз, демек материялық нүктелер деп қарастырылады. Мұндай 
жуықтаулар газ молекулаларының еркін екенін көрсетеді. Демек, олар түзу 
сызықты бірқалыпты қозғалады. Әрбір молекула ыдыс ішінде өзінен басқа 
молекулалар жоқ сияқты қозғалады. 
Бір-бірімен әсерлеспейтін материялық нүктелер жүйесі ретінде 
қарастырылатын газдар – идеал газ деп аталады. Сонымен, идеал газға 
мынадай қасиеттер тән болуы керек: 
- молекулалардың өлшемдері елеусіз материялық нүктелер ретінде 
қарастырылады; 
- молекулалар бір-бірімен әсерлеспейді
- молекулалар түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Заттардың агрегаттық күйлерін атаңыз және олардың негізгі қасиеттерін көрсетіңіз. 
2. Идеал газдың анықтамасын тұжырымдаңыз. 
3. Идеал газға тән негізгі қасиеттерді атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет